28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет45/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Лев Никитич Пушкарев
тарихи деректерді 
топтаудың жаңа нұсқасын ұсынды. Айта кету абзал, оның топтауы көпшіліктің 
көңілінен шықты. 
Ол тарихи деректерді 
жеті топқа
бөлді:
 
1) заттай (археологиялық); 
2) жазбаша; 
3) ауызша(фольклор); 
4) этнографиялық; 
5) лингвистикалық; 
6) фото, киноқұжаттар; 
7) фоноқұжаттар. 
Топтаудың екі негізі бар,бірі–ақпаратты кодтау(способ кодирования 
информации) әдісі, екіншісі–деректің қай гуманитарлық ғылымның еншісінде 
екендігінде. Бұл нұсқа ғалымдар үшін ыңғайлы болғанымен, кейбір 
кемшіліктері ойландырмай қоймайды. Мысалы белгілібір дерек екі бірдей 
топқа жатуы мүкін. Ауызша және этнографиялық деректер арасында кейде 
айтарлықтай айырмашылық болмай қалады. 
Кейін ол тек қана жазбаша деректерді он топқа бөлді:
1) жылнама; 
2) заңнамалық актілер; 
3) іс қағаздары; 
4) акт материалдары (грамота); 
5) статистика; 
6) мерзімді баспасөз; 
7) жеке тұлға құжаттары (мемуар,күнделік, хаттар); 
8) көркем шығарма; 
9) көсемсөз және саяси шығармалар; 
10) ғылыми еңбектер. 
1981 жылы Москва Университетінің профессоры 
Иван Дмитриевич 
Ковальченко 
тарихи деректерді топтаудың тек қана ақпаратты кодтау әдісіне 
негізделген, жетілдірілген нұсқасын жариялады
.
Оның пікірінше берлық 
деректер небары төрт топқа жіктеледі: 
 
1) заттай; 
2) жазбаша; 
3) бейнелейтін; 
4) фоно. 
Оның екінші бір жаңалығы жазбаша деректерді екі топқа бөлуі. Ол 
ғылымға
бұқаралық
және
жеке тұлғалық 
(массовые и индивидуальные 
источники)
деректер 
деген 
түсінік 
кіргізді. 
Біріншісіне
–статистика,іс 


38 
қағаздары,актілер сияқты бұқаралық,қоғамдық жүйелерге байланысты 
туындаған құжаттарды жатқызды. Ал 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет