46
қатарархитектуралықескерткіштерді де пайдалануға болатындығын айтып
отыр.
Архитектуралықдеректер көп жылдар бойы археологиялық деректердің бір
саласы болып келді. Кеңес заманындаархеологтар бұрынғы КССРО
территориясындағы көптеген қалалар орнына қазба жұмыстарын жүргізді.
Мысалы, С.П.Толстов көне Хорезм маңайындағы қала орындарын зерттеді.
А.Ю.Якубовский, Б. Б. Пиотровский Тейшебаини, М. К. Каргер сияқты
зерттеушілер орыс қалаларының орнында қазба жұмыстарын жүргізді, сөйтіп
тарихшылар үшін орасан зор деректік мәні бар материалдар берді.
Архитектуралықдеректерді бірнеше топтпарға бөлуге болады. Бірінші топқа
көне заманда салынған ғимараттар, бекіністер және қорғандар кіреді. Келесі
топқа орта, жаңа және қазіргі заманда бой көтерген,мемлекеттік дәрежеде
сақтау және пайдалану статусын алған ғимараттар жатады. Теміржол, көпір,
тасжолдарын да,оның бойында салынған ғимараттарымен қоса бір топқа
жатқызамыз. Бұл дүниеден өткен белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштер
деархитектуралықғимараттар санатында. Оның өзі мазарлар,мовзалейлер,
құлыптастарға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: