44
жартастағы суреттерқұрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі. Суреттердің
арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле
көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-
сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің
көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік
дәуірін сипаттайды.
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан
солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегіндегі үңгір
қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында
салынған суреттер табылған. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б.
суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер,
үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің
құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.
Қапшағай таңбалы тасы Іле арнасының жарқабағындағы суреттер мен жазулар.
Б.з.б. ІІ ғасыр мен б.з. ХІІІ ғасырлары аралығында ойып салынған. он сегізінде
жазу бар. Олардың негізгі бөлігі – ежелгі тибет жазуы түріндегі дұғалар мен
ежелгі түркі әліпбиімен жазылған моңғол тіліндегі жазулар. Мұндағы ежелгі
түркі жазбалары әлі оқылып болған жоқ. Қапшағай таңбалы тасы ескерткішінің
ең белгілісі – Үш Бурхан суреті.
Қаратаудың Қойбағар, Арпаөзен, Майдамтал, Үлкентұра, Қысан, Жыңғылшақ,
Ақсу-Жабағылы, Қошқарата, Сүйіндіксай т.б. шатқалдары мен сай-
ларындакөне суреттер көптеп ұшырасады. Жалпы саны – бірнеше мың. Олар
тік, қия жартастар мен ірілі-ұсақты қойтастарға қашап салынған. Онда аңдар
мен хайуанаттардың нобайлары, байлық пен күштің нышанын білдіретін түйе
кескіні, аңшылық көріністері, батырлар жекпе-жегі орын алған. Арбаларға
жегілген аттар, түйелер сирек ұшырасады.
Қойбағар таңбалы тасы – Оңтүстік Қаратаудағы тасқа қашалған суреттер.
Қойбағар суреттері Шымкент облысындағы Созақ ауданы, Сызған кеңшарының
оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдерінде (теңіз деңгейінен 700 метр
биіктікте) орналасқан. Суреттердің көп бөлігі қойтастарға салынған. Саны
1200-ден астам. Ондағы суреттер саны 3045-ке жетеді. Негізінен жабайы аңдар
мен жылқылар, арқар, таутеке, адамның жабайы бұқаға, ешкіге аңшылығы, бір
топ иттің ешкілерге шабуылы бейнеленген. Суреттердің кейбіреуі көлемі
жағынан тіпті үлкен болып келеді. Мысалы, кейбір түйе суреттерінің ұзындығы
1-2 метрге жетеді.
ХVІІ–ХХ ғасырлардақазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және
суретшілерін қызықтырды. Т. Аткинсон,Б. Залесский, А. Горонович, В.
Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов сияқтылар өз
шығармашылығын қазақ тақырыбына арнады.Ш. Уәлихановтың суреттері
деқазақ графикалық туындылрының алғашқы құнды үлгілері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: