28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Көккесене, Алаша хан



Pdf көрінісі
бет54/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Арыстан баб, Қожа Ахмет Яссауи, Көккесене, Алаша хан, 
Дәуітбек, Тек-тұрмас
сияқты кесенелер жатады. 
Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған 
Арыстан баб ата
қабірінің басына 
салынған кесен осы күнге дейін көрген адамды таң қалдырады.Аумағы 30х13 
метр яғни 390 шаршы метр.Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана,азан 
шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне 
бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен 
салыстырғанда едәуір биік.Қабір үстіне алғашқы белгі ХІІ ғасыр шамасында 
салынған. Мазар ХІV ғасырда қайта жөнделген. 
Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
– аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның 
ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені – 50 метрге 
жуық, порталдық аркасының ұзындығы – 18,2 м) және бірнеше күмбезі бар. 
Оның орталық залының төңірегіне түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме салынған. 
Жамағатхана (мұнда қазан тұруы себепті қазандық деп аталған) күмбезінің 
ұшар басына дейін есептегендегі ғимараттың биіктігі – 
37,5 метр
. Сыртқы 
қабырғалардың қалындығы – 1,8–2 м, қазандық қабырғаларының қалындығы – 

метр. 
Бұл 
зәулім
ғимаратқазандық,үлкен 
ақ-сарай,кіші 
ақсарай, 
құдықхана,кітапхана,асхана,көрхана,мешіт 
сияқты 8 түрлі бөлмелер тобынан 
тұрады. 
Әлемдегі еңтаңқаларлық архитектуралық ескерткіш 
«Ұлы қытай Қорғаны». 
Екі жарым мың жылдан астам тарихы бар Қытай қорғаны адамзаттың сәулет 
өнері тарихындағы ғажайып кереметтердің бірі.Жалпы ұзындығы 6700 км 
артық. Екінші бір деректе 8 851,9 км десе, үшінші бір деректе оның 
ұзындығын21 196 шақырымға жеткізеді. ТолщинаҚорған құрылысынабір мил-
лионға жуық адам қатынасқан, Мұның өзі солкездегі Қытай халқының бестен 
бір бөлігі еді.Б.э.д. 770–221 жылдар аралығында салынған. Минәулеті 1368 – 
1644 жылдарысолтүстігіндегі көршілері – шүршіттер (маньчжур) мен 
моңғолдардан қорғану үшін сол заманның ең озық техникасын пайдаланып, 
қорғанды ұзарта түсті. Қытай қорғанының бүгінгі күнге дейін бүлінбей жеткен 
5000 километрден астам бөлігі сол Мин дәуірін-де жөнделіп, жаңадан 
тұрғызылған. Мұның негізгі бөліктерінің орташа биіктігі 7 – 8 метр, табанының 
ені 6,5 метр, үстіңгі жағының ені 5,8 метр. 
Қорғанның үстінде әр 100 метр сайын 2–3 қабаттан тұратын қарауыл мұнарасы 
салынған. 


48 
Алайда солтүстіктегі көшпелі жауынгер халықтарға ол ешқандай тосқауыл бола 
алған жоқ. Ғұндар,түріктер,қидандар,моңғолдармен шүршіттер (маньчжурлер) 
қорғаннан өтіп, отырықшы елдермен емін-еркін саяси, мәдени және сауда 
байланыстарын жүргізді.Әуелі олар Қытай жерінде Вэй (табғаш), Ляо (қидан), 
Юань (моңғол), Цинь (маньчжур) империяларын құрып, Қытайды көптеген 
ғасыр биледі.
1961 жылы ҚХР үкіметі қорғанның көптеген тұстарын қайта қалпына келтіріп, 
мемлекет қорғауына алды, ал 1987 жылы ол адамзаттың мәдени құндылығы 
ретінде ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мәдениет және табиғат ескерткіштері 
тізіміне кіргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет