63
пиктография(лат.pictusболу,грек,grapho
жазамын)
деп
атаймыз
.
Пиктографиялык жазу шартты түрде бейнеленген суреттер аркылы тілдік
формаларды емес, тек ойды, ұғымды білдіретін ертедегі жазу түрі.
Әрбір сурет бүтіндей хабарды білдіре алады. Ол хабар графикалық жағынан
жеке сөздерге бөлшектенбейді.Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды
емес, оның мазмұнын бейнелейді. Осылай болғандықтан пиктограммалардың
мағынасын әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар түсіне алатын болған.
Зерттеушілер пиктографиялық жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды
деп есептейді.
Мұндай жазу өте қарапайымболды, сондықтан тереңмазмұнды ойдыжеткізу
мүмкіндігі болмады. Пиктографиялық жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге
болады. Мысалы, көшеде жүрудің тәртібін аңғартатын әртүрлі белгілердің,
дүкендермен мен шеберханалардың жарнамасындағы бас, аяқ киімдерінің
суреттеріпиктографиялық сипаты бар.
Осындай жазудың дамуы барысында идеографиялық жазу пайда болды. Оның
таңбалары идеограммалар деп аталады. Идеограммалар белгіленетін заттың
мағынасын білдіретін шартты таңбаларынқолданған.
Идеографиялық жазудың үлгілерін ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан
көруге болады. Қытай жазуының идеографиялық жүйесі осыдан мың жыл
бұрын жасалған болатын. Қытайдың жазу жүйесі әрбір таңбаның дыбыстық
тілдегі белгілі бір сөзге сәйкес келіп, соған телінуіне негізделген. Қытай
жазуындағы таңбалар біртіндеп өзгеріп, жетіліп, белгілейтін заттар мен
құбылыстардың шартты таңбаларына айналған.
Идеографиялық жазудағы графикалық таңбалар цифрлар тәрізді: олар сөздің
дыбысталуын емес, мағынасын білдіреді. Жазудың идеографиялық принцпін
қазіргі тілдердегі сандардың таңбаларынан да көруге болады. Мысалы, «5»
деген цифр. Бұл цифрдың сандық мағынасы барлық халыққа түсінікті. Бірақ
бұл цифрдың атының дыбысталуы әр тілде әртүрлі.Цифр белгілі бір ұғымды
санның таңбасы ретінде көрсетеді, бірақ ол таңбаның цифр атының
дыбысталуына ешбір қатысы жоқ. Осы ерекшелік, идеограммалар мен
идеографиялық жазуға да тән нәрсе. Идеограммаларды цифрлар тәрізді
таңбалар деп түсіну керек.
Қазіргі кездегі идеограммалар (математикалық, химиялық, астрономиялық
және т.б. ғылыми-техникалық таңбалар) жеке сөзбен немесе сөз тіркестері мен
айтылатын ғылыми терминдерді білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: