65
3. Көне дүние деректері
Көне парсы деректері
. Басты деректемелердің біріЗороастризмнің киелі
«Авеста»деген атауымен белгілі. Ахура Маздақұдайынаарналған
жырларда
авторыЗаратуштра(«Кәрі
түйеші»
деген
мағына
береді)
делінеді.
ЗаратуштраКаспий теңізініңшығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының
Спитама руынан шыққан. Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пай-
ғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді.
Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр
ұлдары жайлы жырлап, отыз
жасында
жаңа
дінді
ойлап
табады.Қазақстан,Орталық
Азия,Иран,Әзербайжан,Aуғанстанжерінде
таралған
Заратуштра
ілімінің
қасиетті жазбалар жинағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен
21 кітаптан тұрады. «Авестаның» сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын
жырлар (гимндер) бар.
Басында Айға, Күнге, отқа,суғатабынатын арийлер оның діни уағыздарын
қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра
басқа
жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша
зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарыныңҚазақстанныңежелгі
тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс
ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі.
Сонымен
қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да
айтылады.Tурлар
мен
арийлер
арасындағы
шымшытырық
оқиғаларӘмударияменСырдария,КаспийменАрал,ЕділменКамаөңірлерінде
өрбиді. Бұл деректегі кейіпкерлер доңғалақты арбаға мінген. Олардың
қарулары –
садақпен жебе,найза, айбалта, кәсібі – мал өсіру
(өгіз,жылқыжәнетүйе), тамағы – етпен – сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға
жылқы, сиыр,қойәкелетіндігі баяндалған.
Дерек Орталық Азияны мекендейтін халықтардың
рухани әлемі жөнінде
біршама мәлімет береді. Ондағы фактілер археологиялық зерттеулер нәти-
жесінде дәлелденіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: