85
патшалардың өмірі мен мемлекеттік маңызды істерін, оларда болған ірілі-
уақты оқиғаларды жатқа білу
” деп жазды.
Әбілғазыжазған «
Шежіре-и Тарахима
» («Түрікмен шежіресі», 1661 жыл)
және
«
Шежіре-и Түрк
»
(Түрік шежіресі, 1665 жылы) атты тарихи екі шығарма
шығыстануда, оның ішінде түркітану мен қазақтануда кеңінен танымал болды.
«Шежіре-и түрк» ғыл. ортаға ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде мәлім болды.
Кітаптың қолжазбасын Ресейде тұтқында жүрген швед офицерлері Тобыл
қаласынан тауып, оны Бұхар ахунына орысша аудартқан.
Көп өзгерістерге ұшырамай, қазіргі қазақ тіліне өте ұқсас таза көне түрік
тілінде жазылған қолжазба алғаш рет француз (1726), орыс (1770, 1780) және
неміс (1780) тілдерінде кітап болып шықты. 1825 ж. шежіренің араб әрпімен
жазылған түпнұсқасы граф Н.И. Румянцевтің араласуымен Қазанда басылып
шыққаннан кейін ғана ғыл. айналымға қосылды.
Акад. Х. Френ бұл басылымды «шығыстану ғылымының даңқын шығаратын
үлкен іс» деп бағалады. 1854 жылы И.Н.Березин «Шығыс тарихшылары
кітапханасының» үшінші томына Г.С. Саблуков жасаған орысша аударманы
кіргізді. Жоғарыдағы нұсқасы мен Даль коллекциясынан Азия музейіне түскен
жаңа қолжазбаны пайдаланып, П.И.Демезон оның салыстырмалы нұсқасын екі
кітап етіп бастырып шығарды (1871–74).
Бұл шығарма – Шыңғыс ханнан бұрынғы және одан кейінгі дәуірлерде Орта
Азия, Қазақстан, Таяу Шығыс елдерінде болған оқиғалар мен сол тұстағы ел
басқарған хандар жүргізген саясат туралы жылнама. Еңбекте қазақ халқын
құраған рулар мен тайпалардың көне тарихы, тұрмыс тіршілігі мен мәдениеті
жайлы құнды деректер келтірілген.
Әбілғазы
ханның «Түрік шежіресі»– тарихи-
деректік, әдеби және тілдік жағынан өзге шежіре еңбек-терден шоқтығы биік
тұратын шығарма.
*
XVIII ғасырда
Достарыңызбен бөлісу: