28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет95/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Тазкира-и муким хани
(Муким ханныңғұмырнамасы) – тарихи шығарма. 
Аштархан әулеті кезіндегі Балх хандығының тарихына (1601 – 1702) арналған. 
Авторы – Мұхаммед Юсуф Мунши. Ол өз еңбегін Балх тағына 1697 жылы 


83 
Аштархан әулетінен шыққан Мұхаммед Муким хан келген кезде бастап, 1704 
жылдан кейін аяқтаған.
Шығарма кіріспе мен үш тараудан тұрады. Кіріспеде түркі-монғол 
халықтарыныңаңыздағытүп ата-анасы Алан-гүл (Алан-гао) мен Түмен хан 
туралы және Шыңғыс ханның Мауераннахрды, Балх пен Бадахшанды жаулап 
алу тарихы қысқаша берілген. Бірінші тараудаОрталық Азияның Шайбани 
әулеті кезіндегі саяси тарихы қысқа баяндалған. Екінші тарауда Балх пен Бұхар 
хандығының ХVІІІ ғасырға дейінгі саяси, соның ішінде әлеуметтік-
экономикалық тарихы, рухани және мәдени өмірі толық сипатталған. Үшінші 
тарау 1702 – 04 жылдар аралығындағы тарихи оқиғаларға арналған. 
Еңбек Орталық Азия тарихынан құнды мағлұматтар беретін деректердің 
бірі.Балх пен БұхардыңҮндістан,Иран,Түркия,Қашқаржәне т.б. елдермен саяси 
қарым-қатынастары туралы мәліметтер бар. Онда Балх ханы Абд әл-Мүмин 
мен түріксұлтаныМұрат(1574–95),Үндістандағымоғолбилеушісі Аурангзеб пен 
Сұбханқұл хан, т.б. билеушілердің арасында жазылған хаттардың көшірмесі 
берілген.
ХVІІ ғасырдың екінші жартысындағы Хиуа мен Бұхар қарым-қатнастары 
туралы деректердің ішінде Әбілғазының және оның ұрпақтарының Бұхара мен 
Самарқандқа жасаған үздіксіз жорықтары туралы мәліметтер бар. Бұл 
тонаушылық жорықтар ақырында Хорезмдегі Шайбани әулетінің билігі құлап, 
онда 1688 жылдан бастапҚоңыратәулеті билігінің орнауына әкелді. Балхпен 
оның маңайындағы жерлерді мекендеген түркі тілдес тайпалар барлас, қоңырат, 
түркмен,алшын,қатаған, сарай, қалмақ, қыпшақ,найман, құрама, т.б. туралы 
құнды мағлұматтар бар.
Сондай-ақ қазақ пен бұхаралық билеушілердің, Оңтүстік Қазақстанның 
маңызды сауда-экономикалық орталықтары менТашкентүшін болған күрестері 
туралы мәліметтер назар аударарлық. «Тазкира-и Мукин хани» жан-жақты 
зерттеліп, бірнеше шет тілге аударылған. 1956 жылы профессор А.А. Семенов 
толық зерттеу жұмысы мен аудармасын жариялады.
*XVIғасырдың 
екінші жартысына жататын авторы белгісіз Кашқар 
сопыларының бірі Ходжа Мухаммад Шарифке арналғанагиографиялық 
шығарма


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет