28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет96/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

«Тазкира-и 
Ходжа 
Мухаммад 
Шариф»
(«Ходжа 
Мухаммад 
Шарифтің басынан кешкендері
»
) атты шығарма қазақ тарихының дерегі болып 
саналады. Ол Сайрам қаласының тумасы, Самаркандта медресе бітірген. Оқуды 
бітірген соңҚашқар қаласына қоныс аударады.Қараханид ханы Сатук Богра-
ханның мазарын паналайды.Жаркенд қаласында1656–1666 жылдар шамасында 
қайтыс болды. 
«Тазкира» тұрмыстық әдебиет жанрна жатады. Кітаптың алғашқы бөлімінде 
сопылық тұрмыстың сипаты баяндалады, Ал екінші бөлімінде тарихи 
материалдар берілген.Шағатай әулетінің өкілі Абд аль-Латифтың қырғыз еліне 
жорығы , оның өлімі жөнінде мәліметтер бар. Ал енді осы оқиғаны 
сипаттайтын екінші бір деректерде Абд аль-Латиф қазақ хандарының қолынан 
қаза тапты делінеді.


84 
*Ақын әрі ғалым
Мухаммад СалихШайбани-хананың
ресми тарихының 
авторы. Оның 
Шайбани-наме
(«Шайбани туралы кітап»), атты еңбегіндеқазіргі 
Қазақстан мен Мәуренахр жеріндегі саяси ахуал баяндалады. ХVІ ғасырдың 
басында қазақстанның солтүстік және орталық бөлігіндегі Шыңғыс әулеті 
сұлтандар топтарының саяси билік үшін таласы жан-жақты қамтылған.
1500–1509 жылдар аралығындағы Мавераннахр менХорезмдегіШайбани-хан, 
Керей 
мен 
Жәнібек,Бурундук-ханменҚасыммен 
арасындағы 
қарым-
қатынас,Сыр бойындағы қалалар үшін соғыс сөз болады. Сонымен қатаравтор 
қазақ даласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, бір-біріне қарсы соғысқан 
елдердің әскері, мемлекеттік құрылымы жөнінде де мәліметтер бар. Елдің 
географиялықжағдайы, сол жерді мекендеген тайпалар мен ұлыстар туралы да 
жазылады. 
*
Әбілғазы
Баһадұр хан(1603–1664) – Хиуа ханы (1645–63), тарихшы-шежіреші. 
Үргеніште Жошы ұрпағынан тараған Арабмұхамед ханның отбасында туған. 
Әкесі Арабмұхамед хан 1602 жылы Хорезм ханы болып жарияланған. Арысхан 
медресесінде оқып, ғұлама ғалымдардан дәріс алған. Медреседе халық ауыз 
әдебиетін, тарихты оқып зерттеді, әскери өнер, мемлекет басқару ісін меңгерді.
Арабмұхамед ханның қартайған шағында балалары арасында билікке талас 
басталды. 17 жасынан бұл талас-тартысқа Әбілғазы да араласты. Оның аяғы 
ағайынды адамдар арасындағы қарулы қақтығысқа ұштасты. Сондай соғыстың 
бірінде 1621 жылыол ауыр жарақаттанып, Әмударияны жалғыз жүзіп өтіп, 
қашып құтылады. Маңғыстаудағы түрікмендерді, қазақ хандары Есім мен 
Тұрсынды паналайды. Ә. Ташкентте Тұрсынхан сарайында екі жыл тұрып, 
еліне қайтып келген соң, 1628 жылы ағаларының қолына түсіп, Иранға жер 
аударылды. Он жылдай Исфахан қаласында айдауда болған. 1638 жылы 
Исфаханнан қашып шығып, түрікмен руларының арасында жасырынып жүрген. 
1640–41 жылдары Жем өзенінің бойындағы қалмақ ханы Хорлектің ордасында 
тұрған. Осы жерден Арал қазақтары көп сыйлық беріп, Әбілғазыны қалмақ 
ханынан сұрап алып, өздеріне хан көтерді.
1643 жылы Ілияс би бастаған Арал қазақтары Хиуа ханы Аспандиярға қарсы 
көтерілгенде Әбілғазысолармен бірге болған. Екі жыл бойы Хиуаға дамылсыз 
шабуыл жасап, ақыры қазақ, өзбек, қарақалпақтардың күшімен 1645 жылы 
Хиуаны алып, хан болып жарияланды. Хан тағына отырғаннан кейін де көп 
жылдар түрікмен тайпаларымен соғыс жүргізді,
Хиуа хандығы
жеріне баса-
көктеп кірген қалмақтарға қарсы қиян-кескі ұрыс жүргізді, Бұхараға шабуыл 
жасады. Тек 1663 жылы ғана хандық билігін ұлы Ануш Мұхамедке беріп, 
бейбіт істермен айналысуға мүмкіндік алып, шығармашылық жұмысқа кірісті. 
Әбілғазыөз заманының білімді адамдарының бірі, зиялылардың ұстазы болды. 
Ол өзі туралы “


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет