Өтеміс қажының«Шыңғыснамасы » болып табылады. Расында да «Шыңғыснама»
түркі тілінде жазыла отырып, көптеген атаулар ментерминдердің түп нүсқалық
негізде бізге жетуіне, оның бұрмалануына мұмкіндік берген. Сонымен қатар,
шығармада Шығыс Дешті Қыпшақ көшпенділерінің тұрмыс-тіршілігі, әскери
ісі, музыкасы, шаруашылығы және де басқа өмірлерінің қырлары туралы құнды
мәліметтер келтірген. «Шыңғыснама» Шыңғыс ұрпақтары мен Дешті Қыпшақ
тайпаларының Шыңғысхан туралы, оның мұрагерлері және Еуразия
далаларындағы ру-тайпалар туралы әңгімелері негізінде жазылған, яғни онда
көшпелілердің ауызша тарихы білімі жазбаша түрде берілген. «Шыңғыснама» -
өзіндік бір ерекше тарихи еңбек қана емес, шайбанилық үлгідегі құнды дерек
болып табылады.
Қадырғали Жалаири – ХVI – ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында
өмір сүріп (1530–1605 жылдары), қазақ халқыныңтарихындаөшпес із қалдырған
тұлға. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгерген. Қадырғали би
ұлы жүздіңЖалайыртайпасынан шыққан. Сондықтан да ол тарихта
көбінесе
«Қадырғали Жалайри» ретінде белгілі. Ата-бабалары ертедеСыр-
дариябойын мекен етіп көшіп-қонып жүрген. Кейін Жалайыр әулеті осы
күнгіТалдықорған облысынакеліп қоныс тепкен. Қадырғали бидің ата-
бабаларыҚарахан дәуіріненбері ел басқарған ықпалды кісілер болған. Әкесі
Қосым да беделді би.
Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы
Жылнамалар жинағын жазып бітірген. Бұл – қазақ тілінде жазылған тұңғыш
ғылыми еңбек. Қазақтың көрнекті көрнекті ғалымы Р.Сыздықова «Жинақтың»
тілдік құрылымын, жазу мәнерін зерттеп,арнайы кітап жазған.
Орыс ғалымдарының ішіндеҚадыр Әлі деректерінеалғаш көңіл аударған
Шоқан Уәлиханов . Оның түсіндіруінше: «
В отношении сведений о киргизах