28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


Хаммурапи заңдары деп аталады. Бұл заңдар  ертедегі Вавилон жерінде Хаммурапи



Pdf көрінісі
бет107/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Хаммурапи
заңдары деп аталады. Бұл заңдар 
ертедегі Вавилон жерінде
Хаммурапи
патшалық еткен кезде, шамамен біздің 


93 
заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған.Бұлзаң Ежелгі Шығыстағы 
құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. 
Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш 
рет заңды 
282 бапқа
бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған 
заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1–5 баптар процессуалдық сипаттағы 
ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127–195 отбасылық –
мұрагерлікке; 196–214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215–282 жалға беру 
тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін 
айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға 
болмайды.
Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза 
тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл 
принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын 
заңның белгілі баптарынан байкауға болады. 
Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – 
Ману 
Заңдары
(б.э.д.ІІғ. – б.э.ІІғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д.І ғ. – б.э.І 
ғ.) есептеледі.Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші 
жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмаған. Үнділердің күнделікті өмірі 
эстетикалық сипатағы нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. 
Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – 
дхармашастралар деп аталды. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф 
құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. 
Бірақ,б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. Аралығында пайда болды деген жорамал бар. 
Ману Заңы 
2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен VІІІ және ІХ 
бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық 
құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда 
болуыжәнеолардың әскери-кәсіптік сипаты көрсетіледі. Әр варнаның 
тағайындалуы және жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған. 
Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын 
патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері 
патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші 
ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману 
Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол 
тозаққа барады дейді. 
Римнің 
12 таблица заңы
өркениетік заңдарының шынар биігі болып саналады. 
Ғасырлар бойыримдіктердің пайдаланған заңдары толықтырылып және 
жетілдіріліп бүкіл Еуропа халықтарының игілігіне айналды. 
Сали́ка
заңы орта ғасырдағы герман тайпаларыныңәдеттік заңдарының 
жиынтығы. Мәтіні латын тілінде VІ ғасырдың басындаБірінші Хлодвигкороль 
тұсында жазылған. 65 тараудан тұрады. Ескерткіш герман тарихының ең 
маңызды әріқұнды деректерінің бірі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет