28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


 КССРО заманында санақ жүргізілуі



Pdf көрінісі
бет114/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

3. КССРО заманында санақ жүргізілуі 
Жоғарыда көрсетілгендей кеңес заманында санақтың бірнеше түрі 
болды.
а)Демографиялық жалпы санақ
үш бағытта жүргізілді:жаппай 
халықтық, күңделікті және ішінара.Санақтың мұндай түрінің өз ерекшеліктері 
бар.Жалпы санақ бүкіл халықты қамтиды. Олардың құрамы жөнінде мәліметтер 
алынады. Зерттеу нысанына (объектілеріне) әрбір адам алынады. Кейде санақта 


101 
жанұя немесе үй шаруашылығы ескеріледі. Мәліметтерәрбір адамның өзінен 
тікелей алынады. 
Ресей халқының алғашқы санағы 1897 жылы қаңтар айыңда өткізілді. 
Санақ төмендегі сұрақтарды қамтыды: аты, әкесінің аты, фамилиясы, жанұя 
жағдайы (бойдақ, үйленген, жесір, ажырасқан), шаруашылық басшысына 
қатынасы (ағайыны, жегжаты, асыраңды бала немесе бірге тұрушы, үй 
қызметшісі немесе малайы, жұмысшы және т.б.), жынысы, жасы, хал-жайы 
немесе сословиесі. діни көзқарасы, туған жері, тізімге алынған жері, тұрақты 
мекенжайы, ана тілі, сауаттылығы, кәсібі (негізгі жөне қосымша). Санақ 
материалдары 89 том болып жарияланды. 
Кеңес дәуірінде халықтың бірнеше санағы: 1920, 1923 (қалалық), 1926, 1939, 
1959, 1970, 1979 және 1989 жылдары –өткізілді. Осы санақтарды өткізілу 
уақытының кеңес мемлекеті тарихының белгілі кезеңдеріне байланысты екені 
байқалады. Мысалы, азамат соғысының аяқталуы мен жаңа экономикалык, 
саясатқа өтуі; халық шаруашылығын қалпына келтіру процесін аяқтау мен 
халык шаруашылығын социалисте жолмен реконструкциялау; КСРО-да 
негізінен «социалистік қоғам құру» мен «социализмді толық және түпкілікті» 
орнату және т.т. деп аталатын дәуірлерге байланысты.Бұл санақтың 
қорытындылары в 1920–1925 жыддары «Труды ЦСУ-да» жарияланды. 
1923 жылы жаңа экономикалық саясатты жүргізу мен халықты еңбек сала-
ларына қайта белуге байланысты, КСРО халқының әлеуметтік-өндірістік 
белгілерін анықтау мақсатымен тек қана қала тұрғындары арасында тағы да 
санақ жүргізілді. 
Бірінші бүкілодақтық санақ КСРО халықтарының саны мен құрамын анықтау 
мақсатымен 1926 жылы өткізілді. Қорытындылары 1933 жылы аяқталып, 56 
том болып басылып шыкты. 
1939 жылғысанақтың қысқаша қорытындылары 1940 жылы жарияланды, оның 
материалдарының толық қорытындыланып басылуына Ұлы Отан соғысының 
басталуы бөгет жасады. 
Келесі халық санағы 1959 жылы өткізілді. Материалдары 17 том болып 
басылды. Оның бір томында КСРО бойынша жалпы деректер беріліп, 
басқаларында одақтық республикалардың материалдары топтастырылды. 
Мұндахалықтың саны, ұлтық құрамы, қала мен село тұрғындары санының 
айырмашылығы, білім дәрежесі, қандай әлеуметтік топқа жататындығы, 
халықтың халық шаруашылығының салаларына қарай бөлінуі туралы 
мәліметтер бар. 
1970 жылғы халық санағы қорытындылары 70-жылдардың бірінші жартысында 
жарияланды. 1979, 1989 жылдары КСРО халқының жаңа санақтары өткізідді. 
Сөйтіп, алғашқы санақ Қазақстан территориясында Қазан төңкерісіне дейін 
1897 жылы өткізілсе, Кеңес өкіметі дәуірінде 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 
1989 жылдары жүргізідді.
Сонымен, халық санағы адамдардың саны мен оның құрамын бір белгілі 
уақыттакөрсететін тиянақты дерек болып саналады. Алайда, осы санақтардың 
мәліметтері тарихшыны толық қанағаттандырмайды. Оның себебі бір санақ пен 


102 
екінші санақтың арасында ұзақ мерзімнің орын алуы мен санақ бағдарламасы 
шеңберінің тарлығында. Сондықтан тарихшылар көп жағдайда күнбе-күнгі 
демографиялық санақ пен халықтың ішінара зерттелген материалдарына 
жүгінеді. Күнбе-күнгі демографиялық санақта адамдардың тууы мен өлімі 
жүйелі түрде тіркеледі. Тіркеу адамның туған жерінде бір айдың ішінде, ал 
оның өлімі сол жердің жергілікті азаматгық хал-ахуал актілерін тіркеу 
бюросында (ЗАГС-те) немесе ауылдық жердің кеңесінде үш күн ішінде жүр-
гізіледі. Бұл жұмыстың қорытындылары ай сайынғы шығарылып отырады.
Демографиялық санақта халықтың көшіқон (миграция) мәселесіне үлкен көңіл 
бөлінеді. Санақтың бұл түрінің мәліметтері қүнды дерек болып саналады. 
Тарихшылар халықтың саны мен олардың көшіп-қонуы туралы дәл уақыты 
көрсетілген деректерді пайдалану мүмкіншілігі бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет