28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет115/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

ә)Өнеркәсіп санағы
елдің экономикалық дамуын бақылауға мүмкіңдік береді. 
Өнеркәсіптің санақ деректері екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың біріншісіне 
өнеркәсіп санақтарының материалдары, екінші тобына күнбе-күнгі мәліметтер 
жатады. 
КСРО өнеркәсібінің бірнеше санағы 1918 жылы өткізілді. Онда өндеуші жөне 
өңдіруші өнеркәсіп орындары есепке алынды. Санақтың бағдарламасы 
бойынша елдің кәсіпорындары, олардың иелері, құрылымы мен басқарылуы, 
әкімшілігі мен техникалық мамандары, жұмысшылары, қаржы жағдайы, 
техникалық жабдықталуы, шикізаты, өндірілетін өнімдері т.б. туралы 
мәліметтер жиналды. Бұл санақ 1913-1918 жылдың тамыз айына дейінгі Ресей 
өнеркәсібінің даму жолынанықтауға арналады. 
Санақпен елдің еуропалық бөлігінің 31 губерниясының 9750 кәсіпорны 
камтылып, оның толық қорытындылары 1926 жылы «Труды ЦСУ» деген екі 
басылымда баспадан шықты. Бұл басылымдарда өнеркәсіп санағының көптеген 
қажетті мәселелері қорытындыланбай қалды. 
1920 жылы өнеркәсіптің жаңа санағы өткізілді. Санақ материалдарын Орталық 
санақ басқармасы топтастырып, территориялық принцип пен өндіріс топтары 
негізінде берді.1923 жылы желтоқсан айында тағы бір өнеркәсіп санағы 
өткізілді. Оның бағдарламасы өткен санақтыңсұрақтарын қайталады.Бұл 
санақтың бұрынғы санақтардан елеулі айырмашылығы болмады.1920, 1923 
жылдары өткізілген санақтарды санақшылар методологиялық жағынан дұрыс 
өткізілмеген деп санайды. Оларда ірі өнеркәсіп ұсақ өнеркәсіптен бөлініп 
берілмеген, сондықтан ол санақтардың мәліметтерін 1918 жылғы санақтың 
мәліметтерімен салыстыруға келмейді. 1923 жылғы санақ тек қана қалаларда 
өткізілгендіктен, оның нәтижелерін 1920 жылғы санақтың жарияланған 
материалдарымен салыстыруға болмайды.
Келесі санақтар 1925, 1927,1929 жылдары өткізілді. Оларда ұсақ өнер-
кәсіпшілер, қолөнершілер, кустарлар бүкіл ел бойынша есепке алынды. 1930 
жылдан бастап өнеркәсіп санағы кәсіпорындарының жылдық есептеріне 
негізделіп беріле басталды.Жылдық есептер санақтық және бухгалтерлік 
құжаттар бойынша жасалды. Өнеркәсіп саласындағы санақ мәліметтері Халық 
шаруашылығының Жоғарғы Кеңесі (ВСНХ) мен Орталық санақ басқармасының 


103 
(ЦСУ) санақтық жинақтарында және арнайы анықтамалық басылымдарда 
жариялаңды. 1957 жылдан бастап «Народное хозяйство СССР», ал 1973 
жылдан «Народное хозяйство Казахстана» деген статистикалық жинақтар 
КСРО-ның ыдырап, тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына дейін жыл сайын 
баспадан шығып тұрды. Олармен қатар мерейлік даталарға байланысты санақ 
жинақтары мен анықтамалық жинақтар да жарық көрді. Бұл жинақтарда Қа-
зақстанның әлеуметтік-экономикалық жөне мәдени дамуының барлық 
салаларынан сандық деректер берілді.Өнеркәсіп мекемелерінің жаңадан 
жіктеліп, ауыр және жеңіл өнеркәсіп болып бөлінуіне байланысты, 1957 және 
1964 жылдары Орталық санақ басқармасы «Промышленность СССР» деген 
арнайы анықтамалықтаршығарды. Оларда санақ материалдары негізінде кеңес 
индустриясының даму қорытындылары мен негізгі бағыттарының толық 
мәліметтері береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет