б)Жұмысшы мен зиялылар санағы 1918 жылы өнеркәсіп санағының негізінде
қорытылды. Бұл бүкілресейлік кәсіби санақ болды және оның бағдарламасы да
жан-жақты ойластырылды. Онда жұмысшылардың кәсібі, сауаты, тұрмыс
жағдайы, қоғамдық ұйымдар жұмысына қатысуы т.б. туралы сұрақтар да
болды. 1918 жылы санақ Кеңес өкіметі орнаған губернияларда ғана жүргізілді.
Қазақстан, Орта Азиия, Украина, Оралдың көптеген губернияларында, Сібірде
санақ өткізілген жоқ.
Жұмысшы табының құрамы маңызды саяси проблемаға айналуына байланысты
1929
жылы
сәуір-мамыр
айларында
олардыңкәсіподақтық
санағы
өткізілді.1941–1976 жылдар аралығында жұмысшылар мен қызметкерлер есебі
жүргізілді. Оның материалдары «Народное хозяйство СССР», «Труд в
СССР»есептік анықтамалығында, «Вестник статистики» жорналындабасылды.
Жұмысшысанағының мәліметтері 1930, 1932, 1934, 1936 жене 1968 жылдары
басылған «Труд в СССР»жинағында берілді. Әлеуметтік санақтың түрлі
мәліметтері «Народное хозяйство СССР»жинағында жарияланды.Алпысыншы
жылдардың басынан әлеуметтік санақты,әлеуметтікзерттеулертолықтырды.Бұл
тұрғыдағы зерттеу материалдары өзгеше тарихи деректің рөлін атқарады.
1920 жылы халық ағарту саласы зерттелді. Санақ халық ағарту ісі органдарын,
мектептерді, балалар үйлерін, техникумдарды, кәсіби мектептерді, оқу
шеберханаларын, курстарды т.б. қамтыды. Сонымен бірге зерттеу жұмысы
оқушылар мен оқытушылар арасында да жүргізілді.
1927 жылы мектеп санағы өткізілді, оның барысында барлық оқытушылар
арнайы бланкілерді толтырды. Бұл санақ 315 мың мектеп оқытушысын
қамтыды. Отызыншы жылдардың ортасында денсаулық сақтау, кітапхана,
сауда мекемелері және т.б. қызметкерлерінің бірінші арнайы санағы өткізілді.
Денсаулық сақтау қызметкерлерінің осындай санағы 1963 жылы болды.
Ғылыми
мекемелер
мен
жоғарғы
оқу
орындарының,
ғылыми
интеллигенцияның бірінші санағы 1928 жылы ұйымдастырылды. Зерттеу 1227
ғылыми-зерттеу мекемесі мен 151 жоғарғы оқу орнын қамтыды.1933
жылыКСРО-ның басшылары мен мамандары есепке алынды.
104
Интеллигенциямен қатар, халыққа білім беру, ғылым және мәдениет
салаларының
КСРО
мен
одақтасреспубликалардағыөсужолдарынзерттеушілерге
арналған
деректік
басылым 1971 және1977 жылдары жарық көрді.
в