28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет89/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Рустичеллоға
өзінің 
естеліктерін 
жаздырған. 
Оның 
еңбегі 
бүкілАзия,Солтүстік, Еуропажәне бірқатарАфрикаелдерінің географиясы
тарихы және халқы туралы құнды мағлұмат береді.Бұл кітап орасан табысқа ие 
болды 
және 
XIV-XVI 
ғ.ғ 
теңізшілерге,картографтарға,жазушыларға 
айтарлықтай әсер етті. 
Христафор Колумб Америкаға алғаш теңіз сапары кезінде оны өзімен бірге 
алып жүрді.Қытайға тап болған жағдайда кәдеге жарар деп дәмеленді. ХІV–ХV 
ғасырлардабұл естеліктерЕуропаныңбірқатар елдерінің тілдеріне аударылып, 
Азия картасын жасауға негіз болды. ХV–ХVІ ғасырлар даиспан және португал 
экспедицияларын ұйымдастырушылар оның еңбегінен Азия құрлығы батыстан 
шығысқа қарай созылып жатқандығын білді. Сөйтіп Еуропаның батыс және 
Азияның шығыс жағалауы бір-бірінежақын, Еуропадан батысқа қарай жүзген 
саяхатшы Үндістан жағалауынан шығады деген қорытынды жасалды. Мұндай 
сенім Х.КолумбтыңАмериканыашуына себеп болды.
*
Игорь жасағы туралы жыр
орта ғасырлық әдеби ескерткіш.Жырдың 
сюжетіне – ХІ ғасырдаИгорь СвятославовичтіңКиев Русінде билік үшін талас 
кезінде өзіне қолдау көрсеткен қыпшақтарға опасыз қарсы жорығы, жасағының 
ойсырап жеңіліске ұшырауы, өзінің тұтқынға түсуі арқау болған. Сондай-ақ
жырда өзара қырқысып береке таппағанКиев Русікнязьдерінің тарихы, 
қыпшақтардың үстемдігі баяндалады.
Жыр – эпикалық шығарма болғанымен, онда лирикалық шегіністер
фольклорлық (жоқтау, жұбату, мадақ, т.б.) элементтер кездеседі. Жырдың 
поэтикалық, көркемдік қуатын байқататын әсірелеу, теңеу, ұлғайту сияқты 
бейнелеуіш құралдар мол.
Жырдың түпнұсқа қолжазбасы жоқ. Ал көшірме қолжазбасын тұңғыш рет граф 
А.И. Мусин-Пушкин діни ғимараттардың архивтері мен кітапханаларындағы 
көне қолжазбаларды жинау барысында кездестіріп, қайта көшірткен. Ал 
жырдың түпнұсқасы болып есептелетін алғашқы көшірме нұсқасы – 1812 
жылғыМәскеудегіөрт кезінде Мусин-Пушкин үйімен қоса өртеніп кеткен. 
Түпнұсқа көшірменің осылайша жоғалуы ғалымдардың жырға күмәнмен 
қарауына негіз болды. Сондай-ақ, көптеген ғалымдар жырда түркі тілінің 


78 
ықпалы зор екенін, қайсыбір христиан дініне қатысты мәліметтердің қондырма 
екенін, жырды айтушы әрі оның кейіпкері Баян жыраудың бейнесі бұл 
шығарманы тудыруға түркі халықтарының да қатысы барлығын байқатады. 
«Игорь жасағы туралы жыр» туралы көптеген зерттеу еңбектер жазылған. Жыр 
ақынБ.Аманшинніңаудармасы бойынша қазақ тілінде жарық көрді (1951, 1985). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет