28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды


 Ортағасырдағықазақ нарративті деректері



Pdf көрінісі
бет90/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

3. Ортағасырдағықазақ нарративті деректері
Бірнеше нарративті деректер өзінің көркем әдебиеттілігімен, түрлі 
құбылыстағы көркем бейнесімен айқындалады. Өз кезіндегі түрлі 
ортағасырлық шығармалар, хроникалар, шежірелер, өмірбаяндар, қандай да бір 
тарихи оқиғаларды жатқызуға болады.
Нарративті деректердің бірінші тобына парсы деректері жатады

Тарихты зерттеулердің аталмыш уақыт кезеңі көршілес және шығыс 
мемлекеттерінің жекелеген авторларының негізінен жазбаша материалдарға 
жүгінеді. Нарративті шығармаларындағы маңызды материалдар негізінен 
тарихи, географиялық және мемуарлы шығармалар болып табылады. Олардың 
бастысы парсы тілінде жазылған. Бұларды араб, түркі және шағатай 
тілдеріндегі шығармалар толықтырады, көрсетілген деректегі алшақтаған дең-
гейі әртүрлі. Көршілес жатқан шығыс Түркістандық авторлардың еңбектері 
нақты деректермен жазылған. Сонымен бірге, өте көлемді және жеткілікті 
нақты мәліметтер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу туралы жазылған. 
Қазақ хандығының тарихы өте күрделі әрі қызықты дәуірлерді басынан 
кешірді. Әсіресе ХV ғ. соңы мен ХVI ғасыр көп зерттелмеген әрі түрлі 
қиындықтар туындаған кезең болғандықтан, бұл кезеңді тарихи жазба деректер 
арқылы қалпына келтіру қажеттілігі туындап отыр. Ал бұл уақытта пайда 
болған деректердің өзін деректанулық талдаудан өткізіп, шынайылық деңгейін 
анықтау қажет. Онсыз таза тарихты қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл 
деректерді тиімді пайдалану үшін классификациялаудың маңызы зор. Бүгінгі 
таңға дейін деректерді классификациялаудың ортақ және нақты жүйесі 
қалыптаспағанын да атап айту қажет. Тек қана белгілі бір авторлардың зерттеу 
кезеңі мен аумағына, деректерде сақталған ақпараттардың бірегейлігі мен 
ерекшелігіне қарай бөліп қарастыру принципі ғана негізге алынады.
Қазақстандық ғалымдар өз зерттеулерінде шығыстық жазба ескерткіштердің 
үзінділерін мейлінше көбірек пайдаланып, оларды ғылыми айналымға енгізе 
отырып, отандық деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты. 
Тарих философиясымен және тарихи зерттеулердің методологиясымен, 
деректанумен айналысатын еліміздегі тарихшы-медиевистердің бір тобы 
белгілі шығыстанушы-ғалым В.П.Юдиннің төңірегіне шоғырланды. Олар 
ортағасырлық шығыстық жазба деректерді салыстырмалы-мәтіндік талдау, 
оларды идеялық-саяси және текстологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу 
сияқты деректанулық мәселелерге үлкен көңіл қойды. Осының нәтижесінде 
ортағасырлық қазақ тарихына қатысты жазылған он жеті парсы және түркі 
деректер жинақтаған «XV–XVІІІ ғғ. Қазақ хандығы бойынша материалдар» 


79 
атты ұжымдық аударма-еңбек жарияланды. Қазақ хандығы дәуірінен мәлімет 
беретін бұл маңызды жазба ескерткіштер мыналар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет