28 маусымындағы шешімімен баспаға ұсынылды



Pdf көрінісі
бет91/176
Дата30.09.2024
өлшемі2,13 Mb.
#146196
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   176
Байланысты:
9e6c0eda3dd9ea94e26c2b2470b9a301

Түркі тілді деректер. 
Қазақ тарихының нарративті деректерінің ішінде орта 
ғасырдың соңғы дәуіріндегі түркі тілінде жазылған шығармалардың маңызы 
жоғары екендігі белгілі. Олар кейде парсы тілдес деректермен мазмұны 
жағынан, жазылу дәстүрі жағынан қабысып жатады.Оларда қазақ этносының 
қалыптасуы, қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы кезеңіндегі қым-қуат 
оқиғалар жөніндеқұнды мәліметтер бар. Сондай шығармалардың бірнешеуіне 
тоқтала кетейік. 
*
Қазіргі түркі халықтарының– оның ішінде қыпшақ тобына жататын ру - 
тайпаларының- қоғамдық, саяси – әлеуметтік, этнографиялық және мәдени 
тарихын зерттеуге 
«Кодекс Куманикус»
материалдарының деректер ретінде 
тигізген пайдасы өте мол. Шығарма 164 беттен құралған қолжазба, алғашқы 
бетінде «1303 ж.» деген белгі бар. Авторы мен жазылған жері белгісіз. 
Тіл ерекшелігі жағынан ол қазіргі түркі тілдерінің, солардың ішінде қазақ 
тілінің орта ғасырдағы табиғи қалпын көрсетеді. «Кодекс Куманикустен» 
қазіргі қазақ тілінің өзіндік ерекшелігі болып табылатын кейбір грамматикалық 
құбылыстар байқалады.Түркітану ғылымындағы жаңа деректер бойынша, бұл 
еңбек түпнұсқасы 1294 жылы жазылған да, оның бірінші көшірмесі 1303 жылы 
жасалған, ол 1330 жылы толығымен көшіріліп біткен. «Кодекс 
Куманикус»Дешті 
қыпшақтанемесеҚырымда(Солхат 
қаласында) 
жинастырылып, 
бір 
ізге 
түсірілген. 
Осы 
өңірді 
қоныстанған 
қыпшақтардыБатыс Еуропажұртшылығы кумандар деп атаған. 1303 жылы 
«Кодекс Куманикус» түпнұсқаданАлтын Ордамемлекетінің астанасы Сарай 
қаласының жанындағы Джан әулиенің ғибадатханасында көшірілген. «Кодекс 
Куманикус» готикалық көне қарпімен жазылған. Екі бөлімнен тұрады. 
Біріншібөлімі(1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша 
сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай 
топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке 
байланысты сөздер, т.б. Екінші бөлімі(111–164 б.) – діни уағыздар. Осы 
бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон 
Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері 
көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер 
мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, 
қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар.
Ол кезде (ХІІІ-ХІV ғасырларлар) Дунай өзенінен Жоңғар қақпасына дейінгі 
елдің бәрі де қыпшақ тілін түсінген. Батыс Еуропаның Шығысқа жорыққа 
шыққан адамдары Алдыңғы Азия, Таяу Азия, Кіші Азия, Орта Азия және Орта 
Азия елдерін аралау үшін куман (қыпшақ) тілін халықаралық тіл ретінде 
пайдалануға болады деп ұққан. Сол кездегі еуропалықтар үшін латын тілі 
қандай рөл атқарса, бірсыпыра Азия халықтары үшін куман (қыпшақ) тілі де 
сондай қызмет атқарған. «Кодекс Куманикус»ВенециядағыМарк әулие 
шіркеуінің кітапханасында сақтаулы. 


80 
Осы уақытқа дейін «Кодекс Куманикустің» қыпшақ тіліндегі бөлімі үш тілге 
аударылып, төрт рет басылып шықты:1828жылы француз тіліне (Г.Ю.Клапрот, 
Париж, 1–бөл.),1880жылы латын тіліне (А.Кун, Будапешт, 1–2-бөл.),1884жылы 
неміс 
тіліне 
(В.В.Радлов,Санкт-Петербург, 
Кун 
баспасының 
негізінде),1936жылы түпнұсқа (факсимилие) түрінде бір рет жарық көрді (Грен-
берг, Копенгаген, түпнұсқа),1942жылы (Гренберг, Копенгаген, куманша-
немісше сөздік). Қолжазба қазіргі Тіл білімі институтында бірінші рет орыс 
тіліне аударылып, түгелдей баспаға (1972) дайындалды, ал парсыша 
бөлімі1972жылыИрандабасылып шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   176




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет