2. Дене шынықтыру (Дене шынықтыру нұсқаушысының жоспары бойынша)
3. Мүсіндеу. Тақырыбы: «Жаңғақ кемірген тиін»
Кіріспе.
Шаттық шеңбері.№
«Ғажайып сөздер»айту Негізгі бөлім.
Күз мезгілінің ерекшеліктерімен балаларды таныстыру.
Жұмыстың орындалу ретімен таныстыру.
Түрлі түсті ермексаздан түсіне, көлеміне қарай іріктеп алу, тиіннің мүсінін жасауға көмектесу.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Сергіту сәті.
Билингвалды компонент: тиін-белка, жаңғақ-орех.
ІІІ.Қорытынды. Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақтау,бағалау.
Мектепалды даярлық 1. Сауат ашу негіздері Тақырыбы: «О дыбысы»
Шаттық шеңбері:
І.Кіріспе.
Өткенді слайд арқылы қайталау. Дыбыс, сөз.
-Өткен әріптерді қайталау.Буындап оқу. Ала,алау,ат,ата,ауа,тал,аула.
Ойын : «Сөз ойла, тез ойла»
Әріптерге байланысты тақпақтар айтқызу.
ІІ.Негізгі бөлім.
— Балалар, бүгін біз «Әріптер бағындағы» танысатын дыбысты жұмбақ арқылы таныстырғым келеді.
Аналар оны бастарына тартқанда,
Сұлуланып кетеді. (Орамал)
Ол болмаса столда,
Отыра алмаймыз біз дастарханға. (Орындық)
Жабайы аңдардың мекені,
Білесіңбе сен оны. (Орман)
Қандай дыбыстан басталады? О дыбыс кіріп келеді.
Тақтаға «Бауырсақ» ертегісінің суреті ілінеді. Кейіпкерлерін атайды. Бұлар нелер? - Жабайы аңдар.
-Олар қайда өмір сүреді? Орманда.
«Орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? О дыбысынан.
Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.
Дыбысты айтып көріп дауысты дыбыс екенін анықтайды. Ешқандай кедергісіз еркін айтылады, созып айта аламыз.
- Енді ертегіге қайта оралайық. Бауырсақты түлкіге жебізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық. Сол арқылы о дыбысымен танысатын боламыз.
Әріп таңбасымен таныстыру. Неге ұқсас?
Дөңгелекке, допқа, тоқашқа.
Д/о: «Орнын тап»
О дыбысының орнын табу.
Дәптермен жұмыс.
Сергіту сәті.
Дыбыстық талдау.
ІІІ.Қорытынды:
Д/о: «Кім зерек?»
Дауысты дыбыстарды қызыл үйге, дауыссыз дыбыстарды көк үйге орналастыру. балаларды бағалау, мадақтау.