Құқықтың қызметі дегеніміз - оның қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына әсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың қызметтері:
1) Реттеушілік қызметі - мақсаты қоғамдық қатынастарды реттеу.
2) Қорғау қызметі - қоғамдық қатынастарды қолсұғушылықтан қорғау.
3) Тәрбиелеу қызметі - жекелеген нормалар, институттар мен механизмдер арқылы (тыйым салу, рұқсат ету, жазалау және т.б.) субъектілердің мінез құлқына құқықтық әсер ету.
4) Әлеуметтік бақылау қызметі - бір жағынан субъектілердің мінез-құлқын көтермелеу, марапаттау арқылы, екінші жағынан белгілі бір әрекеттерді жасауды шектеу арқылы әсер ету.