Заң ғылымында және тәжірибеде құқықты объективтік және субъективтік мағынада қарастырады.
Объективтік құқық (өзіндік құқық) дегеніміз - жалпыға міндетті, формальды анықталған, мемлекетпен бекітілетін және қамтамасыз етілетін және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған заң нормалары.
Субъективтік құқық - тұлғаның жеке міндеттерін қанағаттандыруға арналған заңдық мүмкін мінез-құлық шаралары. Субъективтік құқық ретінде жеке тұлғаның нақты құқықтары мен бостандықтары саналады (өмір сүру, еңбек ету, білім алу және т.б.).