2апта т Құқықтың түсінігі, мәні мен функциялары


Құқық бұзушылық дегеніміз



бет5/6
Дата07.01.2022
өлшемі18,33 Kb.
#18610
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2. Дәріс ЖҚМН

Құқық бұзушылық дегеніміз - кінәлі, құқыққа қайшы, қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғалардың мүдделеріне зиян келтіретін тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеті.

Құқық бұзушылықтың белгілері: а) әрекет (әрекетсіздік); б) кінә; в) құқыққа қайшылық; г) зиян; д) жасалған әрекет пен одан туындаған зардап арасындағы себепті байланыс; е) заңдық жауаптылық.

Жасалған әрекетті құқық бұзушылық деп тану үшін оның құрамы болуы тиіс.

Құқық бұзушылықтың құрамына 4 элемент кіреді:

Құқық бұзушылық объектісі дегеніміз - құқықбұзушылық неге бағытталған, соны айтамыз (тектік объект - қоғамдық қатынастар, тікелей объект - адамның өмірі, денсаулығы, мүлкі және т.б.);

Құқық бұзушылықтың субъектісі - құқықбұзушылықты жасаған құқық қабілеттілігі бар жеке немесе заңды тұлға;

Құқық бұзушылықтың объективтік жағы - құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы (әрекет немесе әрекетсіздік, зиян, себепті байланыс);

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы - адамның өз әрекетіне және оның зардабына ішкі қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Мұндағы негізгі категория - кінә (қасақаналық: тікелей және жанама, немесе абайсыздық: менмендік және немқұрайлық).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет