Құқық нормалары дегеніміз - құзіретті мемлекеттік органның атынан шығарылатын ресми актілерде бекітілген және мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қорғалатын, міндетті мінез-құлық ережелері, құқық жүйесінің бастапқы элементі.
Белгілері:
- мемлекет шығарады және бекітеді.
- құқық беру және міндеттеушілік сипатта болады.
- құқықты іске асыру мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі.
- қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып танылады.
Құқық норма келесі элементтерден тұрады:
1) Гипотеза (болжам) - ережені қандай жағдайда қолдану қажеттігін көрсететін құқық нормасының элементі
2) Диспозиция - гипотезада көрсетілген жағдайлар орын алғанда әрекеттер қандай болу керектігін көрсететін құқық нормасының элементі.
3) Санкция - диспозицияда көрсетілгкен ережелер бұзылған жағдайларда қолданылуы мүмкін мемлекеттік шараларды көрсететінқұқық нормасының элементі.
НҚА-де құқық нормасының элементтері әрқашан толық болмайды. Кейбір актілердің баптарында үш элемент те толық болады немесе элементтері әртүрлі баптарда немесе басқа актілердің баптарында кездесуі мүмкін.
Құқықтың (қайнар көздері) формалары
Құқықтың нысандары (қайнар көздері) дегеніміз - мемлекеттің еркінің сырттай көрінісі, заңдық мінез-құлық ережелері.
Құқықтың негізгі нысандары (қайнар көздері):
- Әдет-ғұрыптар - ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижесінде дағдыға айналып адамдардың санасына енген және тарихи түрде қалыптасқан мінез-құлық ережелері.
- Құқықтық прецедент - нақты бір істі қарау нәтижесінде қабылданған және кейіннен басқа ұқсас істерді қарау кезінде үлгіге айналған шешім. Оның екі түрі болады: а) соттық прецедент б) әкімшілік прецедент.
- Нормативтік-құқықтық акт – яғни, мемлекет қабылдап бекіткен заңнамалық актілер.
Құқықтық қатынастар дегеніміз - құқық нормаларымен реттелген, қатысушылардың субъективтік құқықтары мен міндеттері бар қоғамдық қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: |