2Дәріс. Іі-а топша элементтері. Қасиеттері, алынуы, қолданылуы. II топтың негізгі топша элементтері. Мақсаты


ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ



бет2/3
Дата24.12.2023
өлшемі11,33 Kb.
#143180
1   2   3
ЖАЙ ЗАТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ.
ІІ топтың негізгі топша элементтерінің барлығы (Ве басқасы) металдар. Бос жеке күйде бұлар күмісше жылтыраған, жеңіл металдар. Бұл элементтер химиялық жағынан актив металдар қатарына жатады, сыртқы электрондарын оңай береді, сондықтан қалыпты температурада ауада оңай тотығып, судан сутекті ығыстырып шығарады. Химиялық қасиеті жағынан алдынғы екі элемент – бериллий алюминийге, магний мырышқа ұқсайды. Бұлар сумен реакцияласқанда да баяу реакцияласады, өйткені реакцияда түзілетін гидроксид нашар еритін зат, ол металдық бетін қаптап сумен әрекеттесуге кедергі жасайды.
Сілтілік-жер металдар тікелей сутекпен әрекеттесіп ЭН2 типтес гидридтер түзеді.

СІЛТІЛІК-ЖЕР МЕТАЛДАРДЫ САҚТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ.
Сілтілік-жер металдар активті болғандықтан, олар сумен оңай әрекеттеседі және ауада тез тотығып кетеді, сондықтан оларды керосин астында сақтайды. Бериллий мен барий қосылыстары оте улы заттар.


МЕТАЛДАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ.
Екінші негізгі топша элементтері оттекпен ЭО типтес оксидтер түзеді және оларға Э(ОН)2 типтес гидроксидтер сәйкес келеді. Элементтердің реттік нөмірлерінің өсуіне байланысты гидроксидтерінің негіздік қасиеттері артады. Элементтердің оксидтері негіздік қасиеттерімен сиптатталады, тек қана BeO амфотерлік қасиеттерімен сипатталады. BeO басқасы суда жақсы ериді. Бериллий гидроксиді амфотерлік қасиетерімен сипатталады. Бериллийден барийға дейін гидроксидтердің ерігіштігі артады.
Сілтілік-жер металдардың қосылыстары жалынның түсін әр түрлі түстерге бояйды: кальцидікі – қызыл-кірпіш; стронций мен радийдікі – қызыл-карминді; барийдікі – сарғылт-жасыл түстерге. Бериллий мен магний тұздары гидролизе ұшырайды.
Элементтердің негізгі қосылыстары: СаО – сөндірілмеген ізбес, Са(ОН)2сөндірілген ізбес, СаСО3 – ізбес тасы, мәрмәр, бор, СаС2кальций карбиді , СаSO4*2Н2О – гипс және т.б..



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет