№2Дәріс. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия.
Мақсаты: Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Екпін тасымал. Графика. Орфография. Орфоэпия туралы білім беру
Жоспар: 1. Үндестік заңы.
2. Буын үндестігі.
3. Дыбыс үндестігі.
4. Екпін тасымал.
5. Графика. Орфография. Орфоэпия.
Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы арқылы жасалады.
Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелері сөйлеу мүшелері деп аталады.
Сөйлеу мүшелеріне: өкпе, кеңірдек, дауыс шымылдығы, көмей, ауыз қуысы, тамақ қуысы, мұрын, тіл, тіс, таңдай, жақ, ерін жатады.
Дыбыс және фонема
Дыбысты айтамыз және естиміз. Дыбыс – тілдің бір жақты единицасы: дыбысталады, бірақ мағынасы жоқ. Ал олардың белгілі бір тілде қалыптасқан тіркестері мағыналы сөздерді білдіреді. Дыбыстар – тілдің мағыналық единицалары сөз бен сөз бөлшектерін құрастыратын материалдар ретінде қызмет атқарады.
Фонетикада тағы бір маңызды болып табылатын бірлік – фонема. Фонема – сөздер мен морфемаларды құрастырып, оларды бір-бірінен мағына және форма жағынан ажыратуға септігі бар тілдің ең кішкене функциялық единицасы.
Дауысты дыбыстар
Дауысты дыбыстар дауыс желбезегінің толық тербелуінен жасалады.
Дауыстыларды айтқанда ауа кедергісіз шығады да, дыбыстау мүшелерінің барлығы қатысады.
Дауысты дыбыстар буын құрайды.
Дауысты дыбыс түрлері.
Тілдің қатысына қарай:
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, у, и.
Еріннің қатысына қарай:
Еріндік: о, ө, ұ, ү, у.
Езулік: а, ә, ы, і, е, и.
Жақтың қатысына қарай:
Ашық дауыстылар: а, ә, ө, о, е.
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і, и, у.
Дауыссыз дыбыстар
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдан жасалады.
Дауыссыз дыбыстардың үн мен салдырдың қатысына қарай түрлері.
Үнді дауыссыздар: л, м, н, ң, р, й, у.
Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.
Қатаң дауыссыздар: п, ф, к, қ, т, ш, с, х, һ, ц, ч.
Дауыссыздардың айтылу жолына қарай түрлері.
Шұғыл дауыссыздар: п, б, т, д, к, г, қ, ц, ч, м, н, ң.
Ызың дауыссыздар: ф, в, с, ш, ж, з, х, һ, ғ, л, н, ң
Буын
Буын – ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке дыбыс, не дыбыстар тобы.
Буынға тән сипаттар:
1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс және оның саны біреуден артық болмауы керек.
2. Буында мағына болмайды.
3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді.
4. Қазақ тілінің төл сөздері де, буындар да қос дауыссыздан басталмайды.
5. Бірінші буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.
Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай буын үшке бөлінеді: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Буын үндестігі
Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың бір-біріне үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі деп атайды. Дыбыстардың үндестігі буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді.
Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай жалғанатын қосымшалардың да бірыңғай жуан, не жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі деп аталады. Мысалы: балаларға, мектептерден.
Дыбыс үндестігі
Түбір мен қосымшаның немесе сөз тіркесіндегі екі сөздің жігінде дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер ету нәтижесінде өзгеруін дыбыс үндестігі деп аталады. Дыбыстардың бір-бірінің ықпалына қарай үшке бөлінеді.
1. Ілгерінді ықпал – алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі.
2. Кейінді ықпал – кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі. Мысалы: добы (доп-ы), тарағы (тарақ-ы).
3. Тоғыспалы ықпал – көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді қарсы әсері. Мысалы: Амангелді (Аманкелді)..
Дәрісті қорытындылау: Тіл білімінің бір саласы болып табылатын фонетика тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы арқылы жасалады.
Дыбысты жасауға қатысатын дене мүшелері сөйлеу мүшелері деп аталады.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар: 1.Үндестік заңы.
2.Буын үндестігі.
3.Дыбыс үндестігі.
4.Екпін, тасымал.
5.Графика. Орфография. Орфоэпия.
Әдебиеттер: 1. Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1991.
2. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. -Алматы. 1995.
3. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. -Алматы. 1993.
4. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. -Алматы. 2001.
5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. -Алматы. 1965.