Оқу пәндеріне оқушылардың көз қарасын білдіретін кесте
Оқушының аты-жөні
Қазақ тілі
Әдебиет
математика
Шет тілі
тарих
физика
Т.с.с оқу жоспа
рына сәйкес
Кестегі 8 бөлім бойынша мағлұматтар нені көрсетеді? Осы бөлімдердің мазмұнына тоқталап шығайық.
«Әлеуметтік ( социум)» бөлімі бойынша бала социум қалай кірігіп отыр және бүгінгі күнде оған ең ьасты нәрсе не екені көрініп отыр. Әлеуметтік педагог үшін құнды мәселе отбасы баланың құндылық бағдарының ішінде қандай орын алатынын білу. Бала бос уақытын қай жерде және кіммен бірге өткізетінін білу де маңызды болып табылады.
«Отбасы» бөлімі бойынша отбасы мүшелерініңм ішінде бала кімге талпынады, кіммен сенімді қатынаста, ал кіммен нашар қатынаста, онымен түсіне алмайтынын көруге болады. Сынып жетеукшісі бала мәселесі бойынша кіммен сенімді қарым-қытынас орната алатынын осы кестеден көре алады. Отбасы мүшелерінің өзара қатынасы көрініп, отбасы балаға жақсы әсер ете алады ма әсер ете алмайды ма деген сұраққа жауап алуға болады. Осы кестеге сүйене отырып ата-аналар комитетін сайлап, бала үшін бедеоді ата-аналар арасынан мектеп арасынан мектептің сыныптан тыс жұмыстарына көмекшілерді табуға болады.