2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру


Әлеуметтік-педагогикалық диагностика (зерттеу жұмыстары)



бет52/52
Дата07.01.2022
өлшемі192,53 Kb.
#19780
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Әлеуметтік-педагогикалық диагностика (зерттеу жұмыстары)

1

Оқушылардың жеке психологиялық медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттеу

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог педагог-психолг медбике

2

Әлеуметтік қорғаламаған оқушылар катигория анықтау (қамқорлықтағы балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, көп балалар және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, девианттық мінез-құлық оқушылар).

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог  медбике сынып жетекшісі

3

Оқушының микроорталығын зерттеу

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог  сынып жетекшісі

4

1-сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік-психологиялық зерттеу.5-сынып оқушыларының бейімделуі деңгейін анықтау.

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог педагог-психолг медбике сынып жетекшісі

4

Балалардың әлеуметтік деңгейін анықтау (сыртқы ортаға кіріге алуы, жоғары сынып оқушыларының құндылық бағдары мен өмірлік маңызы бар жоспарларын мектептің іске асыру дәрежесі);

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог педагог-психолг

5

Оқушының тұлғалық ерекшеліктері мен қабілетін, проблемасын анықтау.

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог педагог-психолг медбике сынып жетекшісі

6

Мектептің әлеуметтік-мәдени жағдайын бағаклау (оқушының жалпы мәдени дүние танымын дамыту және оқушының бос уақытын ұйымдастыру бойынша мектеп қызыметін бағалау)

Қазан

Әлеуметтік педагог

6

Оқушының тәртібіндегі ауытқушылық себебін, отбасындағы қолайсыздық себебін анықтау.

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог педагог-психолг медбике сынып жетекшісі

7

Мектептің әлеуметтік-психологиялық ахуалын анықтау бағалау (педагогтардың тұлғааралық және кәсіптік деңгейдегі қарым-қатынасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас оқушылар мен оқушылар, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас, бір тұтас деңгейі (ұйымшылдығы, бір-біріне көмекке келуге дайындығы)).

Жыл бойы

Әлеуметтік педагог педагог-психолг сынып жетекшісі

8

Білім деру қызыметі деңгейінің ата-ана сұранысына сәйкес келуін анықтау мақсатында сауалнама алу.

Қазан

Әлеуметтік педагог сынып жетекшісі

9

Мүгедек балалардың денсаулығына мониторинг жүргізу.

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог медбике сынып жетекшісі

Қамқорлықтағы және жетім, жартылай жетім балалармен жұмыс

1

Мәліметтер банкін құру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог сынып жетекшілері

2

Әлеуметтік тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару.

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

3

Жалпыға білім беру қорынан материялдық көмек көрсету

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог

4

Қамқорлық бойынша инспектормен кездесу,

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог

5

Әлеуметтік көмек көрсету

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог

6

Саноториялық, курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог медбике

7

Мектепке тегін тамақ ұйыдастыру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

8

ҰБТ кезінде оларды әлеуметтік –психологиялық сүйемелдеу

Маусым

Әлеуметтік педагог педагог-психолг сынып жетекшісі

Мүгедек балалармен жұмыс мәліметтер банкін құру

1

Мәліметтер банкін құру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог медбике сынып жетекшісі

2

Мүгедек балаларды жеке оқытуды ұйымдастыру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

3

Әлеуметтік тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару.

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог

4

Мүгедек балаларды оқулықпен қамтамасыз ету

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог сынып жетекшісі

5

Халықаралық мүгедектер күнін өтеізу

 

Мектеп әкімшілігі әлеуметтік-педагог, педагог ұйымдасытрушысы

6

Әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог медбике

7

Саноториялық, курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог медбике

Девиянттық мінез-құлқы бар балалармен жұмыс

1

Мәліметтер банкін құру

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог сынып жетекшісі

2

Әлеуметтік тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару.

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог сынып жетекшісі

3

Девиянттық мінез-құлқы бар балалармен олардың ата-аналарымен әңгіме жүргізу

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог сынып жетекшісі

4

Девиянттық мінез-құлқы бар балаларды диагностикалау (қызығушылығы, проблемалары, дау-дамай жағдайлары).

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог педагог-психолг сынып жетекшісі

5

Сынып жетекшілеріне қиын балалармен жұмысына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог педагог-психолг сынып жетекшісі

6

Олардық қызығушылығына қарай үйірмелерге тарту

Қыркүйек

Әлеуметтік педагог сынып жетекшісі

7

Балалармен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету

Дер кезінде

Әлеуметтік педагог педагог-психолг

8

Психологиялық-педагогикалық консилниум жұмысына қатысу

Дер кезінде

Мектеп әкімшілігі әлеуметтік-педагог, педагог-психолг медбике

9

Олардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинау, демалысын ұйымдастыру

Сәуір

Әлеуметтік педагог сынып жетекшілері тәлімгер

10

КТІЖБ-мен бірлесіп профилақтикалық жұмыстарын ұйымдастыру

Дер кезінде

Мектеп әкімшілігі әлеуметтік-педагог, педагог-психолг сыныпжетекшілері

11

ҰБТ кезінде оларды әлеуметтік –психологиялық сүйемелдеу

Маусым

Әлеуметтік педагог педагог-психолг сынып жетекшісі

Аз қамтамасыз етілген және көп балалалы отбасылармен жұмыс

1

Әлеуметтік-педагог семинарларына қатысу

Ай сайын

Әлеуметтік педагог

2

Билікті арттыру курстарынан өту

3 жылда бірет

Әлеуметтік педагог

3

Өз білімін үнемі жетілдіру

Үздіксіз

Әлеуметтік педагог

 

 

 



Қосымша Б

"Термнпплогнилық қобдиша"

Аддиктивтік мінез-құлық -шындық өмірден кетуге ұмтылған девианттық мініз-кұлықтың бір түрі. Бұл мінез-кұлық өзінің психикалық жағдайын белгілі бір шартарды  қабылдау арқылы өзгерту немесе көтеріңкі көңіл күйді сақтау үшін назарын нақты іс-қимылда аударуы аркылы білінеді.

Анамнез- баланың тәрбиссі мнн дамуы туралы мәліметтер жиынтығы.

Амбиваленттік –екіжүзділік, яғни адамда бір уақытта екі бір-біріне қайшы келетін беталыстардың (уайым, ұмтылыс, түсінік,т.б  тіршілік етуі).

Ассоциалдық мінез-құлық-қоғамда  әрекетететін ережелерге нормаларға деген немқұрайлық. Қоғамға қарсы құбылыстармен салыстырғанда мұнда нормаларға қарсы әрекет ету ұмтылысы орын алмайды.

Аутизм-адамның сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күй;

Альтруизм-қара басының ғана ғамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын моральдық принсп.

Агрессия-физикалық немесе психологиялық зиян немесе нұқсан келтіруге, басқа адамды немесе  адамдар тобын жоюға бағыталған мінез-құлық, әрекет.

Аксиомма- даусыз, дәлелсіз қабылданатын ереже.

Апатия- енжарлық, селқостық, сылбарлық, көңілдің еш нәрсеге соқпауы, үнжырғаның түсуі.

Аномалия- қалыпты жағдайдан және жалпы заңдылықтан ауытқу, бұрыстық.

Әлеумет- халық бұқарасы, көншілік, жамиғат мағынасында қолданылады, қандай болмасын белгілі бір топқа біріккен адамдардың жиынын көрсетеді.

Әлеуметтке қарсы (қоғамға қарсы) мінез-құлық – жалпы қоғамға, нақты адамдарға қарсы бағытталған мінез-құлық.

Әлеуметтену- тұлғаның қалыптасу процесі, әлеуметтік ортада мақұлданған құндылықтар мен нормаларды меңгеруі, игеруі және сол әлеуметтік ортаға кірігуі.

Әлеуметтік норма- адамдардың қарым-қатынасын ретейтін қоғамда қабылданған мінез-құлық ережесі.

Әлеуметтік топтар мен қоғам – біріккен әрекеттердің нәтижесінде осы топтағы адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын адамдардың бірлестігі.

Әлеуметтік оңалту – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалауысз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесінің органдары мен мекемелері жүзеге  асыратын өмірде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағанды құқықтық әлеуметтік, ден бітімі, психикалық, педагогикалық, моралдық және материялық қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені.

Әлеуметтік қатерлі (қауіпті ) жағдайдағы отбасы - кәмелетке жасы толмаған баланың тәрбиесіне, біліміне, оны бағып қағуына байланысты қатыгездікпен қарайтын отбасы.

Әлеуметтік құндылықтар- тұлғаның қоғамдық маңыздылығы, әлеуметтік қауымдастық қоғамының материялдық, әлеуметтік объектілері, адамның рухани іс-әрекеті мен оның нәтижелері.

 Әлеуметтік-психологиялық бейімделу топтар мен жеке тұлғаның  өзара қаврым-қатынасын оңтайландыру, олардың қызыметтік мақсаттарын, құнды бағдарларын жақындату, көп дәстүрімен жеке индивидтік нормаларды меңгеру арқылы оның ролдік құрылымдық енуі.



Әлеуметтік педагогика- тәлім-тәрбие мекемелерінде, сондай-ақ негізгі міндеті тәрбиелек емес басқа да әр түрлі ұйымдарда барлық жастағы және әлеуметтік санаттардағы адамдардың әлеуметтік тәрбиеленуін зерттейтін педагогика саласы.

Әлеуметтік –педагогикалық іс-әрекет – баланы қорғауға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.бұл іс-әрекет баланың отбасымен, мектеппен, қоғамен қатынасын реттеуге, оқуына, тіршілікке бейімделуіне көмектесуді көздейді.

 Әлеуметтік –педагогикалық кешен – оқу-тәрбие мекемелерінің, әлеуметтік қауымдар мен бірлестіктердің өзара байланысты салмақты жүйесі. Дарынды, науқас жетім, кемтар, т.б балалар тәрбиесінің тұтастығын көздесек, құқықтық экономикалық қорғау  мен әлеуметтік сауықтыру шалараларын жүзеге асырады.



Әлеуметтік стреотип-әлеуметтікобъектің (топ, адам, оқиға, құбылыс жэәне т.б) қоғамда қабылданған орнықты және үстірттеу бейнесі. Әлеуметтік   стреотип идивидтің жеке тәжірибесін талдап қорытудыу нәтижесі және күні бұрын кесіп-пішілген түсінік, пікір ретінде ақпаратың танымдылығы жағдайында қалыптасады.

Әлеуметтік өлшем әдісі – шағын топтағы адамдардың қарым-қатынасын зеріттеу  үшін енгізген зеріттеу әдісі. Басты мақсаты  - топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүдесін анықау.

Әлеуметтік – психологиялық – құзырлық индивидтің тұлғааралық қатынастар жүйесінде өзін қоршаған адамдармен бірлесіп әрекет ете білу қабілеті. Әлеуметтік  психологиялық – құзырлық құрамы әлеуметтік жағдайларда бағдар тұта білу, басқа адамдардың жеке тұлғалық ерекшеліктері мен эмоциялық ахуалын дұрыс айқындау, олармен болатын қарым-қатынасқа бара бар тәсілдерді таңдап алу және мұны бірлесіп әрекет ету үстінде жүзеге асыру.

Әлеуметтік – этностық қарым-қатынастық – ұлтаралық әлеуметтік қарым-қатынастардың көрнісі, оны ұлттық сана сезімнің, ұлттық мақтаныштың көрнісі деуге болады.

Әлеуметтік –педагогикалық профилактика- балалар мінез-құлығында жағымсыз сипаттағы әлеуметтік ауытқушылықтарды болдыратын негізгі себеп пен шартардың алдын – алу немесме жоюға бағытталған ұйымдастырушылық-тәрбиелік іс-шаралар.

Әлеуметтік оқыту- мақсатты бағыталған жүйе және балаларда әлеуметтік дағды-машықтарды қалыптастыру мен әлеуметтік білімді берудің нәтижесі.

Әлеуметтік тәрбие –баланың жемісті әлеуметтендірілуіне қажет тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мақсатты бағыталған жүйесі.

Бағдарлау (ориентация) – алдағы әрекетің бағытын, мөлшерін сезім және ойжүгірту арқылы анықтау. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет баланы қорғауға бағытталған педагогикалық іс-әрекет.бұл іс-әрекет баланың отбасымен, мектеппен, қоғаммен, қатынасын реттеуге, оқуына тіршілікке бейімделуіне көмектесуді көздейді.

Бейімделу-адам ағзасының сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.Бейімделу-физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық әлеуметтік бейімделуі болып бөлінеді.

Вандализм- қоғамға қарсы мінез-құлықтың бір түрі: материялыдқ құндылықтарды бұзу немесе қирату.

Виктимология- педагогика, психология, социология, кримонология түйіндемесіндегі білім саласы, әлеуметтенудің қолайсыз жағдайларының құрбандары болған әр түрлі адамдар катигорияларын зерттейді. Оларға: мүгедектер, жетім балалар, ата-ана қамқорлығынан айырылған, жағдайларға байланысты панасыз және қараусыз қалған балалар, эканомикалық дейгейі төмен, бейморальдық және криминогендік ахуал жалаған жағдайсыз отбасларының балалары жатады.

 Гендер- қазіргі кездегі ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастықпен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік ролдерін т.б. талдаған кезде қолданылатын термин.



Девиация- ауытқушылық, қайсыбір нормадан ауытқу. Термин мінез-құлықтағы, қарым-қатынастағы, статистикалық ауытқуларды белгілеу үшін қолданылады.

Деликт- құқықты норманы бұзатын іс-әрекет.

Делинквет-ауытқыма мінез-құлық өзінің үшқары көріністерінде қылмыстық жазаланатын әрекет болып шығатын субъект.

Дезадаптация – субъектінің жеткілікті шамада және ұзақ уақыт ағымында кейбір негізгі (өірлік) психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыруға қиындататын осындай өмірлік жағдайлардың нәтижесінде пайда болған психологиялық күй.

Жеке тұлғалық-тұлғаның ықпалдастық қасиеті, оның қайталанбайтын жеке психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы.

Индивид – жекелей табиғи тіршілік иесі, даралық белгілердің иесі ретіндегі адам: адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі.

Идептификация – ұқсас, бірдей деп санау – бір нәрсені, біреуді тану, бір нәрсемен, біреумен ұқсастыру, теңдестіру.

Кәсіптік бағдарлау-оқушылардың жеке бейімділігін қабілеттерін және қоғамдық қажеттіліктерін есепке ала отырып, дер кезінде еңбектік іс-әрекеттің түрлерімен таныстыруға  бағытталған мектептің оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі.

Қадағалаусыз қалу-кәмелеттке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететін,олардың мінез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиісінше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс.

Қадағалаусыз қалған бала-ата-анасының немесеолардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиншілердің және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті басқа да оқыту, және бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала.

Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие-бұл «адам-адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие,яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайрымдылық қорлары, ұйымдар, қоғамдар бірлестігі т.б.) тарапынан болатын істер.

Қоршаған орта – адамның тіршілік етуін, қалыптасуын, іс-әрекетін анықтайтын барлық табиғи, қоғамдық, материялдық және рухани жағдайлар. Адамның әлеуметтік ортасы- отбасы, достары, өндірістік,оқу және т.б. ұжымдар мен топтар қамтылады.

Маргинализация – бұл «тұрақсыздық», «аралық», яғни түрлі әлеуметтік паталогиялардың таратылуы.

Мінез-жеке адамның ортамен өзара әрекет етуіне іске асырылатын іс-әрекеттер жиынтығы.

Мінездің потологиялық қалыптасуы – тәрбие кемшіліктері, созылмалы жүйкеге жарақат салатын жағдайдың ықпалымен баланың мінезінің жағымсыз өзгеруі.

Оңалту – қайта қалпына келтіру, аномалды баланы әлеуметтік ортаға енгізуге бағытталған, медициналық-педагогикалық шараоар жүйесі, оның психофизикалық мүмкіндіктері деңгейінде тіршілік және әрекет етуге қатыстыру.

Өмірде қиын жағдайға душар болған балалар – қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен жеңе алмайтын балалар.

Панасыз қалған балалар – тұрғылықты жері жоқ қадағалаусыз қалған бала.

Профилақтика – адамның дене, психикалық және жанының ауыруынан алдын алуға, денсаулығын сақтауы мен өмірін ұзартуға арналғаніс-шаралар жүйесі.

Реабилитация-адамның құқын, мәртебесін, денсаулығын қалпына келтіруге бағытталған кешенді, кезеңі бойынша әрекеттер  жүйесі. Аталған жүйе ауытқушылықтың профилактикасы мен  түзету аспектілерін біріктіреді.

Сауалнама-сұрақтар арқылы мәліметтер жинау. Сауалнама әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылым салаларындағы зерттеулерде қорлданылады. Сауалнам әдістемесі  сауал қою және сұхбаттасу болып екіге бөлінеді.

Сыйысымдылық – тұлғалық ерекшеліктердің ұтымды қатынасы, адамдардың психикалық қасиеттерінің талапқа сай қарым-қатынас пен іс-әрекеттке оңтайлануы.

Социометрия – шағын топтағы тұлғааралық қарым-қатынастардың ерекшелігін зерттеу әдісі. Сойиометриядағы негізгі тәсілі – арнайы сауалнамадағы сұрақтарға жауап бере отырып, топтың әрбір мүшесі өзінің басқаға деген қатынасын білдіреді. Нәтижелері социограммаға немесе социометрияға енгізіледі.

Сыртқа орта –тұлғаның, әлеуметтік қауымының дамуындағы әлеуметтік және физикалықжағдайының жиынтығы.

Стресс-кез-келген күшті әсерден пайда болатынпсихофизиалогиялық күй.

Субъект – болмысты тану мен өзгертудің қайнары ретіндегіиндивид немесе топ,белсенділікті жеткізуші.

Суицид –жан дүниесі қатты күйзелген күйде не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзі-өзін өлтіру жағдайы.

Тұлғаның әлеуметтенуі – тұлғаның индивидуалдық әлеуметтік ортаға кіру процесі, оның тәжірибелік және теориялық әрекеттегі дағдыларды меңгеруі, шынайы қарым-қатынастардың тұлғаның қасиетіне айналуы.

Тұлғаның әлеуметтену – қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін әлеуметтікинститул ретінде тәрбиені зертейтін ғылым саласы.

Тәуекел тобындағы отбасы- бұл кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе олардың заңды қамқоршылары балалар тәрбиесіне қатысты міндеттемелерін орындамай немесе олардың мінез-құлқына жағымсыз әсет ететін, олардың құқығына қарсы әрекеттер жасаған отбасы.

Тәуекел факторы – ағзаның потологиялық жағдайына сепепкер болатын сыртқы және ішкі ортаның түрлі жағдайлары.

Толеранттылық-шыдамдылық,төзімділік,психикалық тұрақтылық, яғни қайталанған әсерлерге дегенсезімталдықтың нәтижесінде қалыптасқан көнбістік.

Тұлға- жеке ерекшеліктері бар қошаған ортаға деген өзінің қатынасын сезінген, қызыметтің белгілі бір түрімен айналсатын әлеуметтікқауымдастықттың белгілі өкілі нақты адам.

Тұлғаның дүниетанымы –тұлғаның негізгі бағыты,өз-өзіне, табиғатқа адамның қоғамғақатынасы, жалпы әлемге деген көзқарастар жүесі.

Тұрмысы қолайсыз отбасы- кәмелеттке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкілдері оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күтужөніндегі өз міндеттерін орындамайтын және олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін отбасы.

Транс-сананың бұзылуы,айналадағы жағдйятты және өз қылықтарының мақсаттарын ұғынбай, мінез-құлықтыңкүрделі актілерін бірнеше минут бойына не одан да ұзақ уақыт автоматты түрде атқарудан көрінеді.

Эмпатия-адамның қасиеті,сезімі арқылы басқа адамдардың ұқсастыруы, өзін басқаның орнына қойып, оның жеке бастық мағыналарын игеруі.

Фоктор-қандайда бір процесттің, құбылыстың қозғаушы күші, себебі.

Фанаттық мінез-құлық- белгілі бір идеяға, қөзқарасқа жан-тәнімен берілу.

Эпикриз-аурудың себебін,емдеудің дамуы мен нәтижесі енгізілген қорытынды диагноз.

Эмпатия-өзге адамның жан-дүниенің сыры мен жай-күйін білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру.

 

 



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми  түсіндірме сөздігі «Педагогика және психология» А.Мектеп-2002 ж.

2. «Методика и технологии работы социального педагога» М.А. Галагузова Х.В.Мардахаев. М. Академия 2004 г.

3. «Методическая помощьсоциальному педагогу образовательного учреждения но ведению текущей дакументации» А.И.Ситиик. А.В.Мисько. М.Академия 2005 г.

4. «Методика и технологии работы социального педагога» Н.А.Шентенко.Г.А.Воронина М.Академия 2002 г.

5.Шпаргалка по социологии Н.В.Аскеров. Е.В.Белова, Н.А.Мельникова М 2000г.

6.  «Девиантты мінез-құлық жасөспірімдерімен түзетушілік- педагогикалық  жұмыс атқару»К.М.Арыбаева Шымкент

7.Профилактика подросковой девиации: Теория и практика А.И.Тееленко М.С.Керимбаева А.2005г.

8.Социальная педагогика: введение в специальность А.И.Тееленко А.2005г.

9.Народное образование Российский общественно-педагогический журнал №2 2006г.М

10.Педагогика. Практикум и методический материалы. Коджаспирова М.

11.Мектептегі психологиялық диагностика. Власова Н.В. Шабажанова С.Қ.

12.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. Республикалық педагогикалық журнал №5.2006ж.

13.Психология. Социология. Дефектология. Республикалық педагогикалық журнал №3.А.2005ж.

14.Бастауыш мектеп.Республикалық-ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал №1.А.2006ж.

15. Қазақстанның білім және ғылым әлемі. Республикалық-ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журнал №3.2006ж.



16.Социология педагогика журнал №1.2.3 М 2007ж.

Мәлімет сізге көмек берді ма

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет