Орындаған: Касимова Роила Тексерген: Балнұр Ержанқызы Алматы 2023 инклюзивті білім берудің маңызы



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі48,65 Kb.
#118745
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті



Факультеті: Педагогика және психология


Кафедрасы: Бастауыш білім беру
СӨЖ
Тақырыбы: ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
Орындаған: Касимова Роила
Тексерген: Балнұр Ержанқызы


Алматы 2023


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

«Инклюзивті білім» ұғымы, біздің өмірімізге 1996 жылдан бастап енді, қазір көп елдерде заң жүзінде бекітілген. Бұл Батыс Европада да, Америкада да, Латын Америкасына да қатысты. Шет мемлекеттерде де табыспен жүзеге асуда. Сонымен, инклюзия бұл - қазіргі кездегі қажеттілік. Әр баланың жеке тұлғасы қымбат бола тұра, біздер сенімдіміз, ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік ортаға кіру үшін отбасынан басқа орта керек, басқа балалармен араласу керек, ата-анадан басқа мұғалім қажет.


Инклюзивті білім берудің негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты жатыр.
Инклюзивті білім беру жағдайында қойылатын талаптар:
- МШБ оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
- мектептің физикалық тұрғыдан қол жетімділігін қамтамасыз ету (лифтілер, пандустар, арнаулы жиһаз);
- кадрлармен қамтамасыз ету;
- жалпы білім беру үдерісіне ендірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау жасау;
- арнаулы техникалық жарақтармен қамтамасыз ету (есту, көру, сөйлеу мүшелерінің ақаулықтары бар балалар үшін);
- педагогтарға, мүмкіндігі шектеулі және сау балаларға, оқушылардың ата-аналарына, сондай-ақ мектептің техникалық персоналына кеңестер беру.
Инклюзивті білім беру – балаларды жалпы білім беру процесіне толықтай қосу үшін балаларды бір-бірінен ажыратып, кедергілерге ұшырамауға бағытталған және олардың жасына, жынысына, этикасына, дініне қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекеттік саясат.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж балаларды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет. Осы әр түрлі жер бетіндегі елдердің мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық деңгейлерінің дамуына байланысты инклюзивті білім беру принциптері анықталады:

  • жалпы білім берудің жоғарғы сапалары;

  • балалардың отбасындағы жағдайы;

  • оқытумен тәрбиелеу кезіндегі ата-анасының қатысуы;

  • мұғалімдердің әр түрлі өзгерістерге дайын болуы, балалардың құқықтары мен қабілеттерін есепке алып отыру;

  • жалпы білім беру мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу;

  • нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетіуі;

  • демократиялық қоғамға орналастыру және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға кепілдеу;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тиімді білімділікпен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына араластыру.

Ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
Инклюзивті білім беру – мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді.
Жалпы білім беретін мектепте сау балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлесіп (интеграциялы) түрде оқуын ұйымдастыру консилиум арқылы әзірленеді. Консилиумға мектептің пән мұғалімдері, педагог-дефектологтар, психологтар қатысады. Жеке бағдарлама есту, сөйлеу, көру қозғалу мүшелері мен интеллектісінде ақаулықтары бар оқушылардың танымдық мүмкіндігіне бейімдетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет