[3, 10 б.], деи келе, қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшаларға жіктеп көрсетеді. Ғалымның пікірінше



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата21.04.2023
өлшемі195,1 Kb.
#85301
1   2   3   4   5
Ша, -ше қ
осымшасы
 туралы. Қазақ тілінде -ша, -шеқосымшасы үстеу тудырушы өнімді 
жұрнақ ретінде танылады. Осы сөз табының сөз тудырушы жұрнақтарының негізгісі 
болып саналады.
Ы.Е.Маманов бұл тұлғаны таза сөзжасамдық жұрнақ бола алмаи тынын, оның о 
баста 
форма тудырушы
қосымша болғандығын тілдік фактілер арқылы дәлелдеп көрсетеді. 
Ы.Маманов -ша, -ше қосымшасының тілдік табиғатын кеңірек ашуға тырысқан. 
Ғалымның пікірінше, түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің материалдары -сыз, -сіз, -
дай, -дей, -ша, ше қосымшалары зат есімнің функциялық формаларын тудыратын 
грамматикалық көрсеткіш екендігін аңғартады. Бұлардың басқа қосымшалардан 
ерекшелігі – барлық зат есім түбірлеріне, туынды түбір сөздерге ұи тқы бола алмаи тын 
жалқы есімдерге, жіктеу, сілтеу есімдіктеріне, көптік, тәуелдік, және есімше 
формаларына (есімшеге -сыз, -сіз формасы жалғанбаи ды) түгелдеи жалғанып, жалғанған 
сөздеріне болымсыздық, жоқтық, салыстыру, ұқсату мағыналарын үстеи ді», – деп 
жазады. 


Қазақ тіл білімінде Қ.Шаяхметов -ша, -ше қосымшасын да екі 
функциялы деп
 анықтап, 
зат есімнің жекеше түрдегі атау тұлғалы қалпына қосылып, сөзжасаушылық қызмет 
атқарады деи ді. Соның нәтижесінде үстеу категориясына жататын жаңа сөздер жасаи ды. 
Мысалы: ескі бише, ақынша, қазақша т.б. Ғалым -ша, -шеқосымшасының форма 
тудырушылық қызметін он түрлі жағдаи да көрсетеді. Олар: етістіктің есімше негіздеріне 
жалғанып (келгенше, барғанша); болымсыз түрдегі көсемше формалы етістік негізіне 
қосылып (көрсетпеи інше, бермеи інше); -у тұлғалы қимыл есімдеріне қосылып 
(көрсетуінше, аи туынша); көпше формадағы зат есім негіздеріне қосылып (шеберлерше, 
қыздарынша); модальдық сөздерге қосылып (мүмкіндігінше, керегінше, қажетінше); сын 
есім негіздеріне қосылып (үлкендерше, басқаларша); үстеу сөздерге қосылып (бүгінше, 
қазірше, биылша); сан есімдерге жалғанып (тоғызынша), жалқы есімдерге қосылып 
(Оразбаи ларша, Жібектің Төлегенінше); есімдіктерге қосылып (сендерше, қалаи ша, 
барша) форма тудырушы қызмет атқарады [32].
-сыз,-сіз 
Қазақ тіл білімінде Қ.Шаяхметов -сыз, -сіз қосымшасы жекеше түрдегі, атау тұлғалы зат 
есім түбірлеріне қосылып қатыстық сын есім тудырады, бұл оның ең басты, 
негізгі 
функциясы деп
, бұл тұлғаның форма тудурушы қызметін он бір түрлі жағдаи да 
көрсетеді. Олар: зат есімдердің көптік, тәуелдік жалғаулы негіздеріне қосылып 
(министрінсіз, штабтарсыз); мезгіл, уақыт, шама, өлшем мәнді есімдер тіркесіне қосылып 
(бір-екі аи сыз, он жылсыз); сан есімдерге қосылып (біреуінсіз); модаль сөздерге қосылып 
(керексіз, қажетсіз); негізгі үстеулерге қосылып (бүгінсіз); заттанған синтаксистік 
формаларға қосылып (Ои бауырымсыз); жалқы есімдерге қосылып (Абаи сыз); 
есімдіктерге қосылып (менсіз); у тұлғалы қимыл есімдеріне қосылып (тартусыз); есімше 
негіздеріне қосылып (келушілерсіз) форма тудырушы қызмет атқарады [32].
Қазақ тілінде -сыз, -сіз қосымшасына антонимдік мағынаны білдіретін -лы, -
лі қосымшасы бар. Қазақ тілі оқулықтарында бұл тұлға сын есім тудырушы жұрнақ 
ретінде қаралады. -Сыз, -сіз қосымшасы жалғанған сөзіне жоқтық мағына үстесе, -лы, -
лі қосымшасы бұған керісінше, барлық, осы мағынамен баи ланысты иелік, молдық, 
көптік, тәуелдік мағына береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет