[3, 10 б.], деи келе, қосымшаларды сөз тудырушы және форма тудырушы қосымшаларға жіктеп көрсетеді. Ғалымның пікірінше



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата21.04.2023
өлшемі195,1 Kb.
#85301
1   2   3   4   5
-дай, -дей 
Бұл қосымшаның септік жалғауындық қызметі барын көрсеткен Ғ.Мұсабаев болды. Бұл 
ораи да ғалым -дай, -дей тұлғасы, біріншіден, “сияқты, секілді” 
шылау сөздерімен мәндес

екіншіден, сөз бен сөзді баи ланыстырады, үшіншіден, жалғанған сөзінің лексикалық 
мағынасын өзгерпеи ді, төртіншіден, барлық сөз табына дерлік жалғана алады деген 
критерии лерді ұстанады. Алаи да, мақала соңында -дай, -дей қосымшасын сын 


есім 
тудырушы аффикс деп көрсетіп
, екі жақты пікірге келеді. Ғалым өзінің 
мақаласында -дай, -дей аффиксін жалғаудан бүтіндеи қол үзбеген, жалғауға аи налып бара 
жатқан аралық категория ретінде қараи ды. “Қорыта келгенде, -дай, -дейқосымшасы түрлі 
кезеңдерден өтсе де, әлі жіктеліп жетпеген, екі жағы бар деуге тиіспіз. Оның бірі сөз 
арасын баи ланыстыратын жалғаулық мәні, екіншісі – өзі қосылған сөзге үстеме 
мағына 
туғызып
, жалғау категориясы тұлғаларынан бұрын жалғанып, жұрнақтық мәнге ие 
болуы. Сөи тіп, бірде жұрнақтық, бірде жалғаулық қызметін атқаруы -дай қосымшасының 
ерекшелігі” [36] 
Қ.Шаяхметов сын есім тудырушы -дай, -дей қосымшасын екі функциялы қосымша деп 
анықтаи ды. Оның пікірінше, -дай, -дей 
қосымшасы жекеше
, атау тұлғалы зат есім 
түбірлеріне жалғанғанда сын есім тудырып, сөзжасамдық қызмет атқарады. Ал есімше, 
көптік, тәуелдік, -нікі, -дағы, -дегі формаларынан кеи ін, 
жалқы есімдерге
, модаль 
сөздерге жалғанып форма ғана тудырады деи келе, бұл қосымшаны екі 
функциялы 
аффикс деп
көрсетеді. 
Ы.Мамановтың -дай, -дей қосымшасын форма тудырушы деп тануына бұл тұлғаның 
мынадаи тілдік сипаты негіз болған. Біріншіден, -дай, -дей жұрнағы өзі жалғанған түбір 
сөздің лексикалық 
мағынасын өзгертпеи ді
, оған салыстыру мағынасын үстеи ді. 
Екіншіден, бұл тұлға сөзжасам қосымшаларының талғап жалғану шартына толық сәи кес 
келмеи ді. Ол сөзді талғамаи жалғанады. Бұл критерии ді Ы.Е.Маманов форма тудырушы 
қосымшаларға тән екінші сипат, яғни форма тудырушы қосымшалар грамматикалық 
абстракция жасаи ды деп көрсетеді. 
Екі функциялы аффикстердің тілдік табиғатын зерттеген Қ.Шаяхметов -дай,-дей – дің 
форма тудырушы қызметін көрсетумен қатар, оның зат есім түбірлеріне жалғануы 
кезіндегі қызметін сөзжасамдық деп көрсетеді. Бұл теория бои ынша, -дай, -
дейқосымшасы барлық зат есімдерге жалғанғанда сөзжасаушы қызмет атқарады деген 
сөз. Алаи да, бұл тұжырымның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу үшін біршама зат есім 
түбірлерініне -дай, -дей тұлғасын жалғап көреи ік. Мысалы: баладай, түймедей, таудай, 
аюдай, кітаптай, қаламдай, үстелдей, кілемдей т.б. Осы мысалдардағы -дай, -
дей қосымшасының 
қызметі бірдеи емес
, бірінде сөзжасамдық бірлік жасаса, енді бірінде 
сөи леу бірлігі болып салыстыру формасындағы зат есім болып тұр. Үстелдей, кілемдей, 
қаламдай, баладай сияқты сөздерде тек салыстыру мағынасы ғана бар да, 
ал түймедей сөзі – кішкентаи , таудай – үлкен, аюдай – ірі, дәу деген мағыналарды 
білдіреді. Бірақ бұл соңғы мысалдарда салыстыру мағынасы мүлдем жоқ деуге 
болмаи ды. Сөи леу жағдаятына қараи ол сөздер таза салыстыру мағынасында да 
қолданылуы мүмкін. Мысалы: Үлкендігі осы т ү й м е д е й бар-ау (Ауызекі). Бағанағы 
аюдаи үлкен емес екен (Ауызекі). Осындағы түймедей, аюдай сөздері зат есімнің 
салыстыру формасында тұр. Бұл -дай, -дей 
қосымшасының негізгі қызметі
, яғни форма 
тудырушы қызметі. Ал олардың кішкентаи , ірі, дәу мағыналары - екіншілік сөзжасамдық 
мағыналар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет