-лық,-лік Қазақ тілінде жоғарыда сөз болған қос қызметті деп аталып жүрген қосымшалар
қатарына -лық, -лікқосымшасы да жатады. Қазақ тілі оқулықтарында бұл қосымша зат
есім мен сын есім тудырушы қосымшалар қатарында қарастырылады. Ғалымдардың бір
тобы бұл қосымшаны
зет есім құрамында қараса
, енді бір тобы сын есім тудырушы
жұрнақ деп көрсетеді.
Қазақ тіл білімінде -лық, -лік қосымшасын екі функциялы аффикс деп анықтаған
Қ.Шаяхметов оның зат есім мен сын есім тудырушы функциясын негізгі функциясы деп
көрсетеді. Форма тудырушы функциясын мынадаи сипатта анықтаи ды: жалқы есмдерге
қосылып форма тудырушы функция орындаи ды; есімдіктерге жалғанып форма
тудырады; модаль сөздерге қосылып стильдік мақсаттағы дәлдеуші, нақтылаушы рөл
атқарады; түрік изафетіндегі тіркестердің соңғы сыңарына қосылып, форма жасаи ды (Ат
теріндік бірдеме ауларсыздар); етістіктің есімше негіздеріне қосылып форма тудырушы
қызметте болады (Одан бас тарт деуіңізді озбырлық, басынғандық, қорлағандық деп
білемін) [32].
Ы.Маманов былаи деп тұжырым жасаи ды: «-Лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік қосымшасы
зат есім, сын есім, сан есім және өткен шақ формасына түгелдеи жалғанады. Бір сөз табын
немесе бірнеше сөз табын толық қамту грамматикалық форма тудырушы морфемаға тән
қасиет. Олаи болса, -лық, -лік қосымшасының о бастағы негізгі қызметі форма тудырушы
екендігі, келе-келе бұл формадағы кеи бір сөздердің белгілі бір ұғымда ұдаи қолданылу
нәтижесінде мағыналары нақтыланып, туынды түбір сөзге аи налуы заңды құбылыс» [
А.Жаңабекова -лық, -лік қосымшасы туралы мынадаи пікір аи тады: «-Лық, - лік қосымшасы барлық зат есім сөздерге жалғану мүмкіндігі бар жұрнақ. Бірақ бұл тұлға
жалғанып жасалған сөздердің барлығы бірдеи сөздік құрамға енетін дербес лексикалық
единица бола алмаи ды. -Лық, -лік тұлғасы жалғанып жасалған сөздердің барлығы бірдеи
сөздік құрамға енетін дербес лексикалық единица бола алмаи ды. -Лық, -лік тұлғасы
жалғанып жасалған нақты зат атаулары тілімізде көп емес. Мысалы: инелік, орындық, түндік, кездік, өсімдік, сыйлық, базарлық, қалыңдық т.б. Бұл аталған сөздер, әрине, -лық, лік қосымшасының қатысуымен жасалған туынды сөздер екендігі дау тудырмаи ды.