айдана ҚҰмароВа
Бударин ОЖББМБ-ның Ұланбасы
Ақжайық ауданы
менің сүЙікті
Ұстазым
Мектеп – білім нәрімен сусындататын ыстық ұя. Ал
мектептің жүрегі – ұстаз. Ұстаз – жас ұрпақтың рухани
сәулеткері,қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын
тапсыратын сенімді өкілі,ұлағатты есім.Шәкірттерін
білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беру , жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт
–бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
Әр адамның сүйікті ұстазы бар. Менің сүйікті ұстазым
– Актаева Роза Тілегенқызы. Ол кісі физика пәнінің
мұғалімі және біздің сынып жетекшіміз. Роза апай біздің
екінші анамыз секілді , себебі бізге әрдайым қамқор
болады. Ол кісінің арқасында физика пәні менің сүйікті
сабағыма айналды В.Маяковский өз сөздерінің бірінде
былай деген: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі,қандай
істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек».
Роза Тілегенқызы біздің мектептің мақтанышы, жан-
жақты, әрі тәжірибелі ұстаз. Ол өзінің шәкірттерін үнемі
жарыстарға қатыстырып, олардың оқуға деген ынтасын
арттырып жүреді. «Ұстаздық қылған жалықпас,үйретуден
балаға», – демекші менің ұстазыма алғысым шексіз.
диана асаноВа
Госплемстанция негізгі орта мектебінің
9-сынып оқушысы
Теректі ауданы
Отзыв о работе учителя
русского языка и литературы
Утегалиевой Гульмиры
Каиржановны
Гульмира Каиржановна работает в нашей школе с
1999 учебного года. С 1999 учебного года работает
предметником в старших и средних классах Я знаю ее как
очень требовательную, принципиальную, справедливую,
добросовестно относящуюся к своей работе коллегу . Ее
любят дети, уважают родители, большим авторитетом
пользуется у своих коллег. Ее учащиеся – активные участники
предметных олимпиад по русскому языку и литературе.
Гульмира Каиржановна всегда в творческом поиске, находит
новое и смело апробирует на своих уроках. Она добивается,
чтобы каждый ученик владел языком, хотя бы на своем
уровне. Гульмира Каиржановна умело организует все виды
коллективной и индивидуальной деятельности, корректирует
индивидуальное развитие своих учащихся. Неоднократно
делится своим опытом на педагогическом совете,печатается
в журналах и газетах.
«С нею легко найти общий язык, если что не так,
Гульмира Каиржановна посоветует, подскажет, обязательно
протянет руку помощи», - вот слова ее коллег , а это самая
справедливая оценка о работе учителя.
Г.салхатиденоВа
Учитель начальных классов
Чижинскай СОШД
Таскалинский район
Современный Казахстан – независимое, суверенное, демократическое государство со
стабильной экономикой и беспроигрышным планом на будущее. Сегодня Казахстан смело заявляет о
себе, о своих правах и целях. Президентом нашей страны является поистине мудрый человек, тонкий
политик, стратег и настоящий патриот, Н.А.Назарбаев.
Благодаря его правильной политике и грамотному правлению государством, на нашей земле
проживают более 130 национальностей в мире и согласии.
Большое внимание уделяется и молодежи.
Для процветания своей страны, я должна сделать всё , что в моих скромных силах! А именно:
хорошо учиться, чтобы потом достичь хороших результатов, добиться каких- то достижений.
Но среди всего этого я должна приложить свой силы для процветания своей малой родины.
Малая родина – это место, где начинаются твой открытия и интересы. Место, где впревые с молоком
матери ты впитываешь любовь к своей стране, к ее истории.
Ремонт дорог, обеспечение питьевой водой, оснащение интернетом –это все проблемы ,
которые решаются на данный момент, но от этого они не стали завтрешними.
В будущем мой вклад в развитие государства будет состоят в том, что по программе
«Болашак» при хорошей подготовке я смогу учиться в зарубежных странах. Многие молодые люди
возвращаются в свой поселки и города, чтобы улучшить жизнь своих земляков.
Огромное внимание уделяется государством на развитие малого и среднего бизнеса,
развитию животноводства. Молодые специалисты с усердием и с новыми замыслами начинают
работу в сельских школах. Примером этому молодые педагоги, которые пришли работать в нашу
Чижинскую школу.
Но главное , что я могу сделать для процветания своей страны это быть милосердным, стать
патриотом своей родины, охранять природу, защищать интересы своей семьи.
бекболова айзада 13 лет
Чижинская средняя общеобразовательная школа –детсад.
П . Чижа 2,Таскалинский район
Менің ұстазым
Менің ұстазымның есімі – Шабал Өсербайқызы. Апайымның берген білімінің арқасында мен
барлық пәнді терең игеріп, өте жақсы оқушы болып жүрмін. Бірінші сыныпқа келгенде мен не жазуды,
не оқуды білмейтінмін. Ұстазымның арқасында мен бәрін де жақсы нәтижеге қол жеткіздім. Арманым,
осы өмірде менің ұстазымдай ұстаздар көп болса екен. Біздің сыныпта 26 оқушы оқиды. Мұғаліміміз
Шабал Өсербайқызы барлығымызға бірдей қарап, білімін аямайды. Кең пейілді, жарқын мінезді
мұғалім бізді ылғи биіктерден көргісі келеді. Ұстазымыз бізге әрбір сабақты қызықты да, тартымды
қылып түсіндіреді.
Мінезі гүл жайнаған,
Білім бойда қайнаған,
Ұлағатты ұстаздар,
Бала қамын ойлаған.
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,- дегенді қазақ бекер айтпаған. Мен ұстазыммен мақтанамын.
оксана ГабдылГазизоВа
№42 «Ақ ниет» гимназиясының
2 «е» сынып оқушысы
Ұстаз, ана – ардағым
№3 (211) 17.02.2015 ж.
№3 (211) 17.02.2015 ж.
9
Сүйікті Әліппем !
«Жақсылыққа
жақсылық – әр кісінің ісі»
Біз, Әліппеден қырық екі әріппен таныстық. Әліппе де көптеген мәтіндер болды. Мақал-мәтел, жұмбақтар
үйрендік. Біздер дауысты, дауыссызды айыра білдік.Буындарды қосып үйрендік. Әліппе саған мың алғыс!
мансұр ерлан
№1ЖОББМ-нің 1-сынып оқушысы, Орал қаласы
Достық деген ол бірге жүріп,
қиындықта көмектесіп, әрдайым
қасыңнан табылатын, сенің
жүрегіңде бір мін болса, сені
жұбататын сол досын. Қайғыда
да қуанышта да болатын адал
дос. Біреулер ойлайды дос
деген саған дүкеннен тамақ
алып беріп, жөн-жосықсыз
сыйлықтар беретін адамдар
ғана адал дос деп, бірақ бұл сөз өмірдегі ең қате түсінік.
«Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын». Осы
мақалға сүйенсең сенің бірталай адал досың болады.
Осыны түсін.
Әсем: Сәлем, Сабина, қалың қалай?
Сабина: Жақсы, өзің?
Әсем: Күшті не істеп жатырсың?
Сабина: Сабақ оқып жатырмын.
Әсем: Сабина сенің анаңның ақшасы қайда тұрады?
Сабина: Неге, анамның сөмкесіндегі әмианында
тұрады, оны неге сұрадың?
Әсем: Жай, ол сөмкесі қайда тұрады?
Сабина: Өзінің бөлмесінде.
Әсем: Сабина сен қазір анаңның бөлмесіне кіріп
анаңнан 10000 теңге алып шық, оны ешкім білмей
қалады.
Сабина: Қойшы, өз анамнан ақша ұрлаймын ба, сосын
оны неге жұмсаймыз?
Әсем: Менің аяқ киімім жыртылып қалды, мен күшті аяқ
киім көрдім, соны алайын деп едім. Мен үшін, сосын өзім
қайтарам. Өзімнің ата-анам бермейді, ондай ақшалары
да жоқ.
Сабина: жарайды досымсың ғой, ертең сабаққа
апарамын.
Сабина апарып береді, сосын Әсем оған етік алмай
өзіне смартфон телефон алады да жоқ болып кетеді. Ал
Сабина болса ата-анасынан ұрыс естіп жүреді. Әсемге
қоңырау шалса, «қойш мен сенен ақша алған жоқпын,
енді маған звондама, ұқтыңба»,- дейді. Ал Сабина болса
өзінің алданғандығын біледі. Ол анасына жағдайдың
қалай болғанын түсіндіріп айтады.
Анасы: Қызым бұл өмірде достың екі түрі болады.
Бірі адал достық, екіншісі амал достық. Сен сол амал
досыңның арбауына түсіп қалыпсын. Оны түзету үшін
алдымен сол досыңмен жайлап сөйлес дейді. Сабина
Әсемге қоңырау шалып бір жерде кездесулерін сұрайды.
Әсем екеуі кездеседі.
Әсем: Неге шақырдың?
Сабина: Менің сені шаырған себебім, мен осы кезге
дейін өмірде амал достың барына сенбейтін едім.
«Жаман дос көлеңке, басыңды күн шалса қашып құтыла
алмайсың, басыңды бұлт шалса іздеп таба алмайсың».
Осы сөзді жаңа ғана түсіндім. Сен неге мені алдадың?
Әсем: Кешірші достым мен сенің ақшаңды қайтарсам,
сен мені кешіресіңбе?
Сабина: Мен сенен ақша сұрап тұрған жоқпын, тек
сенің маған айтқан өтірігің, ауыр сөздерің жаныма батып
кетті.
Әсем: Иә, досым, «Досыңның көзінде болғанша,
көңілінде бол»,- дейді. Мен сол досымның көзінде
болыппын. Мені кешір.
Сабина: Жақсы досым, екеуміз енді мәңгі дос болып,
қаламыз екеуміздің достығымыз енді ажырамайды.
Екеуі бірге: «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау
алмайды», - дейді.
Осылайша Әсеммен Сабина дос болып қалады.
жанерке даВлеткалиеВа
Жаңақала аудандық
мектептен тыс жұмыс орталығы «Сөз мерген»
үйірмесінің мүшесі
«От шашудың да
орны бар
От шашу жарқ-жұрқ еткен әдемі жарықтар.
Ол адамның көңіл күйін көтеріп, қуантады.
Жаңа жыл уақытында көп от шашулар көрдім.
От шашудың көп түрлері болады. Гүл болып
ататын, шашырайтын, бір рет қана атылатын от
шашулар.
От шашу өте қаупті және зиян. Сондықтан да
оған өте сақ болған жөн.
темирхан мҰратоВ
№ 46 ЖОББМ-нің , 2 «д» сынып оқушысы
Естен
кетпес жаңа жыл
Мен Президенттің балаларға арналған жаңа жылдық шыршасына
бардым. Маған бәрі-бәрі қатты ұнады. Ертегі, кино кейіпкерлерінің керемет
көрінісі, жарқыраған шырша шамдары, сыйлықтар және де Елбасының
құттықтау хаттары ұнады. Мен осы сәтті пайдалана отырып Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевқа, Облыс әкімі Н.А.Ноғаевқа шын жүректен шексіз алғысымды
білдіремін.
зәуреш сыдихоВа
ЖББ Ұзынкөл орта мектебінің оқушысы
Жәнібек ауданы
Менің ауылым Жайық өзенінің жағасында орналасқан шағын
ғана ауыл. Ауылда орта жалпы білім беретін мектеп бар және көп
жылдар бойы жұмыс істемей тұрған ескі клуб үйі бар еді. Өткен
жылқы жылында осы клуб үйіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жаңа 2015 жылды ауыл тұрғындары жап-жаңа клубта қарсы
алды. Қазіргі уақытта жарқыраған клуб ғимараты ауылымыздың
ажарын келтіріп тұр. Ауыл жастарына түрлі мәдени шаралар
ұйымдастырылуда.
Қазақ халқы үшін қасиетті саналатын жылқы жылының біздің
ауыл тұрғындарына сыйлаған тағы бір басты жаңалығы –
ауылымызға көгілдір отынның тартылуы. Жыл санап ауылымыз
көркейіп келеді. Осындай игі істер қой жылында да жалғасын
табады деп сенемін.
әліби Қуаныш
Кеңсуат орта жалпы білім беретін мектебінің оқушысы
Кеңсуат ауылы, Ақжайық ауданы
Жақсылық – өмірдегі адамның бейтаныс, мүмкін жақыны
болсын, бір жақсы іс істесе, бұның есімі – жақсылық. Жақсылық пен
жамандықтың арасы жер мен көктей. Жақсы адам өмірде бақытты,
шаттықты, көңіл-күйі көтеріңкі болады. Оның бақытқа бөлеуін,
жақсы ісін істеу, адалдық, еңбекқорлық жақсылыққа апарады.
Жақсылық – адамның іс-әрекеті.
Биік төбеге шықсаң,көзің ашылады,жақсымен сөйлессең, көңілің
ашылады, - деп бекер айтапған шығар, ақын Мұзафар Әлімбаев.
«Жақсы болсаң – жақын көп». Адамдар бір-біріне жақсылық жасай
отырып, бір-біріне жақсы қарым-қатынас жасайды. Жақсылық
жасай отыры, өзіңнің ортаңда сыйлы, абыройлы боласың. Жылы
жүрек, ақ ниет, жан ашуы жақсылыққа бастайды. Жақсылыққа
ұмтылу, адамды бақытқа бөлейді. Жақсы сөздің өзі адамды рахатқа
жеткізеді. Адам баласы жақсылықпен мұратына жетеді.
әділхан мҰхсит
Подстепный қазақ ЖОББМ-нің 4 «б» сынып оқушысы
Теректі ауданы
Пайдалы демалыс
Анам інім екеумізді кезекті демалысымызда Бөкей Ордасындағы Жәңгірхан мұражайына апарды. Бізді
мұражаймен мұражай қызметкерлері таныстырды. Ондағы әр заттың тарихын айтты. Мектептің бірінші рет
Бөкей Ордасында ашылғанын, газеттің бірінші рет сол жерде шыққанын білдім. Жәңгірханның тұрған үйін,
жұмыс орнын, алма бағын өз көзіммен көрдім. Өзіме көп нәрсе түйдім, бұл мен үшін ең пайдалы демалыс
болды.
аяна аЙғалиеВа
№10 ЖОББМ-нің 2 «д» сынып оқушысы
Өмірде салар өз ізім
Мен өскенде ақын болғым келеді. Себебі ақындар жақсы өлең жазып кітаптар шығарады. Ақындар
жақсы сөйлейді, терең ойлайды. Мен өлең оқығанды жақсы көремін. Маған Абай Құнанбаевтың, Ыбырай
Алтынсарин, Ілияс Жансүгіровтың өлеңдері ұнайды. Осындай тұлғалардың өлеңдері бойыма рух дарытады.
азиза батыроВа
М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ 3 «в» сынып оқушысы
«Игі істер»
Қаламыздың әкімі біздің шағын ауданға шырша, қарағайлар егіп, өрелі іс
жасады. Бірақ егілген ағаштарды уақытында қарау, қадағалау бек қиын болды.
Себебі шағын аудан тұрғындары айналаға жауапкершілікпен қарамады. Бұтақтарын
сындырып, қамқорлық көрсетпеді. Дегенмен әкімнің нәтижелі еңбегінің арқасында
халық алдында тасы өрге домалады. Ол қаламызды көркейтуде көптеген еңбек
сіңірді. Мен де өскенде қаламды гүлдендіруге ат салысамын.
ақмейір салимжаноВа
№ 46 ЖОББМ-нің2 «В» сынып оқушысы
жарас әмірхан, Тегісшіл НЖОББМ-і,
даярлық тобының оқушысы
«Дос тұтқанды қадірле»
/екі достың диалогы/
№3 (211) 17.02.2015 ж.
№3 (211) 17.02.2015 ж.
10
Алға
Өздерің жазған хаттардан
Қыс
Ақ қолғаппен құшақтап
Соққылайды қыс аппақ.
Өзен, теңіз, тау төбе,
Тегіс аппақ сәукеле.
Күз
Қайың, терек басынан,
Сарғыш тартып жапырақ.
Олар түсіп шашылар
Жел үрсе тек қалтырап.
Мәуе пісіп балбырап,
Маужыраған қоңыр күз.
Алма пісіп албырап,
Көз тартады көріңіз.
ғазиза сағындыҚ
М.Әуезов атындағы
жалпы орта білім
беретін мектептің 3-сынып оқушысы
Жұбан елі, Ақжайық ауданы
Төрт түлігім - қазынам
Төрт түлік мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Біздің халық төрт
түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, зеңгі баба, шопан ата
деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп(аша, айыр) тұяқ, тақ(тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе
малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. «Нар жолында жүк қалмас»
деген мәтел осыдан шыққан болар. «Ат – ердің қанаты», «Мінсең – көлік, жесең – ет» деп жылқы малын да
аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкіні ұмытпаған. Қай көшпелі елдердің ерте заманнан малданған
түлігінің бірі. Ол әрі киім, әрі тамақ. Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат
болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек. Оған илеген терісінен тігілген ішек, тон, тұлыптан
жылы киім табылмайды. Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, дайындауға жұмсалады. Мал
шаруашылығындағы тағы бір түлік – сиыр. Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған. Өйткені сиыр малы
көшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген. Сиыр малы айрықша
бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп, мезгілінде өзі қайтып келеді. Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.
Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді. Төрт түлік адамзаттың нағыз серігі.
томирис маликоВа
№10 ЖОББМ-нің оқушысы
Жылқы – малдың
патшасы
Жылқы малы киелі төрт түліктің бірі. Аталарымыз жылқыны
ат арбаға жегіп, көлік ретінде пайдаланып жем-шөп тасыған.
Жылқы өте жүйрік жануар болғандықтан, алысқа ұзап кетпеу
үшін аяғына тұсау салады. Қымыз, саумалы шипалы сусын
дәрумен. Адамдардың денсаулығына пайдалы, шипалы сусын.
Жылқылар үйір-үйір болып жайылады.
Қазақ халқы үшін төрт-түліктің осалы жоқ. Жылқының адам
үшін атқаратын қызметі өте жоғары. Жылқы иесі – Қамбар ата.
Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиетті,- деп жоғары
бағалаған. Жылқы баласы сүйкімді әрі жүйрік болып келеді.
Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі
деп есептеген. Дүние жүзінде қазірдің өзінде 250-ден астам
жылқының тұқымы бар екен.
назерке аязбаЙ
найла саФина
№10 ЖОББМ-нің 2 «а» сынып оқушылары
Асауға құрық салған
Ерте-ерте
заманда
жабайы
құландармен,
зебрлармен бірге жабайы жылқылар да өмір сүріпті.
Оларды жабайы адамдар тор құрып, ор қазып қолға
түсіріп, үйрете бастайды. Жабайы жылқыларға мініп аң
аулайды. Кейін елін, жерін қорғайды. Оларды қораға
ұстай бастайды. Сөйтіп, жылқы малы үй жануары
атанады.
мадияр самат
№20 ЖОББМ-нің 2 «а» сынып оқушысы
Туған ауылым
Менің туған жерім – Тінәлі ауылы. Менің туған жерімнің табиғаты
ғажап. Мен туған жерімді сүйемін. Менің туған жерімнің ауасы өте керемет.
Біздің Жайықтың жағасында әсем теректер көп. Болашақта ауылымның
өсіп, көркеюіне үлес қосамын деп жүрмін.Кіндік қаным тамған ауылымды
мақтан тұтамын.Біздің ауылда мектеп және кітапхана бар. Болашақта
ауылыма мәдениет үйі,аурухана,жаңа мектеп салынғанын қалаймын.
Құралай сарсенғалиеВа
Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы,
Теректі ауданы
Қысқы демалыс!!!
Қыс келді. Айнал аппақ қарға оранды. Далада балалар аққала жасап, шаңғы теуіп, асыр салып ойнап жүр. Қыс
мезгіліне желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары жатады. Қаңтар айының басында барлық оқушылар қысқы демалысқа
шығады. Мен қысқы демалысымды үйде өткіздім. Әкем маған үйдін алдына сырғанақ жасап берді. Күн жылы
уақыттасіңіліммен сыртқа шығып сырғанақ теуіп үйрендік. Біз тек сырғанақ теуіп қана қоймай қардан аққала
жасадық. Анашым бізді жұмыстан бос кезде коньки тебуге апарды. Менің қысқы демалысым қызықты өткізді.
Барлық балалардыңда қысқы демалысы қызықты өтті деп ойлаймын. Қызықты демалыстар көп бола берсін.
назым шапаноВа
Ахмет Байтырсынов атындағы №10 жалпы білім беретін орта мектептің
2 «в» сынып оқушысы
женяны аға тҰтамын
Әркімнің бойында сырт көзге байқала бермейтін ана сүтімен, әке
қанымен берілген қасиет, талант болады. Тек соны бала кезде өшіріп
алмай,
дамыту
керек.
Біреу
сызылтып
ән
айтқанды,
енді
біріміз
мың
бұрала билегенді
ұ н а т а м ы з .
Домбыраның қос
ішегін бұрап, күй
төгілту де екінің
бірінің
қолынан
келе
бермейді.
Сондықтан менің
сазға
деген,
м у з ы к а л ы қ
аспаптарға деген
құштарлығымды
байқаған ата-анам
Орал қаласындағы №2 саз мектебіне фортепиано бөліміне оқуға берді.
Өзім №34 мектеп гимназиясының 4 сыныбында жақсы оқимын. Сабақтан
тыс уақытымда музыкалық блімімді шыңдауға тұрақты барып жүрмін.
Білікті ұстаз, фортепиано бөлімінің меңгерушісі Наталья
Котльяревскаяның
басшылғымен
фортепианоның
«құлағында»
ойнаудың сырына қанығудамыз. Бөлімімізде жоғары сыныпта оқитын
Евгений Бырко деген бала оқиды. Женяның ұлты орыс болғанымен,
қазақ тілін жетік меңгерген. Кішкентай кезінде балабақшадағы қазақ
тобына барыпты, одан кейін мектеп табалдырығын №34 мектеп
гимназиясында қазақша бастаған. Мінезі сыпайы, мейірімді, салмақты,
өте білімді оқушы. Өз басым оны аға ретінде үлгі тұтамын, білмегенімді
сұрап алуға тырысамын. Қазір ол Назарбаев зияткерлік мектебіннің
жетінші сыныбында оқиды. Мен Женяның жақсы қасиеттерінің өзіме
жұғысты болғанын қалаймын. Оның келешекте елімізге қызмет ететін
кемел азамат болатынына сенімдімін.
күлекеш мағжан,
№34 мектеп гимназиясының оқушысы,
МТЖО «Сөз зергері»үйірмесінің тәрбиеленушісі
Қыс-тамаша
мезГіл
Қыста аяз болады, жиі-жиі қар жауады.
Бірақ бізге осы ұнайды. Балалар болып, бірігіп
коньки, шаңғы тебеміз. Таза ауада демалып
ойнаймыз. Аула қарын күреп қол жұмысын
жасаймыз. Мектебімізде ұйымдастырылатын
қысқы шараларға қатысамыз.
диана минуллина
азамат серикоВ
Подстепный № 1 ЖОББМ-нің
6 «б» сынып оқушылары , Теректі ауданы
Туған жер
Туған жер алтын бесік,туған елім
Өзіңде өстім, күлдім, еркеледім
Әніңді әрқашанда шырқап жүрем
Алыс кетсем сені ойлап күңіренем.
Туған жердің ауасымен дем аламын
Туған жердің өзеніне шомыламын
Туған жерге айтар шексіз алғысым көп
Алғысымды қайтсем саған қайтарамын.
Ардақтым,асыл арман аяулымсың
Қорғап жүрем әрқашанда ел намысын
Батырлар көп осы елді қорғап жүрген
Қорғаудан ешқашанда ерінбеген.
Достарыңызбен бөлісу: |