3 3 шілде 2014 жыл “алтын белгі” иелерінің алар асуы алда жаѓалыћтар. Хабарлар



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата08.02.2017
өлшемі17,13 Mb.
#3639
1   2   3   4   5

Күлбарам СӘДУАҚАСҚЫЗЫ,

Қорқыт Ата атындағы

ҚМУ профессоры

“Елім менің” сайысы

Тақырыбы: "Елім  менің" сайысы.

Мақсаты: Оқушылардың жан-

жақтылығын, осы заманғы дүние та-

нымын, өмірлік көзқарастарын, зи-

яткерлік деңгейі мен мәдениетін кө-

теру.

Сайысқа өрлеу бөлімі мен домбы-



ра, баян бөлімдері қатысады.

Кіріспе.


Тәуелсіз ел атанып, өз алдына

дербес мемлекет болу - айтар ауызға

оңай көрінгенімен, біздің басымызға

ол оңай жолмен келген жоқ.

Тәуелсіздік алған Қазақстанның

алдында жаңа мемлекет құрумен

бірге адамдардың жаңа өмірге

бейімделуіне жағдай туғызу сияқты

аса күрделі жауапкершілік тұрды.

Қазақтың санасын сілкіндіріп, дүние

жүзінің назарын өзіне қаратқан

желтоқсан ызғары - жылдар бойы

арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі

болды.


Сайыс 6 айналымнан тұрады. Әр

айналым тапсырмалар мен сұрақтардан

тұрады. Әрбір дұрыс жауапқа 1

ұпайдан беріледі. 1-топ сұрақтың

жауабын дұрыс бере алмаса, 2-топ

жауап беруіне болады. Әр айналым біт-

кенде қосымша ұпай алу үшін ән жасы-

рылады, яғни соны табу керек. Оған 2

ұпай беріледі.

І айналым. "Видеосұрақ".

1-топқа: Кинодан үзінді жасы-

рылады.


Сұрақ:  Бұл қай кинодан үзінді? Қай

жылы түсірілді? Режиссеры кім?

Жауабы: "Қыз Жібек" киносынан

үзінді. 1968-1970 жылдары түсірілген.

Режиссеры - Сұлтан-Ахмет Қожықов.

2-топқа: Мультфильм жасырылады.

Сұрақ: Қай мультфильмнен үзінді?

Қай жылы түсірілген? Режиссеры кім?

Жауабы: "Ақсақ құлан" мульт-

фильмі. 1968 жылы түсірілген. Режис-

серы-Әмен Хайдаров.

ІІ айналым. "Фразеологиялық сөз

тіркестердің мағынасын табу".

Мойны жар бермеді. (ерінді, жал-

қауланды)

Түтіні бір жерден шықты. (келісіп,

ұйымдасып)

Малына құрық, басына сырық

ойнатты. (жәбірледі, азаптады)

Сау басына сақина тіледі. (өзіне

өзі бейнет тапты)

Жүрегі тас төбесіне шықты. (қо-

рықты, зәресі ұшты)

Қой аузынан шөп алмас. (момын,

жуас)

Салы суға кетті. (ренжіді,



уайымдады, мұңайды)

Төбесінен тік тұрды. (сыйлады,

құрметтеді)

ІІІ айналым. "Әйгілі есімдер".

Бұл сайыста 1,5 минут уақыт бері-

леді. Сол уақыт аралығында жасы-

рылған есімдерді табуы керек.

ІV айналым. "Ескірген салт-дәс-

түрлер".

1-топқа: Қарыс деген не?

Жауабы: Қарыс деген - бас бармақ

пен шынашақ саусақтарының ара-

сындағы ара-қашықтық.

2-топқа: Сүйем деген не?

Жауабы: Сүйем деген - бас бармақ

пен сұқ саусақ арасындағы ара-қа-

шықтық.

V айналым. "Сұрақ-жауап".



Бұл айналымға топ басшылары

қатыспайды. Сұрақтың барлығы

бүкіл халық сайлаған Президенті-

мізге арналады.

Қорытынды.

Патима БИМУРЗАЕВА,

Бесарық балалар өнер

мектебінің мұғалімі.

Жаңақорған ауданы.

Тақырыбы: Ел деп қана соғады,

Елбасының жүрегі.

Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан

Республикасының Президенті Н. Ә.

Назарбаевтың балалық шағы, өскен

жері, жүріп өткен өмір жолы жөнінде

мағлұмат беру.

Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөз-

дер.

Барысы:


Кіріспе.

Жылдар сөйлейді.

Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы.

Елбасымыздың анасы Әлжан апа

мен әкесі Әбіш ақсақал туралы

естеліктер.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың бала-

лық шағы туралы.

Елбасы жолдауы  - халықтың

қолдауы.


Қорытынды.

Гимн орындалады.

2 - жүргізуші:

Қонақ деген ырысың мен мерейің,

Енді аяңдап қонақтарға келейін.

Бүгінгі кеш қуанышына ортақ

                                                  болған,

Қонақтарды таныстырып өтейін.

(Қонақтарды таныстыру)

1. "Нұр - Отан" ХДП төрағасының

бірінші орынбасары Алдаберген Жо-

ланов мырза, Ералиева Ұмытқан апай,

"Жас - Отан" жастар қанатының тө-

рағасы Ізбасаров Әділбек ағай.

1 - жүргізуші:

Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берейік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, -

дей отырып кешімізді ашу үшін сөз

мектебіміздің директоры Қалия

апайға беріледі.

 "Елбасы" әні. Сөзі: Махмутбай

Әміреұлынікі, әні: Дабыл Омаровтікі.

Орындайтын 4-сынып оқушылары.

Ән. "Нұр атам". Сөзі: Кәрім

Елеместікі, әні: Дабыл Омаровтікі.

Орындайтын:3-сынып оқушылары.

Жүргізуші: Елбасы Н. Ә.

Назарбаевтың балалық шағы туралы.

"Менің әкем Әбіш - атамыз Назар-

байдың кенжесі. Әжеміз мен 5 жасқа

келгенде қайтыс болыпты, еміс - еміс

есімде бар, сұңғақ бойлы, әдемі кісі еді.

Үнемі аппақ киім киіп жүретіні көз

алдымда. Өте жігерлі жан болатын. Бар

балаларына, ауыл - ағайынға айтқанын

істетіп отыратын. Жарықтық, адуында

болғаны да - ол кісіге ешкім қарсы кел-

мейтін. Әкеме тұрмысқа шыққаннан

кейін шешеміз бес жылға дейін құрсақ

көтермепті. Ел, "бұлардың балалары

болмайды", анау - мынау деп жүргенде,

мен дүниеге келіппін. "Кенже ұлдан

көрген тұңғыш немерем" деп әжеміз

мені бауырына салып алыпты.

Сонымен, мені сол әжеміз баққан.

Менің атымды да "Нұрсұлтан" деп өзі

қойыпты".

Жүргізуші: "Соғыстан кейінгі

кезең, 40 жылдардың аяғы мен 50

жылдардың бас кезі. Анам колхоздан

күтіп - баптауға бір гектар жер алады.

Көктемнен бастап алғашқы қар

түскенге дейін бір толастамайтын

азапты еңбек. Әкеме таудың қиын беті-

не бірнеше гектар бидай егіп , астығын

колхозға өткізу тапсырылғаны есімде

қалыпты. Бидай піскенде әкем екеуміз

оны қолмен түнделетіп айдың жа-

рығымен ордық. Масқ біркелкі, бірың-

ғай жату үшін шалғыға тырма қосақ-

талатын. Мұндай ауыр жұмыста 2 - 3

сағат осындай жұмыс істелгеннен кейін

тұла бойың сіресіп, белің жан шы-

датпай сыздайтын еді. Біз орып, шешем

баулап, қызылдау үшін колхоз

орталығындағы қырманға апара-

тынбыз."

Жүргізуші: "Мен әкемнің қай кезде

ұйықтайтынын немесе ештеңе істемей,

құр тынығып отырғанын көрген

емеспін. Ол дәулетті орыстар қолында

өскендіктен егін салуды жақсы білетін.

Пәлендей білімі болмаса да, миуа

ағаштарын будандастыруға кәнігі еді.

Жұрт біздің баққа келіп, керемет өсіп

тұрған таңғажайып жемістерді немесе

бір жағында кәдімгі апорт алмасы,

екінші жағында уылжыған алмұрт

пісіп тұрған ағашты тамашалайтын.

Әкем өсірген ондай жемістерді кейін

еш жерден көрген емеспін. Өзінің

сүйікті сортты алмасы - апортты ол

келесі көктемге дейін бұзбай

сақтайтын еді".

Жүргізуші: "Елбасы жолдауы -

халықтың қолдауы"

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің

халыққа жыл сайынғы жолдауында

республикамызды мекендеген барлық

тұрғындардың әл - ауқатын жаңарту

мақсатында түрлі игі бастамаларды

көтеріп келеді.  Халық олардың

игіліктерін көруде.

"Арал және Елбасы" Слайд, ақ

кеме, Н. Назарбаев)

Жас ұстаз - тәрбиешілерді Нұр -

Отан ХДП  мүшелігіне қабылдау

рәсімі


Жүргізуші: Айта берсек көңілге

қуаныш сезімін ұялатар жаңалықтар

аз емес. Қазақстан  Алдағы онжыл-

дықта Қазақстан халқы эконо-

микамыздың қарыштап дамуының

жарқын жолына түсері анық. Тағы бір

дәлел жақында өткен қазақстан

Республикасының Президенті Н. Ә.

Назарбаевтың қатысуымен "Нұр -

Отан" партиясы "Жас Отан" жастар

қанатының ІІ  сьезі болып өтті. ЕХРО

Халықаралық көрмелер бюросы Бас

Ассамблеясының

Парижде өткен 152 - ші сес-

сиясында ЕХРО - 2017 Халықаралық

көрмесі Астана қаласында өтетін

болып шешілді.

Соңы.


Күлайраш ЖҰМАҒҰЛОВА,

№2 облыстық арнаулы

санаторийлық мектептің

бастауыш сынып мұғалімі.

  

Арал қаласы.



Қаратаудың “Ақ балапаны”

Адам баласына ауыртпалық түскен

уақыттарда жақындарының жан жы-

луына зәр болары хақ. Осындай

кезеңде қолдау білдіріп, бауырыңдай

жанашырлық танытатын жандар кем

де кем. "Рысжан апай жылы сөзімен

емдейді" деген ауыл адамдары. Оның

алдына жұмыс іздеп келгенімде екі

иығымнан бес түйенің жүгін басқан-

дай еңсемді көтере алмай келген едім.

Көзімдегі мұңды айтпай-ақ түсін-

гендей болды. "Жарайды, жұмысқа

қабылдандың!" дегенде қуаныштан

көкке төбем бір елі жетпей қалды.

Апайдың әрбір айтқан сөзі жанға

жылу сыйлай алатын құдіреті бар.

Жүректің түбінде жатқан алтын

сандықты қозғап, шығармашылық

адамының шабытын оята алатын

уыты бар екеніне шүбә келтірмеймін.

Апайдың бір ауыз сөзінен кейін қолы-

ма қайта қалам алдым. "Ақ балапан"

балабақшасына осылай жұмысқа

орналастым.

Төлепбергенова Рысжан апайым-

ның ауылға сіңірген енбегі зор. 1978-

2003 жылдар арасында ауыл тұрғын-

дарының жанашыры болды. Ол дәрігер

және заңгер. Қоғамдық жұмыстарда

белсенділік танытып, аудан, облыс

әкімдерінің қолынан талай құрмет гра-

моталар алған. Апайдың бишілік өнері

өз алдына бір әңгіме! Кезінде

облыстық сұлулар байқауының бас

жүлдегері Гүл Әбілқасымованың

жолын ашып, бишілік өнерді бойына

сіңірген болатын. Әрдайым әйел

баласына аналық мейірімін төгіп,

жанына жылу ұялатып, өмірге деген

құлшыныстарын арттырып жүреді.

Ауылда балабақша жетіспеушілігін

алға тартып, құрылтайшы болып "Ақ

балапан" балабақшасын балаларға

арнап ашып берді. Бүлдіршіндер заман

ағымына сай дүниетанымдарын

кеңейтіп, сауат ашуда. Балабақшадағы

бүлдіршіндер апайдың төбесін көр-

геннен сағыныштарын білдіріп, жүгі-

ре басып, қуанып жатады. Кең құ-

шағын айқара ашып жіберіп, ыстық

көкірегіне басып жатады. "Менің анам"

деп таласып жатқан балапандарды

көргенде нағыз қазақ анасы осындай

болса екен деген ой келеді. Жанұя

жағдайы төменгі отбасынан келген 10

балаға қайырымдылық жасап,

қамқорлыққа алған жайы бар. Бұның

өзі ауыл азаматы үшін үлкен көмек.

Кіре берісінен-ақ, апайдың

қызметкерлерге қоятын басты

талабын аңғарасыз. Тазалық,  тал-

ғаммен қойылған жиһаздар, сыпайы

қарым-қатынас сезіліп тұрады. Біздің

ұжымда 18 қыз-келіншек қызмет

етеді. Көп уақыт жұмыс көзін таба

алмай, күйбең тірлікпен үйде отырып

қалған қыздарға жұмыс табылудың

өзі үлкен қуаныш.

Иә, "Ақ балапан" балабақшасы

жақсы жетістіктерге жетіп келеді. Ал-

ғашқы адымдарынан бастап ауыл

тұрғындары ойынан шыққан бала-

бақша ұжымы биіктерден көріне

береді.

Мақпал ПАТЕНОВА.

Жаңақорған ауданы.



3

  3 шілде 2014 жыл

Еске алу. Хабар. Сұхбат



Майдангер ұстазға арналды

Көшелер жайын сөз етсек

Болашаққа бағытты айқындады

ҚазГерМұнай қамқорлығы

Ұлы Отан соғысының Жеңіспен

аяқталғанына 69 жыл толды. Ұлы

Жеңіс күні - елдің ертеңі үшін

қаһармандығымен қан кешіп, от пен

оққа кеуделерін тосқан, аға буын

ардагерлердің Ұлы ерлігін мәңгілікке

еске сақтауға арналған қастерлі күн.

Алдағы жылы Ұлы Жеңіске 70 жыл

толады.Ұлы Жеңіске орай №35 Иса

Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицей

әкімшілігі мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Ләйла Сағымбаева мен бастауыш

ардагерлер ұйымы бірлесіп Ұлы Отан

соғысына қатысып ерлік көрсеткен,

Мәскеу қаласында 1945 жылы 24

маусым күні өткен "Жеңіс шеруіне"

қатысқан Ибадулла Байдаулетовке

арналған  "Майдангер ұстаз" атты еске

алу шарасы өткізілді. Шараның

мақсаты оқушыларды аталарының

жан аямас жаужүректілігі мен ерен

ерліктерін үлгі етіп, Отан сүйгіштікке,

ұлтжандылыққа  баулу, патриоттық

рухқа  тәрбиелеу. Іс-шара өтетін

мектеп залын соғыс тақырыбына

арналған кітап көрмесі, бильбордтар,

ерлік туралы даналық сөздер,

майдангер ұстаз өмір жолдары туралы

слайдтар жасалған.  Шара барысында

"Күт мені" әуені ойнап тұрды. Іс-

шараны мектеп-лицей ардагерлер

ұйымының төрайымы А.Ізбасарова

ашып, майдангер ұстаздың өмір

жолымен таныстырды. Еске алу шара-

сында  ардагерлер, ұстаздар, оқушылар,

майдангер ұстазды бір минут үнсіз-

дікпен еске алды. Оқушылар майдангер

ұстаздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі

туралы, өмір жолдары туралы айтып,

көріністер көрсетті. Соғыс жылда-

рындағы әндерді шырқап, көркем-

сөздер оқыды.

Шара барысында кент ардагерлер

кеңесінің төрағасы Т.Болғанбаев

Ибадулла соғыстан соң 1946 жылы

М.И.Калинин атындағы мектепте,

(қазіргі И.Тоқтыбаев) ұстаздық жолын

бастағандағы, алғашқы шәкірттерінің

бірі екенін, ұстазының жаны таза,

адамгершілік қасиетімен, үлгілі ісімен

елге қадірлі болғанына тоқталды. Ау-

дандық әйелдер кеңесінің төрайымы

Ұ.Жаналиева өнегелі ұстаз болумен

қатар отбасының  ұйытқысы, ақылшы

әке болғанын, жары Күміс апай екеуі

әке жолын қуған қос ұлды тәрбиелеп

өсіргенін айтты. Ардагер ұстаз

Ж.Ерманов: "Мен өзімнің Ибадулла

ағайдың шәкірті болғаныма мақтана-

мын. Ағай ауданда ең алғаш үрмелі

аспаптар оркестрін ұйымдастырды. Әр

жыл сайын өтетін мерекелерде

Байдаулетов басқарған оркестр түрлі

сазды әуендерді адам жанын тебірентіп

орындағанда, халық мереке өтетін

алаңға баруға асығатын"-деп еске алды.

Шара соңында  майдангер ұстаздың

ұлы аудандық агротехникалық кол-

ледждің саз пәнінің жетекшісі әке

жолын қуған Серік Байдаулетов әкесін

еске алып, құрметтеп жатқан мектеп-

лицей ұжымына, ардагерлер ұйымына,

ардагер ұстаздарға  отбасы атынан

ризашылығын білдірді. "Қымбатты

менің қарттарым" әнін орындап берді.

Кеш майдангер ұстаз И.Байдаулетов

атындағы патриоттық әндер байқауына

ұласты. Байқау қорытындысында 6

сынып оқушысы Жақсыбаева Альфия

бірінші орынды жеңіп алды. Екінші

орынға  9 - сынып оқушысы Сәбитқызы

Сымбат, үшінші сынып оқушы

Әбіласан Нұрбек 3 - орынға ие болды,

5 - сынып оқушысы Кеңесұлы Бексұл-

тан мен 4 - сынып оқушысы Кенжебек-

қызы Нұрай "Жас өнерпаз" номи-

нацияларын жеңіп алды. Ардагерлер

жеңімпаздарға арнайы дипломдар,

алғыс хаттар мен сыйлықтар тапсырды.

Байқауды мектеп-лицей директо-

рының орынбасары Л.Сағымбаева мен

мектеп бастауыш ардагерлер ұйымы-

ның төрайымы  қорытындылап, қа-

тысушыларға ризашылықтарын біл-

дірді.

Анар ІЗБАСАРОВА,

№35 мектеп-лицейінің

бастауыш ардагерлер

ұйымының төрайымы.

Сырдария ауданы.

Жуырда  Қазалы аграрлық техни-

калық колледжінің базасында  "На-

рықтық экономика жағдайында ауыл

шаруашылығы саласы үшін техни-

калық және кәсіптік  білімді маман

даярлаудың кейбір мәселелері"

тақырыбындағы облыстық семинар-

кеңесі болып өтті. Аталмыш шараны

өткізу үшін бұл оқу орнының таң-

далуы бекер емес. Өйткені  ауыл-

шаруашылығы саласына маман

даярлау мәселесін өткен күннің терең

тәжірибесін бүгінгі  талапқа сәйкес-

тендіре  отырып  ұтымды үйлестіру

бағытындағы жүйелі жұмысымен

көзге түсіп келе жатқан ұжымның

атқарып жатқан тірлігін көру,

зерделеу, түсіну  мақсат етіп алынды.

Расында да, ауыл шаруашылығы

саласы үшін техникалық және

кәсіптік  білімді маман даярлаудың

күн тәртібінде өткір тұрғаны ешкімге

де жасырын емес. Ауылдағы

жастардың басым көпшілігі қала мен

үлкен өндіріс ошақтарына кетіп

қалуда. Жағдайдың осындай бағытта

дами беруі күндердің күндері

тығырыққа тірері анық екендігін

жуырда өткен мәжілістегі парламент-

тік тыңдауда да баса айтылды.

Себебі, ауылда механизмнің

тізгінін алатын, малшының таяғын

ұстайтын, жердің қадірін білетін жас

мамандар қатары тіпті тапшы, ашығын

айтсақ жоқтың қасы. Ал бүгінгі

таңдағы ауылшаруашылығы өнді-

рісіне заманауи техниканы меңгерген

механизаторлар, инженер-механик-

тер, техниктер, технологтар, элек-

триктер, монтерлер, сервистік және

техникалық қызмет көрсетушілер,

наладчиктер, агрономдар, зоотех-

никтер, мал дәрігерлері, фельдшерлер

ауадай қажет.

Жұмыс берушілер бүгінгі таңда

техникалық және кәсіптік білім беру

оқу орындарында дайындалған

мамандардың сапалық деңгейіне

көңілі толмаушылығы бар екендігі

белгілі, еңбек нарығының мамандар-

дың саны мен сапасына ықпалы өте

төмен болып тұрғаны да жасырын

емес, алайда бұл уақытша құбылыс,

көш жүре түзілер деп үміттенуге

болады. Бұл ретте облыстық білім

басқармасы Қазалы аграрлық техни-

калық колледжінің іс-тәжірибесін

насихаттау мақсатын алға қоя отырып,

кәсіби құзыретті, функционалдық

даярлығы жоғары, бүгінгі күн тала-

бына сай мамандарды тәрбиелеуге көп

көңіл бөліп келеді.

"Нарықтық экономика жағдайын-

да ауыл шаруашылығы саласы үшін

техникалық және кәсіптік  білімді

маман даярлаудың кейбір мәселелері"

тақырыбындағы облыстық семинар-

кеңесі жұмысына Қазалы ауданы мен

облыстық білім басқармасының

басшылары,  сонымен қатар   техника-

лық және кәсіптік білім беретін оқу

орындарының басшылары, олардың

оқу - өндірістік жұмыстары жөніндегі

орынбасарлары, әдіскерлер, аға

шеберлер, өндірістік оқыту шеберлері,

әлеуметтік серіктестік басшылары,

техникалық және кәсіптік білімді

дамытудың және біліктілікті берудің

ғылыми-әдістемелік орталығы облыс-

тық филиалының мамандары, облыс-

тық кәсіпкерлер палатасының өкілдері

шақырылды. Семинардың алдына

техникалық және кәсіптік білім беретін

оқу орындарында дуалды технология

негізінде ауыл шаруашылығы саласы

үшін кәсіби құзіреттілігі дамыған

жұмысшы кадрларды қалыптастыру-

дың әдістемесін жетілдіру мақсаты

қойылды.

Семинар-кеңесті Қазалы ауданы

әкімінің орынбасары Ғ.Бәймішев

құттықтау сөзбен ашып, облыстық

білім басқармасы басшысының

орынбасары Б.Сайлыбаев  жүргізіп

отырды. Семинар барысында "Нарық-

тық экономика жағдайында ауыл

шаруашылығы саласы үшін техни-

калық және кәсіптік  білімді маман

даярлаудың кейбір мәселелері"

тақырыбында Қазалы аграрлық техни-

калық колледжінің директоры

Т.Исмаилов, "Техникалық және

кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту

арқылы өңір экономикасына қажетті

сапалы маман даярлауды жетілдірудің

мәселелері" тақырыбында облыстық

оқу орталығы (әдістемелік кабинет)

кәсіптік бөлімінің меңгерушісі

Н.Ақдаулетов баяндамалары тыңдалды.

Семинарға қатысушылар шара

бағдарламасына енгізілген техникалық

және кәсіптік білім беру оқу орын-

дарының студенттері арасында "Үздік

механизатор-2014" облыстық байқауы-

ның салтанатты ашылу сәтіне куә

болды. Механизатор кәсібінің үздікте-

рін анықтауға арналған байқауға 10

студент қатысып бақтарын сынады.

Үміткерлер өзін-өзі таныстыру, оң

саусағынан өнер тамған, пәндік тесті-

леу турларынан өтіп, кәсіби шеберлік

сайысында ауылшаруашылығы

агрегатын (МТЗ-81) жүргізу және

онымен жер жырту технологиясын

орындау сынақтарын тапсырды.

Семинар-кеңеске қатысушылар

оқу орнының  материалдық - техника-

лық базасымен танысты. Қазалы

аграрлық техникалық колледжінің

басшылығы мен ұжымның  көп жылғы

бірлескен қоян-қолтық, тындырымды

іс-әрекетінің нәтижесінде  акт залы,

спорт залы, оқу  кабинеттері, зерт-

ханалар, шеберханалар, оқу және

шеберхана ғимараттары толығымен

сақталып, тіпті заманауи кейіпке еніп

келеді. Бағдарлама бойынша жұмыс-

тың бір бөлігі колледждің әлеуметтік

серіктестерінің  базасымен танысуға

арналды.  "Рза - Асыл түлік"  жауапкер-

шілігі шектеулігі серіктестігі, "РЗА-

Транс" "  жауапкершілігі шектеулігі

серіктестігі, . "РЗА-Агро" "  жауапкер-

шілігі шектеулігі серіктестігі Қазалы

аграрлық техникалық колледжінің

студенттерін  машықтану мен тағы-

лымдамадан өткізудегі әлеуметтік

келісім-шарт негізінде жұмыс жасап

келе жатқан жетекші ұжымдар болып

табылады. Сонымен қатар, қонақтарға

Қазалы қаласындағы тарихи ескерт-

кіштермен де таныстыру ұмыт қалған

жоқ. Қонақтар Ғ.Мұратбаев музейінде

және Жанқожа батыр кесенесінде

болды.

Семинар кеңесті қорытындылау



барысында сөз алған Жаңақорған

аграрлық техникалық колледжінің

директоры М.Ахметов, Сырдария

аграрлық техникалық колледжінің

директоры Д.Қожахметов, Қазақ

гуманитарлық заң және техникалық

колледжінің директоры М.Тобашев

және т.б. әлеуметтік серіктестік пен

оқу орны арасындағы байланыстарды

түбегейлі қалыптастыру  бәсекеге қабі-

летті маман даярлау сапасын арттыру-

дың бірден-бір  көзі екендігін, еңбек

нарығын функционалды даярлығы

жоғары мамандармен толықтырудағы

ұжымның тындырымды жұмыстарын,

ауыл шаруашылығы мамандарын

даярлаудың өзекті мәселелерін шешу

арқылы  білім беру сапасын арттыруға

бағытталған инновациялық әрекеттерге

бару керектігі баса айтылды. Семинар

- кеңес саланың барша мамандарына

арнап ұсынымдар қабылдады.

Сонымен бірге "Үздік механизатор-

2014" облыстық байқауына қатысу-

шыларды марапаттау сәті өткізілді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы

тағайындаған бас жүлдені (планшет

ұялы телефоны) Қазалы аграрлы-

техникалық колледжінің студенті

Абылай Дәулет Абылайұлы қанжы-

ғасына байлады. Жүлделі орындарды

Шиелі индустриалды-аграрлық, Арал

көпсалалы ,  Жалағаш индустриалды-

аграрлық колледждерінің   студенттері

өзара бөлісті. Марапатау рәсімінде

басқарма басшысының  орынбасары

Б.Сайлыбаев және Қазалы ауданы

маслихатының депутаты Қ.Әлімбаев

сайысқа қатысушыларды құттықтап,

сыйлықтар тапсырды.



Танмамбет Ұлан ЖЕТІБАЙҰЛЫ,

кәсіптік білім бөлімінің әдіскері.

Облыстық оқу орталығы

(әдістемелік кабинет).

Қазақы қаланың келбеті - асқақ

архитектурасы, сән-салтанаты ғана

емес, ұлттық сипат беретін көше

атаулары дер едік. Бір кездері

"Арычная" аталған қазіргі Абай даңғы-

лына қазақтың ұлы ақынының аты

берілгені үлкен оқиғаға баланып, тіпті

сол атты бекіту үшін белгілі қайрат-

керлердің жанын сала жүгіргені де

кешегі күннің еншісінде.  Осы күні де

миллионнан асатын тұрғыны бар қала

көшелерінің жайы бізді толғандыруы

тиіс мәселе. Себебі, көше аттары

арқылы біз қала тұрғындарына халық-

тың діңі, ділі кімдікі екенін ұқтыра

аламыз ғой.

Редакциямызға "Қызылорда көше-

лері", "Алматы көшелері" және

"Астаналардағы көшелер" атты үш бір-

дей кітабын ала келген Қазақстан

Журналистер одағының мүшесі,

Жалағаш ауданының құрметті азаматы

Сәбит Иманғалиев мырзадан қаламыз-

дағы көше атаулары жайында сұрап

көрген едік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет