Рабочая учебная программа «Технология және оқыту әдістемесі»



бет1/16
Дата01.12.2022
өлшемі50,33 Kb.
#54152
түріРабочая учебная программа
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
РП Технология


ыцҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН


қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы
управление образования АКИМАТА костанайской области


«Н.ҚҰЛЖАНОВА АТЫНДАҒЫ ТОРҒАЙ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМКК
КГКП «ТОРГАЙСКИЙ ГУМАНИТАРНЫЙ КОЛЛЕДЖ ИМЕНИ Н.КУЛЖАНОВОЙ»

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
РАБОЧАЯ УЧЕБНАЯ ПРОГРАММА
«Технология және оқыту әдістемесі»________________пәні
бойынша
по дисциплине «Технология и методика обучения»
мамандық 0105000 «Бастауыш білім беру»
специальность 0105000 «Начальное образование»
(11 сынып негізінде)


ІІ-ІV курсы/ курс ІІІ-VІ семестр/ семестр

Барлық сағат саны 86


Всего часов

Теориялық 52 практикалық 34


Теоретические практические

Емтихан


Экзамен
Түсіндірме жазба

Осы оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (ҚР БжҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 72 бұйрығының 25,26-қосымшаларына сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша әзірленген.


«Технология және оқыту әдістемесі» пәні оқушылардың технологиялық сауаттылығы мен әртүрлі технологияларды меңгеруге (материалдарды, ақпараттарды, гуманитарлық технологияларды өңдеу) әзірлеу негізін салады. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім берудің түрі де жаңаратынын айта кеткен жөн. Бұған дейінгі жас кезеңдерінде меңгерген оқыту түрлерінен, яғни жұмыстың белгілі бір әдістерін меңгеруден ерекшелігі сол, тек оның жетілдірілген түрдегі оқу үрдісі болып табылады. Білім беру жағдаяттары оқыту мақсатындағыдай жасалған өнімнің сапасына қарай бағалау емес (мысалды, шағарған есебінің жауабының дәлдігі) оны орындау әдістерінің толықтығына қарай құрылады. Сонымен бұл пәннің маңыздылығы оның оқушыларға (балалар үшін жаңа технология) білім беру және жалпы технологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаттарына тепе-тең келуі.
Пәннің мақсаты – оқушыларға технология сабақтарын оқыту әдістемесі мен теориялық білім беру және оқушылардың интелектуалдық, физикалық, этикалық, эстетикалық дамуы мен өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалыптасуда алған білімдерін қолдана білуге үйрету, пәндік шығармашылық іс-әрекеті арқылы әлемді тану үрдісінде өзін-өзі дамытуға ұмтылатын тұлға қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларға еңбек түрлері туралы қарапайым мәлімет беру, қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздерімен таныстыру;
- оқушыларды халқымыздың тарихымен таныстыру, халқымыздың көне ұлттық байлықтарын қадірлеп, тілін, мәдениетін, дәстүрлерін қадірлеуге үйрету;
- әртүрлі халық шығармашылығына жататын тұрмыспен, қолданатын заттармен, сәндік-қолданбалы өнермен, ұлттық қолөнермен таныстыру;
- оқушыларды кең тараған материалдардың физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттерімен теориялық және практикалық түрде таныстыру;
- оқушыларды әртүрлі материалдарды өңдеуге қажет қарапайым құралдар мен көмекші құралдарды қолдану жолдарымен таныстыру;
- әртүрлі бұйымдарды құрастыру жолдарымен таныстыру;
- өз жұмысын жоспарлай білу, эскиздер мен сызбалар құрастыру, жұмыс орнын ұйымдастыру, технологиялық операцияларды жүргізу, еңбекте өзін-өзі бақылай білуді қалыптастыру;
- ұжым жұмысын ұйымдастыру және оқушылардың мектептегі әртүрлі жұмыстарын ұйымдастыра отырып, еңбек мәдениеті негіздерін меңгеру;
- оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру.
«Технология және оқыту әдістемесі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері ұсынылады: дәріс, слайд-дәріс, мультимедиялық материал қолданылған дәріс, практикалық сабақтар, саяхаттар, кіріктірілген сабақтар, білім, білік және дағдыларын байқау сабағы, мереке-сабақтар.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Оқу матеиралы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, пікірсайыс, жағдайлық мәселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, ақыл-ой шабуылы, материалды рәсімдеу, шағын топтардағы жұмыс және басқалар.
Үлгілік оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді: физика, математика, техникалық механика негіздері, тарих, экономика.
Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: педагогика, психология, этнопедагогика, жаңа педагогикалық технологиялар, математика, бейнелеу өнері, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, музыка, дене тәрбиесі, ырғақ, дүниетану, мәдениеттану, сызу.
Осы үлгілік бағдарлама «Технология және оқыту әдістемесі» пәнінің мазмұны мен дайындық деңгейде талаптарды жүзеге асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.

Бекітемін


«Н.Құлжанова атындағы Торғай
гуманитарлық колледжі»
МКҚК директоры
________С.О.Алматова
«_______ » __________2020 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет