3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Ілгері Алға, алдыңғы жаққа[ҚТТС, 950 бет]. Кейін



бет18/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ілгері Алға, алдыңғы жаққа[ҚТТС, 950 бет].
Кейін 1. Соң, соңыра, соңына. 2. Сонан соң, сонан кейін, соңынан. 3. Арт жағына қарай, кері[ҚТТС, 376 бет].

  1. Кеше ғана кей тұсында изені мен жусаны аралас қалың қау басқан жалпақ жон, бүгін асты-үстіне келіп аудырылып қалыпты(115 бет).

Асты 1. Бір заттың үстіне қарама-қарсы жақ беті. 2. Белесті жердің баурайы, етек жағы. 3.Ауысп. Ерттелініп мінілген, мініліп жүр д.м[ҚТТС, 63 бет].
Үсті 1. Белгілі бір нәрсенің жоғарғы жағы, үстіңгі беті. 2. Тұлабой, дене, кісінің үсті-басы. 3. Уақиғаның дәл мезгілі, болып жатқан уақыты[ҚТТС, 874 бет].

  1. Тегі буындырып қысқан резеңкені әлсін-әлсін бір жоғары, бір төмен ауыстыра берсе керек(220 бет).

Жоғары 1. Үсті, бас жағы. 2. Биік, басым, артық. 3. Көтеріңкі, мөлшерден тыс дауыс, үн; тон[ҚТТС, 304 бет].
Төмен 1. Жоғарыға, биікке қарама-қарсы жақ; еңіс. 2. Ауысп. Көңілдегідей жақсы емес, құнсыз, нашар[ҚТТС, 816 бет].
Зат есімдерге тән антонимдер:

  1. Күн-түн демей қатынап, ағылып өтіп жататын жолаушыға әбден еті үйренген сары тоқаш мұрын көсе жігіт шілтерлі қол шаммен ырғалып-жырғалып шыққанда барым жым болған ұяластар енді сырттағы жүргіншіде жұмыстары болмай, күнде жылы сорпа, жуынды құятын иесіне дәмелене ұмтылып, алды-артына асылып, кес-кестеп аяғына оралды(15 бет).

Күн 1. Әлемге жарық, қызу беріп тұратын жұлдыз. 2. Таңның атуы мен күннің батуы аралығындағы тәулік уақыты; күндіз. 3. Ауысп. Ауа райы. Табиғат құбылысы[ҚТТС, 429 бет].
Түн Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы[ҚТТС, 833 бет].

  1. Бұл үйге қуаныш пен реніш қоңсы кірді(63 бет).

Қуаныш 1. Бір нәрсеге қуану сезімі; шаттық. 2. Ауысп. Біреудің көңілге медеу тұтарлық жұбанышы, қызығы[ҚТТС, 527 бет].
Реніш Бір нәрсеге риза болмаудан, көңіл қалудан туған кейіс, өкпе[ҚТТС, 690 бет].

  1. Мен оны Омбыда қойып алған атпен Сұлу мұрт деп атап кеттім. Келе-келе ел ішіндегі құрдастары да солай атап кетті. Жауына қатал, досына кексіз еді(99 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет