3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет21/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Ғалым К.Ахановтың анықтамасы бойынша : « бірінше сөз бір ұғымның атаулары ретінде қолданылуы мүмкін.Мысалы, байсалды, салмақты , сабырлы, байыпты деген сөз өзара синонимдес сөздер, әр басқа ұғымды білдіретін атаулар »
«Кез-келген тілді алсақ,синонимдер –сол тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына , көркем сөздің жетілуіне күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда , лексикалық синонимдердің қоғамдық- тілдік қарым-қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден,әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден , қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсеріне тигізеді. »
Синонимдер көркем әдебиет тілінде өте көп қолданылады, өйткенді кез келген суреткер өз ойын жеткізуде мағыналы сөздер арқылы береді. Кез келген ақын, не жазушы шығармасында бір сөздің бірнеше синонимін қолдана отырып, жеткізуге тырысады. Мұндай сөздер яғни синонимдер –әсіресе, поэзия тілінің қажетті бір құралы болып саналады.
Профессор Р.Сыздықова синонимдердің көркем сөзде мағыналас (мәндес) келген сөз қатарлары ретінде лексикалық категория ғана емес, қолданыста, әсіресе көркем сөзде ең қуатты, икемді, актив стилдік құрал. Синонимді көріктеуіш қызметте жұмсау, әсіресе кең орын алады. Жұмсалу тәсілдері, орындары сан алуан: Синонимдік қатардан сол орында айтылмақ ойға ұғымда келетін варианты алынады, ол ұғымдылық сөздің модальдық реңкіне, тіркесу қабілетіне, айналысындағы сөздер мен дыбыстық үндесуіне қарай жұмсауына байланысты. Синонимнің өзіне тән ерекшеліктері –тілімізді әрлеу, өрнектеу.
Синонимдердің негізгі басты белгісі- сөздердің бір ұғымды беру үшін мағыналық сәйкестіктерінің болуы. Егер синонимдер әр түрлі ұғымды білдірсе, ондай сөздерді синонимдік қатарға топтастыру мүмкін емес. Ал мағыналық реңкті синоним болудың негізгі шартты белгісі деп қабылдасақ, тілдегі синонимдердің бәрі бірдей экспрессивті реңк бере бермейді.
[Нұрғалиева. М.Б. « Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер » автореферот,8-бет].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет