1.2. Зооморфтық фразеологизмдер: 1. «Райхан сіздің туған қызыңыз ба?» деп түйеден түскендей тоңқ еткізу ұят(«Жапандағы жалғыз үй», 65 бет).
Түйеден түскендей қып айтты. Дөрекі, орынсыз сөз айтты[ҚТФС, 702 бет].
Дөрекі, орынсыз сөз айтты мағынасындағы «түйеден түскендей тоңқ еткізу», «түйеден түскендей қып айтты» фразеологизмдеріне негіз болған түйе сөзі. Қазақ халқының ертедегі күн көрісі, тұрмыс-тіршілігі, шаруашылығы төрт түлік малға байланысты болғандығы халықтың психологиясына, сезім дүниесіне, әсіресе тіліне де қатты әсер етті. Белгілі әдебиетші ғалым Б.Кенжебаев былай дейді: «Қазақ халқы –малға сыр мінез. Адамның келбетін, түсін, сиқын жақсы-жаман мінезін, қылығын айқындап көрсету үшін, оны малдың мүшелерімен, мінезімен салыстырады, сөйтіп, әр түрлі теңеулер жасайды». Қазақ халқы түйені ардақтап, сөз етуі –тек еті, сүті, жүні пайдалы болғандығынан ғана емес, оның күшті, төзімді көлік екендігінде. Мұндағы сөйлемдегі түйеден түскендей тоңқ еткізу тұрақты сөз тіркесі дөрекі, оғаш, орынсыз мағынасында қолданылып тұр[«Фразеология теориясы», Р.Авакова 86-87 бет].
2. Одан әрі екі-үш шақырымдай жер жаяу жүріп, ит мұрны өтпейтін қалың бір жеріне келіп аялдадық(«Жапандағы жалғыз үй», 70 бет).
Ит тұмсығы өтпейтін Адам өте алмайтын қалың орман, тоғай, шабындық немесе жайылым шөп; бітік шыққан егін[ҚТФС, 307 бет].
3. Ендігі бар таянышымыз деп үміт еткен сен де ат ізін салмай кеттің(«Жапандағы жалғыз үй», 78 бет).
Ат ізін салмады. Қатынаспады, хабарласпады, хабарсыз кетті[ҚТФС, 79 бет].
4. Қолына қыз тиген жігіттер мұндайда жерден жеті қоян тапқандай, қашан аяғы салдырап қалғанша тоқтамай, самайынан тарам-тарам тер ағып, тоқтаусыз билейді(«Жапандағы жалғыз үй», 78 бет).
Жерден жеті қоян тапқандай қуанды. Қатты шаттанды[ҚТФС, 259 бет].
5. –Сен ғой, енді базарға бармаймын деп ат-тоныңды ала қашып тұрсың(«Жапандағы жалғыз үй», 144 бет).
Ат-тонын ала қашты Азар да безер болды, басын алып қашты[ҚТФС, 77 бет].
6. Табаны жылбысқы май балшыққа тиген машина шыр көбелек айналып барып, төбеге ұрғандай бір орында ызыңдап тұрып қалды(165 бет).
Шыр көбелек айналды. 1. Бір орында тұрып шыр айналды; 2. Бір жерден ұзап кете алмады[ҚТТС, 935 бет].
7. Қыземшектің құбыла жағы қалың қопа. Айналасы ат шаптырымдай(113 бет).
Атшаптырым 1. Шамамен 30-35 шақырымдай қашықтық өлшемі; 2. Бір шеті мен бір шеті өте үлкен, кең[ҚТТС, 65 бет].
8. Иә, сол күні ақ түйенің қарны жарылды(238 бет).
Ақ түйенің қарны жарылды. Ит басына іркіт төгілді, қарқ боп қалды, кенелді[ҚТТС, 30 бет].
9. –Не болсын, ит жеккенге айдалады да, -деп Қарабет ыржың етіп жүре берді(256 бет).