1.4. Түр –түстік және сындық фразеологизмдер:
1. Келесі күні Ақбөпе ерте тұрып, мұздай киініп алды(«Жапандағы жалғыз үй», 50 бет).
Мұздай киінді. Судай жаңа киім киді[ҚТФС, 519 бет].
2. Жамағаты Алтыния да жасынан екі көзінен бірдей дімкәстанып, бертін келе су қараңғы соқыр болды(«Жапандағы жалғыз үй», 100 бет).
Су қараңғы. Екі көзі бірдей көрмейтін соқыр[ҚТФС, 631 бет].
3. Қою түнге сүңгіп алыстаған сайын Халелдің жүрегіне әлдебір суық ой кіре бастады(«Жапандағы жалғыз үй», 87 бет).
4. Майдың ортасынан ауа, қыс бойы алтындай сақтап келген тұқым бидайды жерге сіңіріп, қалған жарты қабын он шақты үйге қылдай етіп бөлдік(«Жапандағы жалғыз үй», 105 бет).
Қылдай бөлді. Тең етіп бөлді[ҚТФС, 490 бет].
5. Аш қасқырлар мотоцикл есік пен төрдей қалғанша бастарын көтермей жылы етке құнығып, табандарын тірей өлермендене жұлқып шоңқаң-шоңқаң етеді(«Жапандағы жалғыз үй», 118 бет).
Есік пен төрдей өлшем. 1.Тіпті жақын,бір аттам ғана жер;таяқ тастам жер. 2. Келіскен, үлкен, ұзын[ҚТФС, 218 бет].
6. Әкесі туралы айтылған сөздер жүрегіне мірдің оғындай қадала берді(«Жапандағы жалғыз үй», 122 бет).
Сөзі мірдің оғындай Сөзі өңменіңнен өтетін, жанға қатты бататын[ҚТТС, 610 бет].
Қосымша фразеологизмдер:
1 Атай біздің қаққанда қанымызды, сыққанда сөлімізді алды(«Жапандағы жалғыз үй», 107 бет).
2. Айналасы бір сүт пісірім уақытта етегін ыстық өткір жел көтерген өрт егінді тып-типыл етіп, бозға түскен соң бойы кішірейіп, алысқа ұзап кете барды(«Жапандағы жалғыз үй», 111 бет).
3. –Төріңнен көрің жуық отырып, қайдан таптың бұл кәсіпті, - деп, қымызшы шалды ортаға алып, ойынды-шынды тілін батырып, керіп әкетті(«Жапандағы жалғыз үй», 121 бет).
4. Басын қорғаштап, бүк түсе құлаған Дика «ағатай-ай, ағатай!» дегенде, құлындағы даусы құраққа шығады(«Жапандағы жалғыз үй», 129 бет).
5. Оны құлағы шалып қалған кемпірлер тілі келмейтін сөздің тамырына түсінбей, Тұрсынның өзіне «Диқай бала», «Диқай» деп ат қойып алды(«Жапандағы жалғыз үй», 133 бет).
6. Соғыс аяқталып, елге ер-азаматтың көбі қайта оралып, белі шойырылған тұрмыс біртіндеп еңсесін қайта көтере бастады(«Жапандағы жалғыз үй», 133 бет).
7. Мал соңында салпақтап, осы үйдің отымен кіріп, күлімен шыққан Дика, сағымдай бұлдыраған алдамшы үміттен мүлдем күдерін үзді(«Жапандағы жалғыз үй», 136 бет).
8. Қызыл шырайлы, бәденді Жәміштен айнымаған, сойып қаптағандай Халелдің көзіне көзі түскенде Қарасайдың жүні жығылып, тауы шағылып қалды(«Жапандағы жалғыз үй», 140 бет).
9. Әңгіме басы жылы басталғанына Жәміш іштей қуанып, әке мен баланы табыстыруға асығып, әңгіме жібін үзіліп қалмаса екен деп жалғай түсті(«Жапандағы жалғыз үй», 142 бет).
10. Ниеті –жалғыз ағашты құлатып, машинаны батпақтан шығарып алу болса да, ұрынуға қара таба алмай тұрған жігітке бұл да демеу болды(«Жапандағы жалғыз үй», 168 бет).
11. Райхан құрғақта қалған балықтай бұратылып, жанын қоярға жер таппай, домалап жатыр(«Жапандағы жалғыз үй», 186 бет).
12. –Түкке тұрғысыз сөзге бола қызыл май боп таласу әлі қалмапты ғой, -деді де орнынан тұрды( 244 бет).
13. Өз атын атағанда кірерге жер таба алмады(«Жапандағы жалғыз үй», 324 бет).
14. Ішерге тамағы болмай, дастарқанының жемі таусылып жұтап отырса да, ертеңгі күнге үміттене қарап, аштығын сездірмейді(109 бет).
15. Күшігін алдырған ызалы қасқырлар мөлдір аспанда шолғыншылап қанат қақпай баяу қалықтап жүрген жалғыз кезқұйрыққа қарап жатып сілекейі шұбырды(116 бет).
16. Келімді-кетімді кісі көбейгеннен бері қоңылтақсып тұратын базар сөрелері де бұрынғыдан молыққан. Тіпті бүйірлеріне ақау түскен(121 бет).
17. Қойларды алысқа ұзатпай күн ұзақ қайыра жайып кешке таман үйге әкелуші еді, бүгін өзі түгіл ізі көрінбейді(125 бет).
18. Бар күшіңді салып еңбек еткенде мақтап, арқаңа қаққанда көңілің көкке жеткендей болады екен, апа(128 бет).
19. Отау үйден жан ұшырып Ақбөпе шыққан(129 бет).
20. Қаршадайынан көрген азабы, тартқан мехнаты есіне түсіп, егіліп отыр(130 бет).
21. Сөзінің көбін тура айта алмағанмен, кей жерін өз жанынан қосып, әйтеуір сүйегін бұзбайды(131 бет).
22. Диканың да іші жылып кетті(134 бет).
23. Аяқ астынан қарық болып, жалпақ төбесіне батпайтындай тар фуражкені қоқита киіп, жымың-жымың етті(135 бет).
24. Еркінжұмыс істеп, ел қатарлы жүрем деген ойын мына жатқан аюдай жігіттің сұсы басып кетті(150 бет).
25. Аттары қарқындағанша әжептеуір жер сатылып шығып ем, тағы да гүрс-гүрс мылтық атылғанша болған жоқ, астымдағы ат мұрттай ұшты(159 бет).
26. Белінен шойырылып қансыраған Сұлу мұрт келесі кешке дейін жатып, қас қарая бере мәңгі көзін жұмды(161 бет).
27. Бір орында зыр айналған доңғалақ тікенек қауды көзді ашып-жұмғанша сазбен жентектеп, үгіп жібереді(162 бет).
28. Ә, мейлі, жұрт не десе, о десін, өз көңілімнің ақтығы өзіме аян(166 бет).
29. Бірақ қан сорпа боп шаршап-шалдығып жеткен адам қолы бұдан екі-үш жыл бұрын бойынан жан кетіп қураған қу бұтаққа ілігіпті(171 бет).
30. Қарасай жұлын тұтып шығып кетті(175 бет).
31.Күшігін алдырған қасқырдай аласұрып, жатақтарға қанды көзімен қарайды(183 бет).
32. –Аш есікті, сен ол қызды жасырып отыра алмайсың, -деп сес көрсетіп, тілге келді(184 бет).
33. Қаным қайнап кетті(185 бет).
34. Қашанғы бұлар төбемізге әңгір таяқ ойнатып, басынады(187 бет).
35. Қайтып үйді таба алмай, адасып ауыл сыртына шығып, желбегей қалпында қақаған суықта ұшып өліпті(188 бет).
36. Малжан байдың жаны мұрнының ұшына келді(189 бет).
37. Осы тұста отырғандар тағы да екі ұдай болып, шулап кетті(191 бет).
38. Жүзіктің көзінен өткен жас балалар, жігіттер жаздай үлкендермен қатар жұмыс істеп, тағы да егін ектік(193 бет).
39. Терезе тұсында тұрып, ойбайын салып бақырған мысықтардың даусы құйқа тамырын шымырлатып барады(196 бет).
40. Бірігіп еңбек етейік деген сөзің көкейіме қонды(203 бет).
41. Әйтеуір бәрің біріксеңдер, етек-жеңің мол, іргелерің берік болатынына имандай сенемін(205 бет).
42. Бірақ ондай көлденең сөз өз бетіне қалып, жиырма бір жасында менің қызым Райхан қазақ тұрмысында әйел затынан тұңғыш рет ел тізгінін қолына алды(208 бет).
43. Қартайғанда жаңа көрдік пе, көрмедік пе деп жүрек дауаламай, ішкен ас батпай жүргенде, тағы көпсінгені ме(232 бет).
44. Сырттан жайдары енген Халел мына студентті көргенде өңі өзгеріп, жүзі салқын тартты(259 бет).
45. Қызып алған соң Дерягин де бар шындығын жасырған жоқ, бүкпесіз айтып салды(269 бет).
46. Беті бүлк етпестен, шімірікпей айтты-ау(255 бет).
47. Машина шынысына жабысқан қар бірте-бірте қалыңдай берді де, іш жағының қырауы бір елі болды(284 бет).
48. Ол әлгі адамның Дерягин екенін жазбай таныған еді(305 бет).
Жазушы Сәкен Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй» романы тілін талдау барысында 110 фразеологизм сөздер табылып, соның 62-і талдауға түсті. Оның 44- соматикалық, 9- зооморфтық, 6- түр-түстік және сындық, 3- сандық фразеологизм талданды. Талдау барысында терілген фразеологизмдер ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлінді.
Достарыңызбен бөлісу: |