3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт



бет5/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67
Байланысты:
stud.kz-70933

Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт- қазақ фразеологиясында қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін болмыс, бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдердің салғастыра зерттеу ісі. М.Х. Абилғалиева, М. А.Сыздықова, М.А. Жақсыбаева, М.Р. Есімжанова, т.б зерттеулерінде тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, интернаионалдық фразеологиялық қорды анықтау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді сралау және ұқсастықты тудырушы факторларды айқындау мәселелері көрініс тапты. Бұл бағыт- Ғ. Сағидолланың еңбегінен басталады.
Қазақ фразеологиясындағы үшінші бағыт- фразеологиялық бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалық, лингвомәдениттанымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева, С. Сәтенова, Б. Ақбердиева, Ш.Сейітова сияқты тілші мамандардың зерттеулері белгілері бір этногенетикалық қауымдастықтың ақиқат турасындағы таным- түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз жалғасқан ұжымдық тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тілі арқылы танып білуде аса маңызды.
Ғалым Мамаева Мәкен Қасымбайқызының 2004 «Фразеологизмді сөз тіркесі» атты диссертацияның авторефератында «Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды».Қазақ тіліндегі қос тағанды фраеологизмдердің тілдік табиғатын зерттеген пров. С. Сәтенова мұндай фразеологизмнің синтаксистік сипатына арнайы тоқталып, сөз тіркесі құрылымды ҚТФТ, сөйлем түріндегі ҚТФТ деп бөліп қарастырады. Проф. І.Кеңесбаев «Фразеологизмді сырт сиқына қарап, яғни белгілі бір қосымшаларды бойына дарыту қалпына қарап, синтаксистік қызметі мен фраеологизмнің мағынасынан бойды аулақ сала талдасақ, формаль тұрғыдан еркін тіркесте болатын барлық белгілерді табуға болады»,- деп айтқанымен синтаксистік жағынан қарастырмайды. Бұл айтылған пікір негізінен фразеологизмнің ішкі құрылымына қатысты түсініліп, фравеологизм жайлы зерттеу жұмысын жүргізген ғалымдардығ көбі осы негізде оның ішкі байланысу тәсілін сөз етеді. Фразеологизмдердің сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуы жайлы қазақ тіл білімінде біраз айтылды.
Х . Қожахметова тұрақты тіркес сөйлемнің барлық мүшесі бола алатынын мысалдармен дәлелдесе, Н. Қошанова бұл мәселе бойынша арнайы еңбек жазып, тұрақты тіркестің сөйлем мүшесі болуы-сөйлем аясының кеңеюінің бір жолы деген тұжырымдама жасады. Ғалым атаулық және фразеологиялық тіркестердің грамматикалық байланысу жолдарында да өзгешеліктер бар екенін атап көрсетеді: «Фразеологиялық тіркес құрамындағы сөздер қазіргі синтаксистік байланыс тәсілдерінің қай-қайсысы арқылы болса да байланысып, өз ішінде сөйлемнің барлық мүшесі бола алады. Ал атаулық тіркестерде ондай универсалдық, жан-жақтылық жоқ. Ғалым тұрақты тіркестің өзін екі топқа бөледі: фразеологиялық тұрақты тіркестер және атаулық тұрақты тіркестер деп бөледі.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет