Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білім сапалы, құнды, қоғамға пайдалы, келешек өмірінде оның қажеттілігі зор екендігіне көз жеткізу барысында білімдерін тексеру жолдарын үйрету.
Зерттеу міндеттері:
Білімді тексеру түрлерін анықтау.
Ауызша, жазбаша тексерудің ерекшеліктерін ажырата білу.
Оқушылардың қателерін жою арқылы оның өзін-өзі бағалау және тексеруге үйрету.
Зерттеу обьектісі:Оқушылардың білімдерін тексеру және дағдысын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Математиканы оқыту әдістемесі
Зерттеу әдістері: Әдістемелік оқулықтар, дидактикалық материалдар,
баспасөз материалдары.
Курстық жұмыс:Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды бөлімнен және қосымшадан тұрады.
1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қандай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты 1.1. Есепке алу ісіне қойылатын талаптар. Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан үлгірімін есепке алып отыру – педагогикалық процестің негізгі кезеңдерінің бірі. Есепке алу осы пәннің мектепте қалай оқылып жатанын көрсететін болу керек.
Оқушылардың математикадан алған білімін тексеріп есепке алу мәселесіне тоқталайық .
Білімді есепке алу дегеніміз – тұтас сыныптың және әрбір жеке оқушының білімі мен дағдысының қандай күйде екенін дұрыс анықтау үшін қолданылатын әдістер системасы. Білімді есепке алу мәселесі – оқушылар үшін де, мұғалім үшін де үлкен маңызы бар мәселе. Оқушылардың білімін есепке алу ісі дұрыс ұйымдастырылып , жүйелі түрде жүргізіліп отырған болса , ол- оқушылардың да, мұғалімінің де жұмыстарындағы кемшіліктердің бетін ашып, оларды жоюға жәрдемдеседі. Есепке алу оқушылардың біліміндегі кемістіктерді анықтап қана қоймайды, оқушыларды оқу материалын жақсы да берік меңгеруге талаптандырады, айта берсек, мәжбүр етеді, ал мұғалімдерді ол өзінің жұмысының сапасын барған сайын жақсарта беруге талпындырады.
Жүйелі түрде жүргізіліп отыратын есепке алу ісінің бұлармен қатар тәрбиелікте маңызы зор: оқушыларды тәртіпке үйретеді, оларды ұстамдылыққа, табандылыққа тәрбиелейді, тапсырмаларды дер кезінде ұқыпты орындауға үйретеді .
Есепке алудың арқасында мұғалім оқушылардың білімді қандай дәрежеде меңгергендігін айқындайды, осы білімді қандай кемістіктер бар екенін табады, курстың қандай тақырыптарының нашар меңгерілгендігін, оның неліктен екендігін, оқушылардың қайсыларына қандай көмек берілуі тиіс екендігін анықтайды.
Есепке алудың (учеттың) мақсаттары :
математикалық материалды оқушылардың қандай мөлшерде меңгергендігін ,яғни программаның қандай түрде орындалғандығын айқындау;
оқушылардың материалды меңгеру сапасын (жүйелілігін , саналылығын және беріктігін) анықтау ;
балалардың өздігінен жұмыс істеуге дайындық дәрежесін анықтау ; алған білімін практикада қаншалықты пайдалана алатындығын айқындау ;
педагогтың өзінің жұмысының сапасын анықтау.
Есепке алу жүйелі , системалы түрде жүргізіліп отыруға тиіс . Әр оқушы білімі терең де есепке алынуы керек . Есепке алуда тек бір-екі сұрауға берліген жауаптармен қанағаттануға болмайды : әрбір оқушының өтіліп отырған материалды бұрын өтілген материалмен байланыстыра отырып қандай түрде ұғып алғандығын мұғалімнің анықтауы қажет. Есепке алу математиканы оқытуда жүргізілетін жұмыстардың барлық түрін қамтуы керек : теорияны білу (балаларға түсінікті формада) , есептерді шығара білу , жұмысты сыртқы түрі жағынан дұрыс және әдемі орындау (жазуларды , чертеждерді , цифрларды, таңбаларды дұрыс орналастыру) . Күнделікті есепке алуда нашарлау оқитын оқушыларға мұғалім көбірек көңіл бөлуі керек : олардан сабақ кезінде көбірек сұрау керек ; олардың өздігінен орындаған жұмыстарын жеке тексеріп отыруы керек .
Оқушылардан сұрау олардың жұмысына бақылау жасаудың құралы ғана болып қоймауы керек ; оқушының жауабы материалды осы оқушының өзіне , сондай – ақ тұтас сыныпқа кеңірек , тереңірек , етіп түсіндіруге жәрдемдесерліктей болуға тиіс . Берілген жауапты , жауап берушіге қойылған қосымша сұрауларды , байымдаудың теріс жерін түзетуді т.с.с. сыныптағы барлық балалар қадағалап тыңдап отырады .
Есепке алудың негізгі түрлері : алдын ала байқауды есепке алу , күнделікті есепке алу, қорытынды есепке алу.
Бағдарлама бойынша әрбір сыныпта арифметиканы оқып үйрену
бұрынғы сыныпта өтілген материалды қайталап пысықтаудан басталады. Оқу жылының басында бұрын өтілген материалды қайталауға әрбір сыныпта 12 сағат уақыт жұмсалады.
Оқушылардың білімін , іскерлігін және дағдысын оқу жылының басында есепке алудың (алдын ала есепке алудың) үлкен маңызы бар. Жазғы демалыс кезінде оқушылар біраз материалдарды ұмытып қалады және алған дағдыларын аздап жоғалтады .
Тәжірибелі мұғалімдер жаңа оқу жылының бірінші сабағынан бастап қайталау кезінде әрбір оқушының дайындық дәрежесін , оның біліміндегі жеке кемістіктердегі және есептеу дағдысын қолданудағы кемшіліктерді айқын етіп анықтап алу мақсатын көздейді .
Бұл мұғалімдер қайталау сабақтарында бұрынғы жылдары өтілген математикалық материалдардың ішінен математиканы әрі қарай оқып үйрену үшін үлкен маңызы барларына әр түрлі ауызша және жазбаша жаттығулар жүргізеді. Жазбаша бақылау жұмыстарын да жүргізіп отырады. Жүргізілетін жазбаша ьақылау жұмыстарының қиындығы орташа болады, өйткені қиын жұмысты тек кейбір оқушылар ғана орындай алады да, әрбір оқушының жеке басының дайындығын анықтауға мүмкідік болмайды . Оқушылардың ауызша берген жауаптары мен жазбаша жұмыстарын мұғалім мұқият тексеріп , оларға талдау жасайды.
Тақырып бойынша жүргізілетін күнделікті есеп оқушылардың тақырыпты өту процесінде алған білімдерін бір системаға келтіруге мүмкіндік береді, бұл есеп тақырыпты қысқаша қайталап алғаннан кейін жүргізіледі. Тақырып бойынша есеп жүргізу үшін тәжірибелі мұғалімдер арнаулы сұрақтар тізімін жасайды. Сұрақтар оқушылардың берген жауаптары тұтас тақырыпты немесе оның бір бөлігін баяндап айту түріне айналарлықтай етіп белгілі бір системада қойылады. Оқушылардың жұмысына күнделікті бақылау жасап отыру оқушылардың математикадан алған білімін есепке алу системасында үлкен орын алады.
Математиканы оқып үйренуде оқушылардың жұмысына бақылау жасап отырудың формасы әр түрлі жағдайларға байланысты болады.
Бақылау нәтижесін мұғалім әр оқушыға жеке бет берілген алфавиттік дәптерге, немесе оқушылардың әрқайсысына арналған жеке карточкаларға, немесе тіпті өзінің блокнотына жазып жүреді .
Оқушыларды жан-жақты зерттеп білу үшін, оларға дер кезінде көмек көрсету үшін сыныпта және сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың барлығында да оқушылардың жұмысына бақылау жасап отыру керек . Бір оқушы тақтаға шығып жауап беріп тұрғанда, ал басқа оқушылар оны тыңдап отырғанда немесе өздігінен жұмыс орындап жатқанда да әрбір оқушыға мұғалім көзінің қырын салып отыруы керек . Олардың жалпы жұмысқа әзірлігін – осының барлығын мұғалім есепке алып отыруы қажет. Әсіресе жалпы сыныпқа немесе әр оқушыға жеке-жеке берілген жұмысты оқушылар орындап, оқушылардың жұмысын бақылауды күшейту керек. Өздігінен орындаған жұмыста, есептеу дағдысын тексеруде, мысалдар мен есептерді ауызша шығаруда оқушының берген жауабының сапасын мұғалім өзінің дәптеріне немесе әр оқушының дара карточкасына жазып отырады.
Қорытынды есеп жылдық жұмыстың нәтижелерін және оқушылардың есеп кезіндегі білімдері мен дағдылары жөніндегі деректерді біріктіреді . Оқу жылының басында нашар оқыған оқушы жыл аяғында жолдастарын қуып жетуі мүмкін, мұның бұл жетістігін де оның тұтас жыл бойындағы жұмысын бағалауда ескеру керек.
Жылдық есепті жинақтап болғаннан кейін, әрбір оқушыға мінездеме беріледі;онда оқушының материалды меңгеру сапасы және оның жұмысқа қалай қарайтындығы көрсетіледі.
Енді есептің жеке түрлері мен әрбір кезеңдерін қалай ұйымдастыруға болатындығына және оны жүргізудің техникасына тоқталып кетейік.
Оқушылардың білімдерін, біліктерін және дағдыларын тексеру және бақылау–бастауыш сыныптарға оқу процесінің ажыратылмайтын құрама бөлігі.