3-6 бет 1-бөлім. Математикалық материалдарды оқушылардың қанай мөлшерде меңгергендігін есепке алу ісінің мақсаты


) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау



бет8/13
Дата09.02.2023
өлшемі272 Kb.
#66411
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
2) Жазбаша бақылау жұмыстары бойынша бағалау.
Математикадан жазбаша бақылау жұмыстары (күнделікті және қорытынды) бірыңғай мысалдар не бірыңғай есептер немесе құрама болуы мүмкін .
Бақылау жұмысының көлемі оқушылар орындай алатындай өткен материалға байланысты әр тараудың соңында , әр аттестацияның алдында, не директорлық тексеру жұмыстарында немесе семестр соңында беріледі.
40 минут уақыт ішінде олар жұмысты орындап және тексеріп үлгеруі керек .
Математикадан жазбаша бақылау жұмысын бағалауда өрескел және өрескел емес қателер кездеседі .
Өрескел қателерге мыналар жатады:
-есепті немес мысалды есептеуден жіберлген қате;
-арифметикалық амалдардың орындалу тәртібінен жіберілген қате;
-есептң шешуін дұрыс орындамау (амалдары қалдырып кету, амалдарды
дұрыс таңдай алмау, артық амалдар орындау);
-есепті немесе мысалды есептеуде аяқтамау;
-орындалмаған жұмыстар.
Өресскел емес қателерге мыналар жатады:
-есепті шығару тәсілі орынды болмау;
-есепті шығаруда амалдарға қойылған сұрақ дұрыс болмау;
-есептің тұжырымдалу жауабы дұрыс болмау;
-берілген андардан, белгілерден көшіргенде қате жіберу;
-қайта құруды соңына дейін аяқтамау.
Жұмысты тексеруге қатысқан адам есептеу дағдыларына баға қоюына болады:
-егер жұмыс қатесіз орындалса, «5», ал 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «4» деген баға қойылады;
-егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел, 1-2 өрескел емес қате жіберілсе, «3», ал өрескел қате 3-тен, өрескел емес қате 2-ден артса, «2» қойылады.
-егер есепті шығарған 1 өрескел және 3-4 , өрескел емес қате жіберсе , «3» деген баға қойылады,
-егер есеп шығарылмасағ «1» деген баға қойылады.
Құрама бақылау жұмыстары былай бағаланады:
-егер жұмыс қатесіз орындалса , «5» деген баға қойылады;
-егер орындалған жұмыста 1 өрескел және 1-2 өрескел емес қате болса (есепті шығаруда өрескел қате болмау керек), «4» деген баға қойылады;
-егер орындалған жұмыста 2-3 өрескел және 3-4 өрескел емес қате жіберілсе, бірақ есептің жолы дұрыс болса, «3» деген баға қойылады;
-егер орындалған жұмыста 4 өрескел қате жіберілсе, «2» деген баға қойылады;
-егер оқушы барлық тапсырманы дұрыс орындамаса, «1» деген баға қойылады.
Ескерту:
1. Егер орындалған жұмыста грамматикалық қате жіберілсе , ол үшін математикадан бағасы төмендетілмейді . Ол қателерді мұғалім сауат ашу сабағында оқушылардың білімін , икемділігі мен машығын тексерген кезде бағалаған жөн.
2. Жұмыс өте лас орындалса , жазу каллиграфиясы сақталмаса , жұмыстың бір балы төмендейді , бірақ «3» деген бағадан төмен болмау керек.
Жазбаша бақылау жұмысын жүргізу арқылы оқушылардың білімін есепке алудың бір артықщылығы – ол бір сабақта сыныптағы оқушыларды тегіс қамтуға , шамалы аз уақыт ішінде оқушылардың әрқайсысының бірсыпыра мәселелер жөніндегі білімін тексеруге мүмкіндік береді . Бастауыш мектепте жазбаша бақылау жұмысының екі түрі қолданылады:
а) 10-15 минут ішінде орындалатын қысқа жұмыстар; олардың мазмұнына шағын материал кіреді;
б) тақырып , курстың бір тарауы аяқталғаннан кейін немесе тоқсан аяғында жүргізілетін ұзақ уақыттық (бір академиялық сағат ішіне орындалатын) жұмыс .
Бұл жұмысты курстың кішірек тарауын оқып үйренгеннен кейін де , тоқсан ішінде өтілген материалды қорыту үшін тоқсан аяғында да жүргізуге болады : ақырында, оқу жылы бойында істелген жұмысты есепке алу үшін де жазбаша бақылау жұмысы өткізіледі . Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – істелген жұмысты қорыту. Оқушылардың материалды игеру сапасын анықтау, оқушылардың біліміндегі шалалықтарды , мұғалімнің өз жұмысындағы кемістіктерді айқындау .
10-15 минуттық бақылау жұмыстарының пайдалы жақтары- бұл жұмыстар көлемі шағын материалды оқушылардың игеру дәрежесін анықтайды, оқушыларды үйге берліген тапсырмаларды мұқият орындауға жұмылдырады, оларды жұмыстты тез орындауға дағдыландырады. Тақырыптық бақылау жұмыстары: программаның оқылып өткен тарауы бойынша оқушылардың алған білімі мен дағдысының жалпы дәрежесін , жеке оқушының білім дәрежесін және оның жұмысындағы шалалықты, жалпы сыныптың , сондай-ақ жеке оқушының жетістіктерін анықтауға мүмкіндік береді .
Бақылау жұмыстарының мазсұнына енетін мәселелер брлық оқушылар үшін бірдей болады , бірақ олардың нақтылы материалдары әр түрлі (бірнеше вриантта) және қиындығы да әр түрлі болуы мүмкін .
Бақылау жұмыстарына белгілі бір уақыт ішінде өтілген негізгі мәселелердің барлығы да енуі керек .
Жылдық бақылау жұмысы онша күрделі болмауы керек, бұл жұмысқа оқушылардың сыныпта және үйде шығарған мысалдарынан қиынырақ мысалдар енгізуге болмайды . Бақылау жұмыстарына арифметикалық материалмен қатар геометриялық материал да енуі шарт.
Кейде жоғарғы сынып оқушыларына , алдын ала хабарламай ойда жоқ жерде, жазбаша бақылау жұмысын берген пайдалы, бұл жағдайда оқшыларға оқулықты немесе дәптерлеріндегі жазуларды пайдалануға ұлықсат ету керек. Осы жұмыстың нәтижесіне қарап, мұғалім белгілі бір тараудың материалын оқушылардың қаншалықты ұмытып қалғандығын немесе берік игергендігін және олардың өздігінен жұмысты қалай орындай алатындығын байқауына болады.
Жазбаша бақылау жұмысына арналған уақыт І-ІІ сыныптарда 20-25
минуттан , ал ІІІ-ІV сыныптарда 30-40 минуттан артпауы керек.
Бақылау жұмысына материалды сұрыптап алуда мына принциптерге сүйену керек: біріншіден, жүргізілетін жұмыстың мақсатын анық білу керек; екіншіден , әрбір жаттығу курстың қандай мәселелерін тексеру үшін берілгендігін дәл анықтап алу керек; үшіншіден, жұмысқа бұрын өтілген материалды қайталауды енгізу керек , төртіншіден , алдыңғы жұмыста қате жіберілген жағдайларға жаттығулар беру керек .
Бақылау жұмысына материал сұрыптап алудың үлкен маңызы бар. Мұғалім мынадай екі ұшқырлықтан сақ болуы керек ; өте жеңіл жұмыс оқушылардың өз күштерін асыра бағалауын , біз бәрін де жақсы білеміз екен деп , келешекте жұмысты аз істеуіне , сабақты жөнді оқымауына себеп болады ; өте қиын жұмысты жақсы оқитын жеке оқушылар ғана орындай алады . Сондықтан мұғалім бақылау жұмысының қиын – жеңілдігін сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне сәйкестендірі алуы керек .
Тәжірибелі мұғалімдер бақылау жұмысын жүргізердің алдындағы сабақта оқушыларына жұмысқа қойылатын талаптарды түсіндіріп айтады . Мысалы, олар есептің шешуіне түсінікті қандай формада беру керектігін ұғындырады: сұрақ формасында ма , жоқ әлде есептеудің алдында берілген я одан кейін айтылатын түсінік түрінде ме , болмаса байланысты текест түрінде ме ; есептің немесе мысалдың шешуін тексерудің қажет екендігін айтады . Мұғалім есептеу жұмысына қойылатын талаптар жөнінде де түсінік береді : мүмкін болған жердің барлығында да есептеуді ауызша орындау , есептеудің ең тиімді тәсілін қолдану , есептеуді мұқият тексеру т.б.
Бақылау жұмысын жүргізгенде : а) жұмысты орындауға берілген уақытта оқушылардың толық пайдаланылуын, б) жұмысты әр оқушының толығымен өздігінен орындауын мұғалім қамтамасыз етуі керек . Сондықтан бақылау жұмысына арналаған мысалдарды немесе есептерді сабақ басталмас бұрын тақтаға жазып қойған жөн , өйткені бұларды сабақ басталғаннан кейін жазатын болса , мұғалім жазып бітіргенше оқушылар босқа қарап отырады; екінші жағынан, мұғалім жазып жатқанда кейбір оқушылар есептердің шешуін жолдастарына айтуы немес олардан сұрап алуы мүмкін . Сондықтан ең қолайлысы – бақылау жұмысының тексін жеке карточкаларға жазып, оларды сабақ басталысымен оқушыларға үлестіріп беру .
Бақылау жұмысын оқушылар мектепте сақтаулы тұратын арнаулы жеке дәптерге жазып орындайды.
Алдын-ала орындалатын қосымша есептеулердің барлығы да дәптердің ішіне салынған жеке арнаулы парақ қағаздарға жазылады ; өйткені қосымша есептеулердің маңызы негізгі есептеулердікінен кем болмайды . Оқушылар мұғалім бұл жазуларды да қарап тексеретіндігін білетіндіктен , оларды ойланып мұқият орындауға тырысады . Оқушылар бақылау жұмысын орындап жатқан кезде , мұғалім сыныптың алдындағы үстелдің жанында тұрып (кейде оқушылардың жанына барады , бірақ оларға тақырып бойынша ешбір түсінік бермейді) , бақылау жұмысының орындалуын мұқият бақылап тұрады . Жеке оқушылардың жұмысты қалыпты орындаудан ауытқуларын (басқа нәрселермен алдануын) мұғалім жазып отырады . Бақылау жұмысты тексеріп , оған баға қоярда мұғалім жеке оқушылар жөнінде жазып алғандарын ескереді .
Тексеріп түзетілген бақылау жұмыстарын оқушыларға қайырып бергенде, мұғалім ең көп кездесетін типтік қателерді талдап тексеріп , оқушыларға оларды жоюдың жолдарын көрсетеді .
Күнделікті сабақ үстінде оқушылардың дәптерлерін түзеткенде, сондай – ақ бақылау жұмыстарын тексергенде де мұғалім оқушылардың жіберген қателерін тек тағайындап қана қоймай , ол қателердің түрлерін де (типтерін де) , олардың қаншылықты қайталай беретіндігін де анықтауы керек . Бұл – мұғалімге осы қателерді жоюдың жолдарын белгілеуге көмектседі .
Оқушылардың дәптерлерін қарап түзеткенде , олардың жіберген қателерін есепке алып отыру керек . Бұл есепке алу мына түрде орындалуы мүмкін : дәптерлерді түзеткен кезде мұғалім өрескел және жиі қайталай беретін қателерді таріп жазып алады да , ол қателердің әрқайсысының тұсына мұның неше балада кездесетіндігін есете белгілеп қояды .
Жұмысты тексеруде мына қағидаларды есте ұстау керек :
а) шешуі дұрыс болмаған күннің өзінде де жұмыс ақырына дейін тексерілуі керек , өйткені жұмыстың жеке бөліктерінде дербес қателер болуы немесе сәтті орындалған жерлері болуы мүмкін ;
б) тек арифметикалық қателерді ғана белгілеп қоймай , кемістіктердің барлығы да (мысалы, шешу тәсілі ұзақ немесе тиімді емес , сұрақтардың қойылуы нашар немесе есептің шешуін дәл түсіндіремеген т.с.с.) көрсетіледі; логикалық және грамматикалық қателер де көрсетіледі . Байқалған қателерді түзетпей , тек олардың астын сызып көрсетіп , дәптердің шетіндегі ашық жерге осы қателерге қатысты ережелерді , заңдарды , амалдардың қасиеттерін жазып көрсету де пайдалы болады .
Бақылау жұмыстарын былай қорытқан жөн . Тапсырмалар графаларының жоғарғы жағына олардың нөмірлері жазылады . Оқушылардың әрқайсысының фамилиясының тұсына әр тапсырманың орындалу сапасы жөнінде шартты белгілер қойылады . Мысалы , «+» таңбасы тапсырманың ешбір қатесіз орындалғандығын , «Т» - ірі қатесіз шешілгендігін , «- » - шешудің дұрыс еместігін , «0» - ешқандай шешудің жоқтығыны көрсетеді . Бұдан кейін әр тапсырма бойынша шартты белгілердің саны есептеліп , олар процентке айналдырылады.
Оқушылардың біліміндегі күнделікті жұмыс процесінде жоюға болмайтын кемшіліктерден арылу үшін қосымша жұмыстар жүргізіледі , мысалы , үйге қосымша тапсырма беру , нашар оқитын балалар үшін қосымша сабақ өткізу .
Жұмысты жаман орындаған оқушыларға мынадай тапсырмалар беріледі: сол жұмысты үйде қайта орындау , қателердің қандай екендігін түсіндіріп , оларды түзету , үйде қосымша жаттығулар орындау. Қатені түзету үшін берілген тапсырмалар келесі күні тексеріледі . Мұғалім қатенің болу себебін : қате ережені білмегендіктен , я оны қолдана алмағандықтан , болмаса қолдану дағдысының жеткіліксіздігінен кеткен бе , осыны анықтайды .
Бірнеше сабақтардан кейін «2» немесе «3» деген баға алған оқушыларға сабақтан тыс уақытта сол ереженің өзіне бақылау жұмысы беріледі . Егер оқушылардың көпшілігі материалды әлі жөнді игермегендігі байқалса , онда өткізілген бақылау жұмысының мәселелерін келесі бақылау жұмысына енгізу керек , бірақ игерілмеген материалды үйге тапсырма беру арқылы оқушыларға алдын – ала қайталатып пысықтау керек . Оқушылардың көпшілігінде кездесетін қателермен қатар , кейбір оқушыларда кездесетін қателер де болады . Қателерді мұғалімнің басшылығымен , ұйымдастыруымен оқушылардың өздері жүйелі түрде жұмыс істегенде ғана жоюға болады . Көптеген мұғалімдердің тәжірибесінде қателерді жою жұмысының ойланылып құрылған системасы қолданылады . Бұл системада мұғалімнің тиісті ережелерге лайықтап сұрыптап алған мысалдары мен есептерін оқушылар үзбей шығарып жаттығып отырады , сонымен қатар бұл ережелер жаңа материалдарға да қолданылып отырады.
Егер жеке оқушының бұл жағдайда да өтілген материалы игере алмаса, онда мұғалім олармен уақытша қосымша сабақ өткізеді . Егер оқушы ұзақ уақыт ауырып , бірсыпыра сабақтарға қатыса алмаған болса және арифметикадан жіберген сабақтарын өздігінен оқып игере алмайтын болса , онда мұғалім қосымша сабақ ұйымдастырып , оның материалды біліп алуына көмектеседі . Сондай – ақ егер бір қиын тақырыпты өтіп болғаннан кейін сыныпта екі – үш оқушының қанша талаптанғанмен материалды игере алмағандығы байқалса , бұлар үшін мұғалім қосымша сабақ ұйымдастырады . Оқушылар бұл материалды толық түсініп алғаннан кейін , қосымша сабақ тоқтатылады . Мұғалім осы оқушылардың жұмысыны әрі қарай да зер салып бақылап отырады да , жеке жағдайларда оларға дара тапсырмалар береді .
Қателерді түзетуге берілген дара тапсырмалардың орындалуын мұқият тексеріп , есепке алып отыру керек . Бұл үшін сабаққа үлгірмейтін оқушылардың әрқйсысына арнап карточка жасау керек , бұл карточкаға оқушының кемістігі (нені нашар білетіндігі) көрсетіліп , оны түзету жөнінде белгі қойылып отырады . Бұл сияқты есепке алуды дәптерге де жазуға болады .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет