Қыздар!!!
Сананы сәнге емес, сәнді санаға бағындырыңдар!
Өңді қыздың бәрі жөнді қыз емес!
Өңді қыз өтімді болғанымен, түбінде ақылды қыздар
жеңеді.
Егер сүйген жігіттеріңе сүйікті жар боламын десеңдер,
еңбекшіл болыңдар!
Егер ата-анаға қымбатты келін боламын десеңдер, еңбекшіл
болыңдар!
Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер,
еңбекшіл болыңдар!
Әдемі болыңдар , әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды
болыңдар,саналы болыңдар!
Еңбекшіл адам - ең ардақты адам!
данагүл ЖұлдызовА,
мемлекеттік жергілікті басқару мамандығының 1 курс студенті
№ 3 (887) ақпан 2013 жыл
12
Жыл үздіктері анықталды
латын әліпбиі:
кеңесе келген шешімнің кемісі болмас
Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, ла-
тын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып
шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде
біз мұндай қадамды жасағанбыз.Балаларымыздың
болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз
және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың
ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең басты-
сы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан Халқына арнаған Жолдауынан
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте! Учи все языки, родной цени навеки! Learning foreign languages, respect your mother tongue!
Қадыр Мырза Әлі
халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының жаршысы
№2(5), ақпан, 2013 жыл
«Полиглот» жаршысын әзірлеген:
АнельТасқалиева (жауапты редактор),
02205-топ студенті («Филология: қазақ тілі» мамандығы)
Әліпби ауыстыру мәселесі – аса күрделі тірлік. Елді
бірқыдыру дүрліктірмей де қоймайды. Әжептәуір ауқымды шара
болғандықтан да, оның жақтаушылары да, қарсыластары да
болары сөзсіз. Оған таңғалуға, таңдай қағуға болмайды. Бәрі
түсінікке, ұғымға байланысты. Тек бұл істе әрбір қазақ азаматы
білек сыбанған іс-әрекет үстінде көрінуі тиіс. Сонда ғана бізде
уақыттан кешеуілдеу, кеш қалу, кейін бармақ тістеу, ұлы көшке
ілесе алмай ілбу болмасы анық.
Алғашқы кезекте айтарымыз, қазіргі дәуір тәжірибесі әлеми
ақпарат кеңістігіне өтудің төте жолы ретінде латын жазуын тани-
ды. Ал әлеми ақпарат кеңістігіне ретін тауып өте алмай қалған
елдердің даму қарқыны бәсең болары анық. Бүгінгі таңдағы
қытай мен жапондар да әліпби таңбалары бөлекше болғанымен,
ғылыми-өндірістік үрдісін латын негізінде дамытуда.
Әліпбиді ауыстырудың астарында саяси-әлеуметтік те мән
бар. Жасыратыны жоқ, орыс жазуынан қашу – көрші Ресей
империясының сан ғасырларға созылған «ағалық» ықпалынан
құтылудың, құлдық санадан айығудың бір амалы. Қазақы
көпшілік қауым мұны дұрыс түсінуде. Ақиқаты, егемендіктің
айғақ белгісіне елтаңба, ту, әнұранмен бірге, күнделікті тірлік
мазмұны жазу да енбек. Яғни, жазу – тек әріптер жиынтығы
емес. Ғылым тілінде, жазу әліпби, таңба, ереже-емлелерден
құралмақ. Әліпби – тілдің дыбыс құрамы, таңба – дыбыстың
қауызы, ал емле-ереже – әліпби мен таңбаның ұлттық
дәнекері. Қысқасы, әліпбиі, таңбасы мен емле-ережесі
үйлескен жазу – тіл егемендігінің кепілі. Тіпті, әліпби ауысты-
руды айтпағанның өзінде, қазақ жазуын бір екшеп, саралап алар
мезгіл жеткендей. Демек, бұл бағыттағы шараны тек әліпби
ауыстыру ісі деп қарамай, кең тұрғыдан жазу реформасына
ұластыру орынды болмақ.
Шынтуайтында, қазақ жазуының тарихы қазақ зиялыла-
ры үшін «әліпби айтысының» тарихы да. Оған дәлел, қазақ
білімпаздарының 1924 жылғы Орынборда өткен тұңғыш
съезінің материалдары. Не болмаса, Ахмет Байтұрсынұлының
жазуынан латынға, латыннан кирилге көшкеніміз тарихтан
белгілі. Кирилге жарлықпен бір-ақ күнде көшкеніміз де мәлім.
(Түрік Республикасының да өз кезінде түрік латын әліпбиіне
жарлықпен бір-ақ күнде өткені де белгілі).
Қазіргі жас ұрпақ өкілдері қазақ жазуына орынсыз қиянаттар
да жасалғанын білгені жөн. Мәселен, 50-жылдардың басында
қазақтың ы, і, ұ, ү тәрізді төл дыбыстарын ысырып тастап,
оның орнына орыс тілінің и, у әріптерін алуымыз. Тіпті, кезінде
белгілі бір «ғалымымыздың» тарапынан « и, у әріптеріне
қарсы шыққандардың пиғылы дұрыс емес» деп, дөң айбат шегіп,
партиялық журналға мақала жазуы да кейінгі намысты жастың
қанын қайнатпай қоймайды. Сондай-ақ, «КПСС, ТАСС, ООН деп
жазу керек» дей келе, орыс тілінен енген сөздерді «сол тілде
қалай жазылса, солай жазып, қалай айтылса солай айту ке-
рек» деуіміз де тіл заңына қайшы. Бұндайға мүлдем жол беруге
болмайды. Бұл – ұлт тіліне жасалған қиянаттың зоры.
Қазіргі «әліпби айтысының» да ауқымы кең боларын
байқаймыз. Бұған да Елбасымыз тұқ етерін айтып, нүктесін қоя
білді. Университет студенттерімен, әріптестерімізбен латын
қарпіне көшу жөніндегі ой-пікір алмасқанымызда алдымыздан
сандаған сауалдар бас көтерді. Тұнған сұрақ, жатқан уайым,
түсінбестік... Мүмкін, жастарға түсіндіру, білгенімізді айту
аға буын өкілдерінің міндеті де болар. Ал аға буын түсінгісі
келмесе ше?.. Осы бағыттағы студент жастардың бірқатар ой-
сауалдарына баспасөз материалдарына сүйене отырып, бірер
пікір қосқанды жөн көрдік.
Қадірлі жас дос! Еліміз егемендікке қол жеткізді. Мемлекетіміз
ешкімге жалтақтамай тірлік жасайтын дәрежеге жетті. Енді
қоғами-мәдени келешектің қамын ойлау дұрыс. Түсінген тұлғаға
латын әліпбиі арқылы әлеми ақпарат кеңістігіне өту, жоғары
технологияны игеру – елдің тұрмыстық деңгейін көтерудің ең
ұтымды жолы.
* Қазіргі қазақ тілі жазуында тіл бұзар емле-ережелер қаптап
жүр. Сол себептен де кезінде оны танымал филолог ғалым
ағаларымыздың бірі «өзіме өгей өз тілім» деп, басын ұстаған.
Қазір тәуелсіздік алып, қолымыз өз аузымызға жетті дегеннің
өзінде де, мәңгүрт санамызға сіңіп қалған сол тіл бұзар емле-
ережелерден құтылу оңай болмай отыр. Тіпті, тіл мамандарының
арасында да орыс тілінің и, у тәрізді кірме «жетістіктерінен»
айрылғысы келмейтіндер жетіп артылады. Олар оны қазақ тілінің
«даму жетістігі», «жаңа сатыға көтерілген түрі» ретінде
бағалап, қазіргі орыс текті ми, ки, су, ту деген жазуымызды
латын негізінде mi, ki, tu, su деп жазуды ұсынуда. Егер қазақтың
мый, кій, сұу, тұу деген сөздерін қайтадан mi, ki, tu, su деп,
қазақ сөзінің түбір, буын, морфем айтылымын бұзып жазатын
болсақ, онда әліпби ауыстырудың еш реті жоқ.
* Түсінген кісіге қазіргі әліпбиімізді «қазақ әліпбиі» деп
атауға мүлдем келмейді. Өйткені ол «қазақ әліпбиі» емес,
«қазақ-орыс әліпбиі», турасын айтсақ, «орыс-қазақ әліпбиі»
десек болар. Әліпбиіміз бір тілдің емес, әлдеқашан қос тілдің
әліпбиі ретінде бекініп алды. Латынға қарсы мамандар қазіргі
42 әріптен, «өлсем орным қара жер» дегендей, тістеніп алып,
айырылғысы келмейді. Орыс жазуынан айрылса, айдалада
қалатындай сезінеді. Түсіне білсек, ешбір ел әліпби құрамының
көптігімен мақтана алмайды. Әріп санының көп болуы тілдің
әліпбиінде бір кемдіктің барлығын аңғартады. Әріп саны
неғұрлым кем болса, нағыз жетілген әліпби сол болмақ. Бұл
ретте бізге ағылшын жазуының тәжірибесін пайдалану артық
етпейді. Оларда аз таңбамен көп дыбысты белгілеудің ұтымды
амалы бар. Емле-ережесінің күрделілігінен ағылшын жазуы
ұтылған жоқ, қайта әлеми ақпараттық кеңістікте көш басында
келеді. Дұрысы, орыс тілінен енген дыбыстарға арнайы таңба
іздеудің қажеті жоқ. Бұл ретте де ағылшын жазуының тәжірибесі
үлгі. Өзіміздегі бар таңбаны пайдаланып, емле-ереже жолымен
өзге тілден енген сөздерді жазу орынды. Демек, латын әліпбиі
арқылы орыс сөздерін қалай жазамыз деп уайымдаудың жөні
жоқ. Ескереріміз, ешбір мемлекетте кірме сөздің жазылуына
орай қосымша таңба ойлап таппай, не де болса өз әліпбиіміздің
құрамынан шығару дұрыс.
* Тілімізде өзге тілден зорлықпен енгізілген ережелер
қағидалары да жеткілікті. Бұл – қазақ сөзінің айтылымын орыс
сөзінің айтылымына мейлінше жақындату амалы. Сонда қазақ
сөзінің өз айтылым үлгісі қайда қалады? Жазу – сол қазақ
сөзінің төл айтылым үлгісін сақтаудың амалы. Бізге ауыр
тиетіні – ана тіліміздің тұрқы бұзылып бара жатқандығы. Орысша
тәлім алған орыс тілді ағайындарымыз орыс жазуы арқылы тілі
шыққандықтан, құлағына сіңген дыбыстардың күллісін қазақ
тіліне әкеліп тықпалай беруге болмайтынын ескеруі тиіс. Бұл
ретте Елбасымыздың «біз орыс тіліне қарсы емеспіз, біз
оның қазақ қауымына қалай ендірілгенін құптамаймыз» дегені
мәлім. Демек, әліпби ауыстыруды белгілі бір елдің тіліне не
жазуына қарсылық білдіру ретінде қабылдамай, қазақ тілінің
жазуына реформа жасау тұрғысында бағалау жөн.
* Бүгінгі жазуға байланысты науқанды жазу реформасына
ұластыра алсақ, онда қазіргі қазақ жазуының емле-ережесінің
көптеген жаңсақ тұстарынан арылар едік. Себебі кезінде араб
дәстүрімен, кейіннен орыс жазуының ықпалымен енген бір топ
кірме әріптер мен емле-ережелер қазақ тілінің ішкі айтылым
заңдылықтарына кереғар келуде. Соның нәтижесінде жазу-
мен тілі шыққан кейінгі ұрпақтың, тіпті, жас ұрпақ қана емес,
ересектердің де тілі бұзылып барады. Яғни, қазақ жазуына жа-
салар болашақ реформа (әліпби ауыстыру негізінде) тіл бұзар
емле-ережелерден құтылудың бір амалы да. Демек, орыстың
тілін емес, оның төркіні бөлек емле-ережесінің туыстығы бөлек
қазақ тіліне орынсыз тықпаланғандығына қарсы дау айтамыз.
Табиғаты бөлек орыс әліпбиін орыс тілінің емле-ережесімен
қоса алғандықтан, қазақ сөзінің айтылым үлгісі сол жазу келген
тілдің қанжығасында кетері ақиқат. Күнде көріп жүргеніміздей,
орыс жазуы жекелеген қазақша дыбыс түгілі, ана тілімізді де
ұмыттырып жібере жаздағаны да шындық.
* Әлі де арамызда «қазақтар орыс тілін үйренуге өте
икемді, тіпті орысыңның өзін де орта жолда қалдырады»
деген жаңсақ пікір бар. Бұл ретте қазақтың өзге ұлттардан еш
артықтығы жоқ екендігін де ескерген жөн болар. Басты мәселе
– олардың әліпби таңбасының бөлек болғанында да емес, сол
ана тілі жазуының ішкі емле-ережесі бөлек болуында. Ана
тілінің емле-ережесі бөлек болған соң, бала күннен өзіндік ды-
быстау үлгісі қалыптасқан. Ал, екінші бір тілде жақсы сөйлеу
сол тілдің емле-ережесін жақсы меңгеруге саяды.
* Баршаға мәлім – тілдің емле- ережесі мектеп
оқулығында. Қазақ сөзінің айтылымын орыс сөзінің айтылы-
мына жақындастыру сол мектеп оқушыларынан басталғанын
байқамай келгеніміз бе? Кез келген қазақ тілі оқулығында қазақ
тілінің өзіне тән дыбыстары ретінде 7-8 әріпті бөле-жара атай-
мыз. Сонда қазақтың өзге дыбыстары қайда? Қазақ дыбыстарын
осылайша бөлектеудің өзі шәкірт санасын тұмшалап, есейгенде
мәңгүрттендіреді. Қазақ тілінің 26 (28) дыбысының дыбысталуы
өзге тілдің дыбыстарына мүлдем дәлме-дәл ұқсатылмайтыны,
дыбыстардың өзара тіркесім емле-ережелері мүлдем бөлектігі
санамызға жетпегені ме? Әріптеріміздің таңбалануы бірдей
болғанымен, дыбысталуы бірдей еместігін ұға алмағанымыз
ба? Әрине, жазуымызды орыс жазуына теліп, орыс жазуының
емле-ережесінің мұртын бұзбай егіз қозыдай етіп көшіре берсек,
орысша біз сайрамағанда, кім сайрайды. Демек, әлі де «орыс
тілін үйренуге икемдіміз» деп әсіре мақтанбай, ең алдымен ана
тіліміздің өзіндік колорит табиғатын таниық та.
* Жазудың сөздің айтылымына ықпалы ерекшелігіне бойлай
білсек, жазу жүйесін қалыптастыруға аса мән беру жөн болар.
Себебі жазу ережелері – тілдің ішкі табиғи заңдылықтары
сақталғанда ғана жүйелі. Бұл ретте де ағылшын тілінің ықпалы
өте күштілігін аңғару артық емес.
Ағылшындардың өздері де емле-ережесінің (әліпбиінің
емес) күрделілігін мойындайды. Десек те, ағылшын тілінің емле-
ережесі өздері үшін ғана. Ағылшындар мұншама емле-ережені
өздерінің қырықтан аса дыбыстарын бар болғаны 26 таңбамен
беру үшін үнемді ескерген. Олар тілінің емле-ережесін өзгертуді
мүлдем ойларына да алмайды. Демек, ағылшын тілінің емле-
ережесі – аз таңбамен көп дыбысты қамтудың ең озық үлгісі.
Ағылшын жазуы өзіндік емле-ережесімен-ақ бүкіл дүние жүзін
игеруде.
* Қай тілдің де ең қиын мәселесі – оның емле-ережесі. Емле-
ереженің оңайы болмайды. Екінші бір тілді үйрене алмау – сол
тілдің емле-ережесін меңгере алмаудан. Осы орайда айтары-
мыз, латын әліпбиі мен ағылшын тілінің емле-ережесін шатыс-
тырмау жөн. Әліпби латындікі болса да, емле-ереже қазақтың
өзінікі. Қазақ жазуы үшін ағылшын тілінің емле ережесінің еш
қажеті жоқ, өйткені қазақ тілінің төл дыбыстары бар болғаны
26 (28), компьютер түйметақтасындағы 26 латын таңбалары
толық жеткілікті.
* Латын әліпбиіне көшудегі қырық уайымның бірі – бұрынғы
орыс жазуы негізіндегі жазба мұраларымыздан айырыламыз,
ертең оларды ешкім оқи алмайды деу. Орыс жазуын салған
жерден тыйып тастайын деп отырған ешкім жоқ. Кирил жазуы
латын жазуымен ондаған жыл бірге қатар жүрмек. Оқулықтар
жыл ретімен бірте-бірте латын жазуына көшірілмек. Әдеби
шығармалар мен ғылыми көпшілік еңбектер де сол ретпен жаңа
жазуға ауыспақ. Бұрынғы жарық көрген шығармаларымызды
бәрібір қайта баспай отыра алмасымыз сөзсіз.
* Бүгінгі таңда келешек ұрпақты көптілділікке (қазақ, орыс,
ағылшын тілдеріне) баулу мәселесі – заман талабы, сәйкесінше,
мемлекеттік шаралардың бастыларының сапында. Өркениетті
елдердің тәжірибесі де – көптілді ұрпақ қалыптастыру. Елге кел-
ген шетелдіктердің қай-қайсы да ең аз дегенде 2-3 тіл білетіндігін
көріп жүрміз. Олар қазақ тілін үйренуге ынталы. Бұның басты
себебі: батыс елдерінде жақсы тұрамын, ісім өнімді болсын
десең, көп тіл білуің – заңдылық. Демек, батыс елдерінде көп
тіл білу – кәсіби жетістік. Қазіргі Қазақстан мемлекетінің тіл
саясаты да осы арнада өрбуде.
* Шығыс болмай, кіріс болмас. Қай шаруа да шығынсыз
бітпесі анық. Жазу ауыстырудың да өз шығыны болары анық.
Кітап басудың, оқулық шығарудың шығынын айтасыз ба? Латын
әліпбиіне өтпегенде кітап баспай, оқулық шығармай құр от-
ырмас едік. Мамандарды латынға икемдеп, қайта дайындауда
да ақырзаман тудырудың еш жөні жоқ. Мұғалімдер үшін жұмыс
бағыты әлімсақтан қалыптасып қалған мұғалімдердің білім
жетілдіру институттары бар. Ал мектептердің өзі латын әліпбиін
үйретудің ошағына айналады. Мемлекеттік мекемелер мен
жекеменшік кәсіпорындардың өз мүмкіншіліктерін кім жоққа
шығарады. Ақылы-ақысыз тіл үйрететін орталықтар қаншама.
Университетіміздегі халықаралық көптілді білім беруді да-
мыту орталығы осы ұлтымыз үшін аса өзекті де қажетті
ұлы іске қазірдің өзінде сақадай-сай әзір. Келіңіз, жас дос, сізді
адастырмайтын дұрыс бағыт сілтеуге даярмыз. Біздіңше,
латын әліпбиін үйренуге көп мерзімнің қажеті шамалы. Берісі
3 ай, әрісі жарты жыл жетіп жатыр.
ЛАТЫН НЕГІЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІ (Үлгі жоба)
№
қаз.
лат.
аты
№
қаз.
лат.
аты
1
А а
А а
а
15
Н н
N n
ны
2
Ә ә
Ä ä
ә
16
Ң ң
Ň ň
ың
3
Б б
B b
бы
17
О о
O o
о
4
Д д
D d
ды
18
Ө ө
Ö ö
ө
5
Е е
E e
е
19
П п
P p
пы
6
Ғ ғ
Ğ ğ
ғы
20
Р р
R r
ыр
7
Г г
G g
гі
21
С с
S s
сы
8
Ы ы
I ı
ы
22
Ш ш
Š š
шы
9
І і
I i
і
23
Т т
T t
ты
10
Ж ж
J j
жы
24
Ұ ұ
U u
ұ
11
Қ қ
Q q
қы
25
Ү ү
Ǚ ü
ү
12
К к
K k
кі
26
У у
W w
ұу
13
Л л
L l
ыл
27
Й й
Y y
ый
14
М м
M m
мы
28
З з
Z z
зы
Кірме таңбалар: 29 Ф ф F f фы
30 В в V v вы
31 Н h __ __
Қадірлі студенттер! Сонымен , латын әліпбиіне көшерімізге
еш күмән жоқ. Уақыт алмай, білек сыбана іске кіріселік!
«Ілгері кеткен жұрттың қатесін енді ілгерілейін деп тұрған
жұрттар істесе, көре тұра отқа түскендік болып шығады», - деп
Сұлтанмахмұд Торайғыров айтқандай, жақсыдан үйренейік,
жаманнан жиренейік, тек ұлттық келбетімізді жоймалық. Әліпби
ауыстыру сынды ұлт ісінде кеңесе келген шешімнің кемісі бол-
масын ескерелік.
Абат қыдырШАев,
Халықаралық көптілді білім беруді дамыту орталығының
директоры, п.ғ.д., профессор
№ 3 (887) ақпан 2013 жыл
13
СТУДЕНТТЕР шЫҒАРМАшЫЛЫҒЫ
Филолог
Тіл – татулық тірегі
№1(11), ақпан 2013 жыл
Өлеңмен өрнектеген өмірін...
Поэзия – Ұлы Жаратушының ұлы махаббатынан нәр алған, шын жүректің қуанышы,
қайғысы; жалған дүниеде ақ сөйлеген асқақ Рухтың періштелер қаумалаған қасиетті нүктесі,
Жан әлемінің уілі. Поэзия – Мәңгіліктің қасиетті әуеніне билеген сөз аруы, Адамзаттың жан
сусынын қандырған, таным көзі мен тылсым тұнған ой кәусары, Жан сусары!
Қазақ халқы – әрқашан ақынын ардақта
ған халық. Жүрек сөзін жырмен өрнектеп,
жан жылуын өлеңмен аялаған ақыннан асқан
сыршыл, нәзік адамдар жоқ шығар. Сөздері
сай тасынан сылдырай аққан бұлақтай мөлдір,
хас сұлудың тіккен кестесінің өрнегіндей
болған ақындарымыз филология факультетінің
студенттерімен кездесті. Ақпанның жиырма
алтыншы жұлдызында М.Өтемісов атындағы
киелі шаңырақта филология факультеті 02203,
02204-топ студенттерінің ұйымдастыруымен
Ақ Жайықтың қос ақынының басын қосқан
әдеби-сазды кеш болды. Әдемі әуенмен
әрленген әдеби кешке ақын, өлкетанушы, ұстаз-
журналист, облыстық «Жайық ұстазы» газетінің
бас редакторы Ақмаржан Таубаева және
ақын, әнші, өлкетанушы, «Ақберен» ақындар
мектебінің жетекшісі, ғалым-ұстаз Талап
Таймасұлы шақырылды. Кешті ұйымдастырушы
- 02203-02204 топтарының кураторы филология
ғылымдарының кандидаты, доцент З.Ж.Мүтиев
ашты. Ақындар өмірінен, шығармашылығынан
мағлұмат беру мақсатында топ студенттері
Р.Кенжебай, Л.Жоламанова дайындаған баян-
дамалары оқылды.
Ақын болу оңай деймісің, қарағым,
Аузында жүру сыздаған барлық жараның,-
деп әйгілі ақын Т.Айбергенов айтпақшы,
ақындардың сыздаған жанын, азабы мен мұңын
да, тұңғиық сырын да, мөлдіреген қуанышы
мен өмірлік жұбанышын да өлеңінен артық
білетін ешкім табылмас. Сол ақындарымыздың
жүректерінің үнін жүрегімізге жеткізу үшін сту-
денттер ақындар өлеңін нақышына келтіріп
оқыды. Көкіректері «ақын болам» деген әдемі
армандармен сәулеленіп жүрген жас таланттар
жырдан шашу шашты. Кеш барысында бөлім
студенттері Д.Серғалиева, Ж.Шынтаев,
С.Бимағамбетова қонақтарды әсем ән, әдемі
әуенмен бір серпілтіп тастады.
Қос ақын көпшілік қауымға, студенттік
ж ы л д а р д ы ң қ ы з ы қ т ы с әт те р і н а й т ы п,
өскен ортасы, туған жерлері туралы әсерлі
әңгімелерімен бөлісті. Студенттер сұрауымен
Р.Ә ж імұратқызы мен А.Тау баева ақын
шығармашылығындағы әндерді орындады.
Кеш соңында қос ақынның достары Ақзия
Әділқызы мен Сапура Жақсыкелдіқызы сөз
кезегін алды. А.Әділқызы мен А.Таубаеваның
араларындағы адал достық жалғасып келе
жатқандығына 37 жыл болғандығын естігенде
жиналған ж ұртшылық бір таңқ алысты.
Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әдеби-сазды
кешті университет профессоры С.Ғ.Шарабасов
қорытындылады.
Ақсұңқар ЖұМАБАевА,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының
2 курс студенті
Қазақ филологиясының
үздік студент-педагогы
Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар
жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің
басты тұлғасы, жүрегі – ұстаз. Ұстаз – жас
ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің
үміті мен мол болашағын тапсыратын сенімді
өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі
де зерек, парасатты да саналы, ұлттық және
адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан
тұлғаларды тәрбиелейді.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, – деп
ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі
маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын
мақтаныш етеміз. Киелі шаңырағымызды
ұстаздар ұстаханасы десек, еш қателеспесіміз
анық. Сол сабақтастық бүгінде өз жалғасын
табуда. Бұған дәлел, ақпан айының 19-шы
жұлдызында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың
филология факультеті «Қазақ филологиясы
кафедрасының» ұстаздары З.Ж.Мүтиев пен
Г.Г.Тұрғаналиеваның ұйымдастыруымен
4-курс студенттерінің арасында өткен «Қазақ
филологиясының үздік студент-педагогы» сай-
ысы. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. «Бүгінгі студент –
ертеңгі мұғалім» деп аталған алғашқы кезеңде
қатысушылар инновациялық әдістерді қолдана
отырып, қазақ тілі және әдебиеті пәндері бой-
ынша 7 минут ішінде сабақ үлгісін көрсетсе,
«Білімді мыңды жығар» деп аталған екінші
кезеңде болашақ ұстаздарымыздың білімі са-
раланды. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы»
кезеңінде қатысушыларымыз ситуациялық
жағдайлардың шешімін таба білді.
Сайыстан тыс болашақ мамандар өз
өнерлерін де ортаға салды.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деп Абай атамыз
айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын
қалайтын, облысымыздың сөзі маржан,
үні ән ұстаздары «Өрлеу» педогогикалық
біліктілікті арттыру институты, инновациялық
технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
Молдағалиева Рауан Бақытқызы, №27 физика-
математикалық бағытындағы мектеп-лицейінің
жоғары санатты мұғалімі Жексенғалиева Жұпар
Өтеғалиқызы және С.Сейфуллин атындағы
№11 ДБАМИК-тің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Атош Қарлығаш Саделқызы сайысқа
әділ төрелік етті.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегін
қалыптастырушылардың, яғни болашақ педа-
гогтар арасында өткен бұл сайыста алдына жан
салмай, дарын ды лық қабілетімен ерекшелен-
ген Гүлнұр Бекташева «Қазақ филологиясының
үз дік ст удент-педагогы» деп танылс а,
А.Перғалиева, Г.Ихсанова, Ә.Құсайынова,
Л.Мұхамбетжанова, Ж.Өтегенова алғыс хатпен
марапатталды. Бұл кешке университетіміздің
тәрбие бөлімі мен студенттік кәсіподақ
демеушілік етті.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» -
демекші, сайыс жеңімпазы Гүлнұр Бекташева:
ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры
Бауыржан Момышұлы «Ұстаздық - ұлы құрмет.
Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.
Болашақтың басшысын да, данасын да,
ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін
де ұстаз өсіреді...» дегендей елімізге елеулі,
халқымызға қалаулы ұлт мақтаныштарын
тәрбиелеп, жақсы қасиеттерді бойына да-
рытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар
беретін қайраткер ұстаз болғым келеді,-деп
өз ойын білдірді.
Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр
жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім,- деп
Ғабит Мүсірепов айтқандай тек мұғалім болып,
сабақ беріп қана қоймай, оқушыларыңыздың
сенімді серігі, сыр жасырмай ашық айтатын
адамы болуларыңызға тілектеспіз.
Анар қАпАШевА,
қазақ тілі мен әдебиетінің 2 курс студенті
Табиғаттың да тілі бар
Абай «Ғашықтық тілі — тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл» дейді. Ғашықтардың серігі,
ғашықтардың тілсіз тіліне тіл бітіретін әдемі гүлдер де «сөйлейді» екен. Гүлдің де не «айтпағын»
«көзбен көріп, ішпен білуге» болады деседі. Гүлдің де сезімі болады екен. Сезімнің шалықтауынан
ақыл адасып, сөйлеу қабілетінен айырылған сәтте адам баласы бір сөз айтады: «Тіл жетпейді!».
Тілдің де жетпейтін тұсы болады. Тіл жетпегенде жүрек сөйлейді, жүрек сөйлесе адамның көзі
сөйлейді, көзі сөйлесе көз жасы сөйлейді. Ол жетпегенде ше?
Ертеректе түрік гаремдерінде «Селем» тілі - гүл тілі қолданылған. Бұл кәдімгі парсы тілінен
бізге енген «Сәлем», былайша айтқанда гүл сәлемі немесе гүл арқылы жіберілген сәлемдеме.
Бұл дәстүр шығыста жастар арасында кеңінен қолданылған болатын. Өйткені шығыстық мен-
талитет сезімін ашық білдіруге көп мүмкіндік бермейтінін білеміз. Сонда жастар бір-біріне деген
сезімін гүл арқылы білдіріп отырғанын көреміз. Мұнда гүлдің алуан түсінің де, оның санының да өз
мағыналары бар. Мәселен, бір тал гүл ұсыну - көңіл аударудың белгісі, үш талы - құрмет көрінісі,
бес талы - сезімін білдіруді көрсетсе, жеті тал гүл - махаббат таңбасы. Олардың түстерінің де өз
пәлсапасы бар. Ақ түсі әдеттегідей тазалықты, пәктікті білдірсе, қызғыш түс - жастықты, махаббат
пен нәзіктікті, алқызыл - өткір ойлылықты, алтынтүстесі - ұлылықты, мәртебелілікті, сары-қызылы -
күдіктілікті, солғын сарысы - өзгеге айырбастаушылықты, қара түсі - қайғыны білдіреді. Бір қызығы,
бұл түстердің берер мағынасы әр елде әртүрлі болып келеді. Мысалы, сары түс жапондықтар
мен қытайлықтарда жарық пен күннің, ал ақ түс - қаралы өлімнің белгісі.
Гүлдің тілі - ең бір ғажап тіл. Оның жеке-жеке берер мағынасы да олардың өмір сүруі мен
бейнесіне қарай қиюластырып, орайластырылған.
Лаванда гүліне телінген тіркес – «Мен сені ұмытқан жоқпын».
Бақытгүл (хризантема) - «сен берілмесең де мен күтуден жалықпаймын», ақ түсі - шындық,
сарысы - махаббаттың әлсіздігі.
Резеда гүлі - «Сенің әдемілігің емес, мейірімділігің жанымды баурады».
Ботакөз гүлі (незабудка) - «Ұмытпа мені» Әсел немесе Дәстүргүл (Маргаритка) - «Мен саған
барлық жақсылықты тілеймін!» немесе «Ешқашан айтпаймын!».
Қалампырдың қызғыш түсі (Гвоздика) - «Мен сені ешқашан ұмытпаймын!» Қалампырдың
алқызыл түсі - «Жүрегім сен үшін ауырады...». Қалампырдың ақ түсі - «Сүйіктім, тәттім».
Қалампырдың сары түсі - «Сен менімен жолығудан неге қашқақтайсың?». Қалампырдың алабажақ
түсі - «Сенімен бірге бола алмаймын». Дала қалампыры - « Сен ғажайыпсың!».
Бозқараған, қараған, мамыргүл (Акация) - сары түсі - махаббат өлді, қызыл түсі
- бекзадалық.
Итмұрын, балмұрын (Шиповник) - «Саған сенуге бола ма?».
Көктікен (Василек) - «Сол секілді қарапайым бол!» немесе «Маған сен!».
Ойраншөп (Амброзия) - «Сезімнің қайта оралуы».
Көбелекгүл (Анютины глазки) - «Мен туралы ойла».
Меруертгүл, қынжыгүл (Ландыш) - «Сен менің өміріме сән бердің» немесе «Мен сені мәңгілік
құпия сүйемін».
Нәркес (Нарцисс) - «Махаббаттың жауаптылығын қалаймын».
Сүмбілгүл (Гиацинт) - «гүлдердің саны қай күні кездесетінімізді айтады».
Қазтамақ (Герань) - «Сенімен құпия түрде сөйлесуім керек еді».
Ақкекіре, Қашғаргүл (Астра) - «Махаббатқа тұрақты бола аласың ба?».
Сәлдегүл, шұғынық, таушымылдық, жаушымылдық (Пион) - «Ымды неге түсінбейсің?» Арбитус
- «Тек сені сүйемін!».
Жыланқияқ, сарыгүл (Ирис) - «Менің тілегімді қабыл ал» немесе «Сенің достығың мен үшін
аса құнды!».
Ырғай (Жимолость) - «Мәңгілік сендікпін!».
Лалагүл (Жасмин) - «Екеуміз дос болып қалайықшы».
Глоксиния - «Бір көргеннен ұнаттым».
Раушан гүлінің сабағы - «Ия!», жапырағы - «Жоқ!».
Қырмызы (Календула) - қатыгездік өкініш, қызғаныштың мұңы.
Шайшөп (Камелия) - қызылы - «Сен менің жүрегіме түскен шоқсың», сарысы - «Аңсарым ауды,
есіл-дертім тек сен!».
Беде, жоңышқа (Клевер) - «Мен сені күтемін» Бәйшешек, бозғалдақ, жауқазын - «Бақыт
тілеймін!».
Құлқайыр (Мальва) - «Кеш мені!».
Барқыт, шырмауық (Плющ) - «Отбасымыз берік болсын!».
Міне, гүлдер осылай сөйлейді.
Материалдарды дайындаған: Анар қАпАШевА, Ақсұңқар ЖұМАБАевА,
қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс студенттері
Жатақханадан
бір үзік сыр
Студенттің өз үйіндей болатын,
Сол мекенде төрт жыл бойы тұратын.
Жаңа достар, жақсы адаммен табысып,
Осы жерде өз бақытын табатын.
Біреу келсе Ақжайықтың төрінен,
Біреулері мұнайлы Атырау жерінен.
Қарт Каспийден, Бекет ата өңірі,
Маңғыстаудай киелі жер елінен.
Тарихы бар ғасырларға созылған,
Сыр өңірі Қорқыт ата ұрпағы.
Мұғалжардай тауыменен мақтанар,
Ақтөбенің ұл-қыздары баршасы,
Жатақхана қақ төріне жиналды.
Бірін-бірі бауырым деп сыйлайтын,
Бір-біріне жақсылықтар ойлайтын.
Сұлу қыздар әдемі боп қашанда,
Серілерім өз Отанын қорғайтын.
Жатақхана жаңа өмір сыйлайды,
Бауырмалдық қасиетін шыңдайды.
Қара нанды бөлісіп жер бауырлар,
Наурызбек атты бауырларын,
Осы жырды өздеріңе арнайды.
Наурызбек лесов,
қазақ тілі мамандығының
1 курс студенті
№ 3 (887) ақпан 2013 жыл
14
Проверь себя
Физика-математика факультетінің жаршысы
№1(3), ақпан 2013 жыл
ҚаЛМаҚ МеМЛеКеттІК УниВерСитетІМен
БаЙЛанЫС
Академиялық ұтқырлық - бұл білім алушылардың немесе
оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге
байланысты Академиялық ұтқырлық ЖОО-да кредиттік жүйеге
негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта
сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес семестр немесе
оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі.
Осы бағдарлама аясында студенттер мен оқытушылар
арасында тәжірибе алмасу бағытында 07.02.2013-14.02.2013
аралығында Ресейдің Элиста қаласындағы Қалмақ мемлекеттік
университетінің «Математика, физика және ақпараттық
технологиялар» факультетінде болып келдім. Іссапардағы
басты мақсатым - дәріс оқумен қатар «Физика-математика»
факультеті «Математика» мамандығының студенттері -
С.Уринбаева, А.Нургужина, Г.Умбетжанова және «Информатика»
мамандығының студенттері - Е.Султанов, Г.Мұхтарға жетекшілік
етіп, Қалмақ мемлекеттік университетінің «Математика, физика
және ақпараттық технологиялар» факультетіне бір семестрге
оқуға орналастырып келу болатын.
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға»-деп Мұхтар Шаханов
жырлағандай, өз жүрек қалауымен мамандық таңдап, осы білім
ордасында білім нәрімен сусындаған факультет студенттері
асқақ армандарын өзге елдің университетімен ұштастыруда
Ресей еліне жол тартты.
08.02.2013-12.02.2013 аралығында Қалмақ мемлекеттік
университетінің «Математика, физика және ақпараттық тех-
нологиялар» факультетінің студенттеріне 24 сағат көлемінде
«Ақпараттық жүйелердегі басқарудың модельдері мен әдістері»
тақырыбында дәріс оқып, семинар жүргізіп, нәтижесінде
халықаралық қатынастар бөлімі сертификат берді.
Студенттер №7 шетелдік студенттерге арналған жатақханаға
жайғастырылып,
факультет деканы Сумьянова Елена
Владимировнаның бастауымен №3 оқу ғимаратына саяхат жа-
сап, оқу аудиторияларымен, зертханалармен, кітапхана және ас-
хана орындарымен танысты. Жалпы студенттерге университет
қауымының қонақжайлылығы, кішіпейілділігі, оқу аудиторялары,
жатақхана ішінің барлық талаптарға сай болуы өте ұнады.
Білімдерін шыңдап, ғылымға қанат қағып, талай асуларды
бағындыру жолында студенттерге демеуші әрі қолдаушы бола
білген М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры А.С.Иманғалиев
пен физика-математика факультетінің деканы А.Б.Медешоваға
деген ризашылығым шексіз.
Студенттерімізге «Физика-математика» факультеті атынан
әр уақытта университетіміздің мәртебесін биік ұстап, білімнің
шыңынан көрінуге тілек білдіреміз!
д.Ж.ТлеККАБыловА,
информатика кафедрасының оқытушысы, магистр
БІЛІМНІҢ
АЛТЫН ОРДАСЫ
Біздің ата-бабаларымыз он үшінде отау құрып, он бесінде
жауға аттанып, елін, жерін қорғаған, дәстүрді бұзу, ата-анаға
қарсы келу, дінге сенбеушілік болған ба? Жоқ болған емес. Қазір
дәстүрден, діннен, тілден безушілік ата-анаға қарсы шықпақ
түгілі қарттар үйіне тапсыру бар. Меніңше, біріншіден, біздің ата
жолымен жүрмегендігіміз. Яғни тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді
жалпы ұлттық құндылықтарымызды ұмыта жаздағанымыз.
Екіншіден, біздің пиғылымыз тарылды. Тәубашылдығымыз,
қанағатшылдығымыз тарылды. Мұның себебі – дінсіздігіміз. Егер
біз бір алла жаратушы бар деп, содан қорқып, соған сенетін болсақ,
мұндай болмаған болар еді. Қазір еліміз қарқынды дамып келеді.
Бірақ әлі де болашағымызға балта шабатын, яғни ұрпағымызға
қатер төндіретін көптеген дерттер бар. Соның бірі жастарымыздың
өзге діннің жетегінде кетуі болып отыр.
Қазіргі кезде қоғамымызды, адам санасын улап жатқан діни
ағымдардың саны уақыт өткен сайын көбейіп барады. Олардың
қаншама біз білмейтін түрлері бар. Сонымен қатар оның адам
санасына, өміріне деген қаншалықты зиян келтіріп жатқанын
көптеп естіп жүрміз.
Діни экстремизм дегеніміз - үзілді-кесілді пікір деген ұғым, дінді
саяси мүддеге қызмет еткізіп қоюға көзделген идеологиялық тәсіл.
Діни экстремистердің идеология құралына айналдырып, өздерінің
саяси мүдделерін дінмен бүркемелейді. Таза дін басшылары
діни экстремизмге қарсы. Дін зорлыққа қарсы. Діни экстремистер
зорлық, тіптен қарулы қақтығыс, соғыстарды насихаттайды.
Қазіргі заманда діни экстремистер көп жағдайда терроризммен
бірігіп әрекеттер жасайды. Діни экстремизмнің оңшыл бағыттары
фашистік идеологияны насихаттайтын саяси партия және топтарға
топтасуда, солшылдарға Италия, Франция, Германияда «Жаңа
солшылды», «қызыл бригадалар» және бірқатар ислам елдеріндегі
діншіл экстремистер жатады.
Халықтың тұрмысы нашарлағанда, жұмыссыздық көбейгенде
діни экстремизмге қолайлы жағдайлар туады. Сонымен бірге діни
экстремизм әл ауқаты жеткілікті дәрежедегі елде де кездеседі.
Эктремизмнің өркен жаюына әр мемлекеттегі экономикалық
әлеуметтік жағдайда өз әсерін тигізеді. Мамандардың сарап-
тауынша күнкөрісі төмен, жұмыссыздық пен кедейшілік жайлаған
елдерде халық күмәнді ұйымдастырушылардың қағидаларына
еліктегіш келеді. Үкіметтен, биліктен көңілі қалған, болашақтан
үмітсіз қарапайым халық діни экстремистердің үгіт насихатына
сеніп, олардың қатарына оңай қосыла кетеді.
Тілдерінен бал тамып, тегін газет-журнал, буклеттерді қолына
«Тарих - өткен жылдардың шежіресі»,- десек талай та-
рихи оқиғалардың куәсі болған, мыңдаған түлектерді өмірге
қанат қақтырған қазақтың қара шаңырағы, білім ордасы 2012
жылы 80 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл университеттің
еліміздің қалыптасуына қосқан тарихи үлесі көп деп білемін.
Қазіргі уақытта университет - көптеген ғалымдар мен
қаламгерлерді, ұлағатты ұстаздар мен өнер қайраткерлерін
қанаттандырып, ұшқан ұясына, тәлім-тәрбие алған алтын
ордасына айналды.
Осындай киелі оқу орнының студенті атану менің бала
кезден арманым еді. Сол қасиетті оқу орны - жастық кезінің
куәсі, екінші үйім. Ұстаздық жолды таңдауыма алғаш әсер
еткен менің жанұям болса керек. Өйткені, менің атам мен
әжем, әкем мен анам да - осы университеттің түлектері. Сол
кісілерден көрген тәлім-тәрбие мен ұстаздық өнеге менің
қиялымды шарықтатып, көкке өрлетті. Атам - Досқалиев
Орынбай Меңдешұлы физика-математика факультетін, әжем
- Жумагазиева Фариза Күзембайқызы филология факультетін
тәмамдап, бірнеше жыл ұстаздық еткен ардагер ұстаздар
болса, әкем - Орынбаев Исабай Досқалиұлы дене тәрбиесі
және спорт мамандығы бойынша білім алса, анам - Шолпан
Мухамбеталиева филология факультетін тәмамдаған. Қазір
ата-анам Жаңақала ауданының Пятимар орта жалпы білім
беретін мектебінде ұстаздық қызмет атқаруда. Ата-аналарым
менің жүрегімде әрқашан биік парасаттылығымен, жоғары
мәдениеттілігімен, зиялылығымен, асыл адамгершіліктерімен
терең із қалдырады.
Ата-аналарым сияқты мен де осы университеттен білім
мен тәрбие алып, егеменді елімнің болашағына із үлесімді
қоссам деймін. Өйткені, менің де өмірден өз жолымды
дұрыс табуыма осы білім ордасы мен дәріс беріп жатқан
ұстаздарымның еңбегі зор. Бізге білім беріп, сара жолды
көрсетіп, алға мақсат қоя білуге, арман қанатына ілестіріп,
мейірім шуағына бөлейтін, балалықтан болашағымызға
қарай жол ашып, қанат қақтыра білген А.Б.Медешова,
Г.Г.Мухамбетова, А.А.Хамзина, М.М.Имангалиев, М.К.Атушева,
З.М.Химеденова, А.С.Бекенова, Ж.С.Иксебаева, Ж.Ж.Багисов,
Б.И.Жангирова, Д.Ж.Тлеккабылова сияқты ұстаздарымды
әр кез мақтан етіп, үлгі тұтамын. Мен осындай оқу орнының
студенті болғанымды мақтан етемін. «Сен де бір кірпіш
дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»,- демекші, егеменді елімнің
ертеңгі болашағына өз үлесімді қосатын елеулі азаматшасы
болу – менің мақсатым.
Әр студентке сапалы білім мен саналы тәрбие бер-
ген, жылдан-жылға өркендеп, жаңғыра білген киелі білім
ордасының мерейі үстем болғай!
Әсел орыНБАевА,
информатика мамандығының 3 курс студенті
БАСТАУЫ
ИМАНДЫЛЫҚ
қыстырып іші-бауырына ене жаздайтын миссионерлердің жылтыр
сөздеріне алданып, қармақтарына іліккендер бүгінде мол тәжірибе
жинақтап, өзгелерді қармаққа түсіретін уағызшыларға айналды.
Осылайша бұрын атын да, затын да естіп білмеген су жаңа діни
ағымдар елімізге есіктен еніп, төрге озып, тамырын тереңге жайған
бәйтеректей өсіп-өркендеп жатыр.
Қазақта «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» деген сөз бар.
Адасқан адам оң-солын айқындап, бағыт-бағдарын түсінуден
қалады. Ол оңды теріс деп, терісті жөн деп санап, үнемі қисық жүріп
барар бағытынан мүлде алыстап кеткенін білмей қалады.
Бүгінде елімізде қаптап кеткен түрлі діни ағымдардың
қармағына түсіп, өздерін ақиқаттың оң жолында жүргендей
сезінетін жандардың қатары уақыт өткен сайын өсіп барады.
Әр адам өзге ұлт адамдарының құқықтарымен бостандықтарына
сыйластықпен қарап, қоғамның басын біріктіретін қасиетті
қүндылықтарды дәріптей білсек, терроризмнің тамыры шабылары
сөзсіз.
Осыған байланысты елімізде осындай жат қылықтарды
болдырмауға үйрету өзіміздің дініміз - ислам дінін сақтап, өз
алдына дербес ел болуға бағыт-бағдар беріп, жат қылықтардан
аулақ болуға тәрбиелеуіміз керек.
Біз, аллахқа шүкір, ата-бабамыздан бері қарай ислам дінін
ұстаушы мұсылманбыз. Бұған Призедентіміз Назарбаевтың
мына сөзі толық дәлел бола алады: «Ислам тек дін ғана емес, ол
- біздің мәдениетіміз» осы сияқты даналарымыздың пікірлерімен
келісейік. Және де Елбасымыздың ислам туралы көзқарастарынан:
«Біз - тегіміз түрік, дініміз – ислам екенін ұмытпауымыз керек.
Ол үшін қасиетті кітап – Құран кәрімді насихаттауды естен
шығармауымыз керек.» Біз өз дінімізді өгей қылмауымыз үшін,
құран мен пайғамбарымыздың хадистерін өзімізге басшы етіп
алуымыз, сондай-ақ ата-бабамыздан бізге дейін жеткен ислам
дінін азғантай ақшаға сатып, басқа діндерге, секталарға кіріп кет-
пеуге тиіспіз. Басқа дінге өтіп кеткен қандастарымызды қайтаруға
әрекет етуіміз керек. Исламда тұрып, басқа дінге кету – үлкен күнә.
Олар туралы Алла Тағалаға Құран кәрімде: «Сендерден кімде-кім
өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл
дүниеде де, қияметте де түкке тұрмайды, ондайлардың орны -
тозақ, сонда олар мәңгі қалады», - деп барынша қатаң ескертеді.
Сондықтан да басқа діндер мен секталарға еліктемей, өз дінімізді
толық ұстануымыз керек.
Жаннұр ШАңовА,
физика мамандығының 4 курс студенті
Задача Льва Толстого
Достарыңызбен бөлісу: |