2. http://collegy.ucoz.ru/publ/49-1-0-16556 сілтемеде берілген аталмыш мақалаға аннотация және сын-пікір жазыңыз. Мектепте мұғалімнің қатысуымен өткізілетін сабақ алғашқы орында тұрғанмен, оқушылардың қызығушылықтарына, бейiмдiлiктерi мен қабiлеттерiне қарай олардың шығармашылық дамуына қосымша қажеттi жағдайлар жасалады. Білім алу – адам өмірінің ең басты қажеттілік. Білім арқылы оқушының дүниетанымы дамиды, ой-өрісі кеңейеді, белгісізді таниды, өзін толғандыратын сауалдарға жауап табады. Оқушы бойында қалыптасатын осы қажеттіліктердің барлығы сабақ үдерісінде орындалатын түрлі тапсырмалар мен жатты-ғуларға байланысты болады. Жүйелі түрде тиянақты тапсырмалар беру арқылы оқушы зейінін шоғырландырып, назарын нақтылы тақырыпқа аудару оларды ғылыми негізде ойлауға, өмірді танып-білуге, өзін-өзі дамытуға үйретеді. Мұғалім тарапынан берілген мазмұнды тапсырмаларды орындап, тиянақты білім алуға ұмтылады.
3. «Дүниетану» және «Жаратылыстану» пәндеріне арналған, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыратын тапсырма ұсыныңыз.
Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім берудің қазіргі жағдайы Негізгі сұрақтар: Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен сыныптан тыс білім берудің қазіргі жағдайы
1.Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша пәндерінен сыныптан тыс білім беру түрлерін талдау, сызбаға түсіру.
2. Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша пәндерінен сыныптан тыс білім берудің жаңа әдістеріне сипаттама беру.(критериалды бағалау түрлері) Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: 1.Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары. Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары.Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылау жолдары.Оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеру. Оқыту нәтижелерін бағалау. Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау және бағалаудың мәселелері мен жаңа технологиялары.Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру әдістері. Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша білім, білік, дағдыларын тексерудің түрлерін сызбаға түсіру. 2.Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану мен дүниетану пәні бойынша білім, білік, дағдыларын тексеру әдістері бойынша постер жасау. Нақты мысалдар бойынша сабақ барысындағы білік пен білімді және дағдыны қалай бағалауға болатындығын толық ашу. Осы жерде білім, білік, дағды ұғымдарының анықтамасын беру. Есеп беру формасы; постер, ауызша, сызба.
Бастауыш мектепте «Жаратылыстану» пәнін оқу оқушылардың табиғи білім құмарлығының дамуына, әлем жайлы ой-өрісінің кеңеюіне, ғылымды түсінудің және қоршаған ортаны тұтастай қабылдауының дамуына, қоршаған ортаны қорғау және бағалай білу біліктерінің дамуына көмектеседі.
«Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:
1) қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын;
2) өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін;
3) жаратылыстану ғылымы бойынша білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын;
4) пәнді оқу қоршаған ортаның түрлі құбылыстары мен нысандары жайлы білімнің жинақталуына және күнделікті өмірде алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің байланысын түсінудің қалыптасуына көмектеседі.
Жаратылыстану пәнінің мақсаты — «Биология», «География», «Химия», «Физика» пәндерін негізгі мектепте оқытудың негізін қалауға, алған білімдерін күнделікті өмірде (үйде, мектепте, табиғат әлемінде) кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерімен жұмыс істеуі туралы ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау және сақтау жүйесі.
Жаратылыстану пәнінің міндеттері:
1) өлі және тірі табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
2) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынған нәтижелер негізінде қорытынды жасау;
3) мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
4) БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері
Жаратылыстану пәнінде белсенді оқу оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.Белсенді оқу жаттығулары арқылы жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырып, қате жіберу бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады. Белсенді оқу жаттығуларды орындау нәтижесінде – терең білім алып, пәнге деген қызығушылықты артырады. Оқулықтағы сабақтар оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері арқылы ұйымдастырылып, пән бойынша білім қалыптастыруға бағытталған. «Жаратылыстану» пәніндегі белсенді оқу жаттығулары орындау барысында өзіндік өмір тәжірибелеріне сүйене отырып, зерттеу, сыни тұрғыдан ойлау, алған білімін қолдану дағдыларын дамытады, өздігінен іс-әрекет етуге, бағалауға үйренеді. Мәселен:
«Зертте» айдарындағы тапсырмалар сұрақтар практикалық жұмыс түрлерін орындау арқылы зерттеушілік дағдыларын дамытады.
«Ойлан» айдары сыни тұрғадан ойлауын дамытуға бағытталған мәселелік сұрақ беріледі.
«Сен білесің бе?» айдарында сабақ тақырыбына байланысты қызықты, танымдық ақпарат беріледі.
«Есте сақта!» айдарында тақырып бойынша негізгі қорытынды ой тұжырымдалады.
Жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері :
1) әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;
2) жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
3) қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау;
4) зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
5) табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
6) күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
Педагогикалық әдіс-тәсілдерді дамыту мақсатында бастауыш сынып мұғалімдерінің басшылыққы алатын ұстанымдар:
Ғылыми проблемаларды шешу, мысалы, болып жатқан құбылыстар мен процестердің заңдылығын анықтау үшін жауаптарды басқалармен бірге және өздігінен іздеу әдістерін қолдану;
Зертте, бақыла, ойлан айдарлармен берілген тапсырмалар сыни тұрғыдан болғандықтан мұқият мән беріп, бірлесіп зерттеу;
Оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке алып, белсенді оқу жаттығуларына сараланған тапсырмалар құру.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдың шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ. 2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты бағалайды.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі.
Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.
Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі тапсырмалар беріледі.
Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.
Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру
Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды, олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексеріледі. Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап, окушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |