3 апта тапсырмасы



бет3/3
Дата15.11.2022
өлшемі15,65 Kb.
#50374
түріЛекция
1   2   3
4. Оқушылардың сабақтағы әрекетін талдау.
Сабақта оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерінің қандай түрлері (жекелеген, топтық, ұжымдық) қолданылды және неге?. Неше оқушы сабақта баға алды?. Сабак міндеттерін жоспарлауда және шешуде сыныптың ерекшеленуі, оқушылардың даму денгейлері қалай ескерілді?. Төмен үлгерімдегі балаларға жекелеген қатынас қалай жүргізілді?. Оқушылар тек енжарлы түрде қатысқан сабақтың кезеңдері болды ма?. Сабақта жұмыс уақытының бос өтуі (уакыт жоғалту) болды ма?. Ол неге?. Келесі сабакта осы кемшілікті жою үшін не істеу керек?. Оның себептерін анықтаңыз.
Өткізілген әрбір сабақ қаншалықты дәрежеде оқу-тәрбие үрдістеріне койылатын талаптарға сай өткен-өтпегенін білу өте маңызды. Осы және баска да сұрактарға бір мезгілде әрі бастапқы кезен, әрі ұстаздық шығармашылыктың шыңы болып есептелетін өзіндік сабак талдау осылай жүргізіледі.
Егер оқушының ойлау қабілет деңгейі өте карқынды болса, ол танымдылык іс-әрекетінде шығармашылық енбектің нәтижесінде, өз бетінше ізденіс жасау және зерттеу әдістерін қолдану нәтижесінде ғана табыска жететіндігін байқауға болады.
Сондыктанда, әдістер осындай топтастыру арқылы өз қолдауын тауып, кең таралып жүр. Енді осы әдістерге жеке-жеке тоқталып сипаттама берген жөн.
- Акпаратты-рецептивті (қабылдау) әдістін. басты мәні, олар мынандай белгілерімен сипатталады:
· Окушыға білімді "дайын" күйінде ұсынады.
· Оқушы дұрыс түсіну үшін, оқытушы әртүрлі тәсілдерді пайдалана отырып, оқу процессін ұйымдастырады.
· Окушы білімді қабылдап және оны есте сактайды.
Білімді кабылдауда барлық ақпарат көздерін (сөз, көрнектілігі т.б.), мазмұндау логикасының индукциялық және дедукциялык жақтарын дамытып пайдалану жолдарын іске асырады.
- Репродуктивті әдіспен оқытудың басты белгілері:
· Білімді окушыға "дайын" күйінде беру.
· Мүғалім оны түсіндірумен қатар, оны әңгімелей береді.
· Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
ұстайды.
· Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
ұстайды.
· Оқушы оны саналы түрде ұға отырып, есінде
ұстайды.
· Басты критериясы оқушының берген дұрыс жауабы болып танылады немесе дұрыс есіне түсіру білімінің тұрақтылығының ең басты куәсі, оны бірнеше рет кайталаудың нәтижесінде болады. 
Репродуктивті әдісті мынандай жағдайларда қолдану өте тиімді:
-оқу материалының мазмұны бірыңғай ақпаратта болса;
практикалық және еңбек тану іс-әрекетін қолдануын сипаттауда;
- егер оқушының өз бетімен іздену, ойлану процессіне қиындық жағдайлар туатын болса;
- жаңа проблемалы материалдарды игеруге оқушының тіректік білімі әлі аздау болған жағдайларда.
Бұл әдістің тағы да бір колданылатын кездерінің бірі -проблемалык маңызды мәселелерді өз бетімен шешу барысында оқушылар әлі дағдыланбаған жағдайларда.
3.Бұл пәндерді оқытуда қолданылатын принциптерге сипаттама беріңіз.
Жалпыпедагогикалық (дидактикалық) принциптер: ғылымилық және қол жетімділік; оқудың, тәрбие мен дамудың бірлігі; көрнекіліктер, оқудың өмірмен байланысы; жүйелілік және бірізділік,жүйелік, негізділік, теория мен практиканың бірлігі; вариативтілік,адамгершілік, интеграция және саралау.
Ерекше әдістемелік-биологиялық принциптер: себептілік, тарихилық,тірілердің бірлігі принципі, табиғатқа кіру,өзара байланыс және өзара сәйкестік, нақты әлемнің материалдығы және танымдылығы,табиғат заңдылықтарының қоғамның даму заңдылықтарына қарағанда алғашқы екендігін т.б. Осы принциптер биология әдістемесінде дидактикалық принциптердің негіздемесі болады.
Себептілік принципі тіршілік әлеміндегі бейімделгіштіктің және табиғатқа сәйкестіліктің материалдық сипатта екендігін көрсетеді.
Тарихилық принципі эволюциялық үрдістің үздіксіздігі мен ұзақтығын түсіндіреді, биологиялық білім берудің гуманитарлық құрам бөлігін айқындайды, ғылымның дамуының әр сатысындағы бір-бірімен сабақтастығы көрсетеді, жекелеген ғалымдардың ғылымның қалыптасуымен дамуындағы рөлін көрсетеді.
Тірілердің бірлігі принципі тірі дүниенің көптүрлілігін, олардың филогенетикалық байланыстарын, ағзалар жүйесіндегі жекелеген топтардың, тұтас патшалықтардың ілгері дамып келетіндігін түсіндіргенде бағыт-бағдар ретінде болады.
Табиғатқа кіру принципі тірі табиғи нысандармен танысуды міндетті түрде олардың тікелей табиғи ортасында жүргізу қажеттігін көрсетеді, бұл танымжорықтар, бақылаулар, тәжірибелер мен сарамандық жұмыстарды «ашық аспан астында», тірі табиғат мүйісінде, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе алаңында өткізу қажеттігін дәлелдейді.
Оқыту, тәрбиелеу және дамыту принциптерінің біртұтастығы.
Биологияны оқуға қатысы тұрғысынан осы принцип білім мазмұнын кешенді түрде ашу үшін және оқушылардың білімділігі, тәрбиелілігі және дамуының жоғары деңгейдегі үйлесімдікте болуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді қолдану.Оқу-тәрбие үрдісінің барлық кезеңдерінде оқушының рухани күші мен ой-санасының дамуына ұстаздың қаморлығы байқалуы керек.
Ғылымилылық және жүйелік принциптері.
Осы принциптер оқушыларда биологиялық ғылым негіздерінен білім жүйесін қалыптастыру үрдісімен қамтамасыз етеді.
Ғылымилық принципі білім көлемін, теориялардың, заңдылықтар мен заңдардың қолдану аясын анықтайды.Ғылымилық принципі биологиялық білімнің ішкі жүйесін және оның басқа оқу пәндерімен байланысын анықтайды.
Ғылымилық принципін басшылыққа ала отырып, биология мұғалімдері, әдіскерлер мектеп биологиясының жалпы білім беру және тәрбиелік деңгейін қамтамасыз етеді.
Теориямен практиканың бірлігі принципі.
Бұл принцип мектептің дамуының алғашқы күнінен басталады. Осы принцип қазіргі өндірістің ғылыми негізін ашудың заңды қажеттілігін анықтайды(политехнизм).Бұл принцип мамандықты меңгеру үрдісі барысында оқушылардың ғылыми білімдерін еңбекке пайдалануға қатысы жөнінен белсенділік көрсетуді ұйғарады.Осы принцип негізінде оқушыны ғылыми білімді күнделікті өмірде, оқуда және еңбекте саналы түрде үнемі пайдалануға үйретеді.
Түсініктілік және көрнекілік принциптері.
Түсініктілік принципі оқушының ақыл-ойының, рухының және денесінің толыққанды дамуының нақты мүмкіндіктерін қамдайды. Түсініктіліктің шегі тек оқу материалы көлеміне ғана емес, оның қиындығы, оқулықтағы және сабақтағы материалды берудің әдістемелік тәсілдеріне де байланысты.Биология әдістемесі үшін Л. В. Занковтың көрнекілік принципін негізді қолдануға мүмкіндік берген сөз бен бейненің үйлесімділігі жөніндегі дидактикалық зерттеулері құнды болып есептеледі.
Саналылық және белсенділік принциптері.
Бұл принциптер әсіресе оқыту нәтижесімен тығыз байланысты және негіінен соған талап қояды, білімнің, біліктіліктің, дағдының оларға тән сапасын сипаттайды. Оқытудағы саналықтың қажетті шарты, әрі көрсеткіші болып саналатын оқушылардың оқудағы белсенділігі.
Белсенділік принципі дербестік пен жекелеген қатынастың дамуына сүйеніп жүзеге асырылады.Белсенділік принципін оқу әрекетінің шеңберімен ғана шектеуге болмайды.
Биологияны оқытуда сонымен қатар, жалпы әдіснамалық принциптер пайдаланылады: өзара байланыс пен өзара себептік; табиғатты және оның қоғаммен өзара әрекетін тұтастай тану; нақты әлемнің материалдылығы және танымалдылығы; қоғамдық даму заңдарына қатысты табиғат заңдарының алғашқы болуы.
Биологияны бейінді оқытудың теориялық негізін бейінді курс мазмұнын қалыптастыратын принциптер мен биологияны бейінді оқыту процесін ұйымдастыратын принциптер құрайды: ізгілендіру, мәдениетті болжау,ғылыми-тарихи, бейінді саралау, ғылыми биологиялық білімнің негізділігі,кәсіби бағыттылық пен политехнизмнің бірлігі және өзара шарттастығы жатады.
Биологияны бейінді оқыту процесін ұйымдастырудың негізгі принциптері индивидуалдық,оқу мен ізденушілік танымдық іс-әрекеттің,интенсивтендірудің, проблемалық оқытудың, диалогтық оқытудың бірлігі,оқушылардың ұжымдық және жеке іс-әрекеттерінің, білім алушылардың шығармашылық белсенділігінің, дербестігінің бірлігі, оқушылардың танымдық қажеттілігі мен мотивтерін қанағаттандыру болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет