Байланысты: Биологияны ж не жаратылыстануды о ыту п ндері ретінде ма саттары
Алғашқы сабақта «Биология нені оқытады» деген такырыпта окушыларды тірі табиғат жөніндегі биология ғылымымен, оның зерттеу нысаны, тірі ағзалардың көп түрлілігі, маңызы мен оларды қорғау мәселелерімен таныстыру кажет.
Сабакты «Дүниетану», «Жаратылыстану» пәндерінде оқылған табиғат жөніндегі білімдерін калпына келтіру, естеріне түсіруден, дүниетану, жараталыстану мен биология арасында логикалык көпір жасау аркылы бастаған орынды. Ол үшін оқушыларға талқылауға мынадай сұрактар ұсынылады; дүниетану нені оқытады? Екінші сабақты өткізуде биология кабинетінде «табиғатты бакылау, танымжорык» атты бұрыш ұйымдастырылуы тиіс, онда күздегі табиғат, жан-жануар, өсімдіктер жөнінде деректер (суреттер, нақпішіндер, гербарийлер т.б. ) болуы тиіс. Үшінші сабақ «Окулықпен танысу, онымен жұмыс жасау» такырыбында өте тамаша болары сөзсіз, сабакты табиғатта өзін-өзі ұстау ережелеріне үздік мазмұндамаға бәйге жариялап, соны жазғызып бастауға болады.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақтың жемісін теориялық білімнің нәтижесінен көруге болады.
Биология сабактарына койылатын жалпы дидактикалык, талаптарға тоқталайық: ұстаздын өзінің биологиялык білімін жоспарлы түрде үздіксіз көтеруі, сабақты талдай отырып оқушыларыңыз қалай жауап бергенін есіңізге түсіріңіз?
Окушылардың жауаптарының мазмұны койылған сұрактарға сәйкес болды ма?. Жауаптар қаншалыкты биологиялык сауатты болды?. Бір сөзді жауаптар болды ма?. Оқушылардың монологтык сөздері дағдысын калыптастыруда кандай жұмыстар жүргіздіңіз?.Алғашқы сабакта нақ балаларды ауызша жауапка койылатын талаптармен таныстырыңыз; сөздің сауаттылығын қадағалаңыз, қателерін ашуланбай түзетіп, сөздерінің аз болса да дамуын қадағалап отырыңыз.
Әрбір өткізілген сабактан кейін ұстаз өзіне сұрак коюы тиіс; бүгін менін жұмысымда қандай кезеңдер дұрыс болды? Қайсысы дұрыс шықпады?. Себебі неде?. Келесі жолы нені өзгерту, калай істеу керек? Сабақты өзіндік талдауды мына тұрғыда жүргізуге болады:
1- Биологиядан жетілдірілген бағдарламаның талаптарын орындау. Белгіленген сабақ жоспары жүзеге асырылды ма?. Сабак мазмұны қаншалыкты дәрежеде бағдарлама талаптарына сәйкес болды, ауытқулар болды ма?. Егер болса, ол қажеттіліктен бе, әлде кездейсок па?.
Сабақты талдауды, салыстырудың, негіздеудің, корытынды жасаудың логикалық біліктілігін калыптастыруға; тәжірибелер кою, бақылау жүргізу микроскоппен жұмыс, гербарийлермен жұмыс жүргізудің арнайы біліктілік пен дағдысын қалыптастыруға; мәтінмен жұмыс істеудің және оқулықтың мәтіннен тыс кұрам бөліктерімен жұмыс істеудің жалпы біліктілігін калыптастыруға кажетгі көңіл аударылды ма?.
2. Негізгі білім беру, тәрбиелеу және дамытушы міндеттердің шешілуі. Сабақтың міндеттері дұрыс анықталған ба?. Соны ойланыңыз. Оларды алдынғы өткен және соңғы сабақтардың міндеттерімен байланыстыру болды ма?. Сабақ негізгі максаттарына жетті ме?.
3. Таңдап алынған сабақ құрылымын және әдістерін негіздеу. Егер бұл үйреншікті кұрастырылған сабақ болса, онда сұраудың, жаңа материалды түсіндірудің, бекітудің, корытындылаудың, үйге тапсырма берудің ретін негіздеңіз. Сабактың максаты, типі және кезеңдері арасындағы өзара байланысты анықтаңыз.
Сізге жоспарланған сабақ құрылымын сактау мүмкін болды ма? Егер болмаса, ол не себепті?. Өткен сабақты қайталау кезінде курстың жетекші идеяларын калыптастыруды жалғастыру жүрді ме, немесе кайталауды ұйымдастыру тек еске түсіру деңгейінде болды ма?.
Жаңа материалды игеру барысында ұғымдарды қалыптастырудың кезеңдерінің негізгі ережелерін қалай қолдандыңыз?. Сабақта пән аралык байланысты жүзеге асыру мүмкіндігі болды ма?. Сіз оны калай жүргіздіңіз?.
Оқылған материалды бекіту мен негіздеу кандай деңгейде ұйымдастырылды?.
Үй тапсырмасының көлемі мен сипаты оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болды ма?. Үй тапсырмасы окылған такырыптың негізгі мәселелерін бекітуге бағытталды ма?. Сабақтың әрбір кезеңінде кандай әдістер мен тәсілдер қолданылды?. Тандап алынған әдістердің сабактың әрбір кезеңінің міндеттерін шешуге және сабақтың максатына жетуіне себі тиді ме?. Оқушылардың оқу жұмысын күшейтуге, проблемалык жағдайлар туғызуға, шығармашылыққа және оқылған тақырыпка қызығушылығын арттыруға қандай әдістер мен тәсілдер колдандыңыз?.
Қандай әдістерді қолдану сізге сабақтың міндеттерін неғүрлым толык шешуге мүмкіндік берді.