Егер сыныпта есту қабілеті бұзылған оқушы болса



бет1/3
Дата27.03.2023
өлшемі26,52 Kb.
#76411
  1   2   3

Егер сыныпта есту қабілеті бұзылған оқушы болса
Онда есту аппараттарының болуын қадағалаңыз (есту қабілеті нашар оқушы екі аппаратты тағып жүруі керек).
Оқушы мұғалімге барынша жақын отырғаны дұрыс.
Айтқанды қабылдау үшін ерекше жағдайлар жасаңыз және оларды сақтаңыз. Есту қабілеті нашар оқушыда сөйлеп жатқан адамды көру мүмкіндігі болу керек. Есту қабілеті нашар адамға теріс бұрылмауға тырысыңыз; маңызды хабарламалар жасағанда, оқушыға қараңыз. Нашар еститін оқушы сөйлеп жатқан адамды көзбен іздеп, бір сөйлеушіден екіншісіне тез қарайтынына көз жеткізу керек. Бұл оқушы үшін саналы қажеттілікке айналуы керек. Сәл баяу сөйлеңіз, дауыс көтермеңіз, артикуляцияны асыра пайдаланбаңыз, ырғақ пен интонацияны бұрмаламаңыз. Нұсқауларды нақты беріңіз, нақты сұрақтар қойыңыз, ұзақ, тым егжей-тегжейлі түсіндірмелерден аулақ болыңыз.
Мұғалім мен ассистент оқушының айтылғанды дұрыс түсінгенін бақылаулары қажет. Сұрақтар қойыңыз, тексеріңіз, сұрақ қоюды қостаңыз!
Тапсырмаларды орындау үшін көптеген мүмкіндіктер жасаңыз. Мұғалімнің сөзін басқа әдістерге сүйене отырып толықтыру қажет, атап айтқанда көрнекі құралдарды, суреттерді, символдық карталарды кеңінен қолдану керек. Оқушы сабақтың жазбаша көшірмелерін ала алады.
Егер оқушы анық сөйлемесе, ол үшін уақытты шектемеуге тырысыңыз, оқушы сөзін соңына дейін бітіруіне жағдай жасаңыз. Оған лексиканы және грамматикалық конструкцияларды дұрыс қолдануға көмектесіңіз, сөздерін қостаңыз.
Есту қабілеті бұзылған оқушыны алып жүретін ассистент оқушыларды есту қабілеті нашар адамдардың ерекшеліктері туралы хабардар ету бойынша алдын ала жұмыс жүргізуі қажет. Қалыпты еститін балалар нашар еститін құрдастарының мінез-құлқын әрдайым дұрыс қабылдап, түсіне бермейді. Оқушыларға есту аппараттары ұқыптылықты қажет ететінін және олардың есту қабілетінің төмендеуін шектеулі түрде ғана өтей алатындығын түсіндіру қажет. Қалыпты дамыған оқушыларға олар өздерін есту қабілеті нашар адамдармен сәйкестендіре алатындай жағдай жасауға болады. Мысалы, балалар құлақтарын жауып, сөйлеушінің бетіне қарап жеке сөздерді, сөйлемдерді, қысқа ақпараттық материалдарды түсінуге тырысады.
Сыныпта өзін-өзі ұстау ережелерін, ең алдымен, шу режимін сақтау маңызды, бұл есту қабілеті нашар оқушылардың қажетті сөйлеу ақпаратын бөліп алуға жағдай жасауды білдіреді. Есту қабілеті қалыпты оқушыларға тез сөйлеуден аулақ болып, қайта сұрауға жағдай жасай отырып, түсінбегенді нақтылап алу үшін есту қабілеті нашар құрдастарымен анық, мәнерлеп сөйлесуге кеңес беру керек.
Бар бұзушылықты жасырмау және ешқандай жағдайда есту аппаратын пайдаланудан ұялмау маңызды. Нашар еститін оқушы өзіне жақсы еститіндей кейіп танытудың қажеті жоқ екенін сезіну керек. Есту қабілеті бұзылған оқушылар эмоциялық реңктер, коммуникацияның қыр-сырын, дауыс ырғағын жеткілікті дәрежеде аңғармайды. Білімнің осы жағын нақтылайтын және тереңдететін қосымша жұмыс қажет.
Ыңғайлы, қауіпсіз орта құру қажет, өйткені күштену, есту депривацясы қарым-қатынасты одан әрі қиындатады. Есту қабілеті нашар оқушының жетістіктері көбінесе өзін-өзі оң бағалаудың қаншалықты қалыптасқанына, бірлескен қызметке қатысуына байланысты. Сонымен бірге қарама-қарсы тенденцияны да ескеру қажет. Есту қабілеті нашар оқушы ерекше көзқарасқа үйренуі мүмкін. Нәтижесінде ол өзімшілдікті, өрескелдікті көрсете алады, өзіне көбірек назар аударуды талап етеді. Бұл оның және есту қабілеті жақсы құрдастарының арасындағы кедергі болуы мүмкін. Тепе-теңдікті табу, барлық оқушылардың теңдігі мен әрқайсысының құндылығын тану негізінде балалардың бір-біріне қарсы қойып салыстыруды болдырмау маңызды.
Осылайша, нашар еститін оқушы шеттегі бақылаушыға айналмай және артықшылыққа ие болмай отырып, оқушылар ұжымының тең құқылы мүшесі бола алатындай атмосфера қалыптастыру қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет