3. Асан туралы аңыздардың тақырыптық ерекшеліктері: Асан турлы аңыздарды ғалым Жармұхамедов «Көненің көзі»


Ақтамберді жырларындағы жарлылық пен жалғыздық тақырыбы



бет17/35
Дата24.05.2023
өлшемі191,99 Kb.
#96862
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
аза ханды ы д уіріндегі дебиетінен емтихан с ра тары Жыраулар

16. Ақтамберді жырларындағы жарлылық пен жалғыздық тақырыбы
Даңқты жыраудың азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп»,«Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен, ханым, ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» жəне т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштік күй-сезімдерге толы.

Бүгінде Ақтамберді жыраудың 26 туындысы белгілі. Олар тақырыбы жағынан үш топтан тұрады жəне тиісінше жауынгер-ақын өмірінің үш кезеңін: жастық шағын, толысып, даңқы шыққан жылдарын жəне егде тартқан кезін бейнелейді [2; 554].


Ақтамберді жыраудың бірінші топтағы туындылары


Бұл туындылар жас Ақтамберді жоқшылыққа ұшырап, адамгершілік-жан күйзелісін бастан кешірген кезеңде туған болса керек. Оларда тағдырына налу, өзінің жалғыздығына, кедейлігі мен дəрменсіздігіне мұңаю басым. Лирикалық кейіпкер жападан-жалғыз жəне қорғансыз, көп қорлық көреді, өзін бəрінен айырылып, жұртта қалғандай сезінеді. Ол мұңайып, өзін бар күшімен көрсетіп, өзін-өзі қорғай алатындай жасқа тезірек жеткісі келеді. Ол жақсылыққа деген үмітке бөленіп, өзімен жұрт санасатын күнді армандайды.


Ақтамберді өзінің алғашқы туындыларын 10–11 жасында шығара бастаған. Оның бұл кездегі өлеңдері мұң, зар, жалғыздыққа налу түрінде келеді [3; 57]:


Жағалбай деген ел болар,


Жағалтай деген көл болар,


Жағалтайдың жағасы


Жасыл да байтақ ну болар.


Атадан алтау туғанның


Жүрегінің бастары


Алтын менен бу болар,


Атадан жалғыз туғанның


Жүрегінің бастары


Сары да жалқын су болар,


Жалғыздық, сені қайтейін!


Бала сонымен қатар ертең-ақ «жасы он беске жетіп, кеңеске кірер» күн туатынын, болашақтан үміті зор екендігін жырға қосады [3; 58]:

Жағама қолдың тигенін,


Жалғыздық, сенен көремін.


Жамаулы киім кигенім,


Жарлылық, сенен көремін.


Атадан тудым жалқы боп,


Жақыннан көрдім талқы көп,


Жасым жетпей он беске,


Қорғайтын жан, адам жоқ.


Кəрі ақсайды ақылдан,


Ер ақсайды жақыннан,


Қазір əлсіз болсам да,


Үмітім бар ақырдан.


Жасым жетіп он беске


Кірер ме екем кеңеске,


Бұғана қатып, бел бекіп


Ерегескен дұшпанмен


Шығар күн туса күреске!


Осы өлеңдерді құлағы шалып қалған қара жүрек ағайындарының бірі Жангөбек Ботағара деген Ақтамбердіні қамшының астына алады. Тіпті, найзаның ұшына ілмек те болады. Алайда жазықсыз жас балаға аталас туысы Бердіке батыр ара түседі. Сол күннен бастап бұғанасы қатқанға дейін болашақ жырау осы Бердікені паналайды [4; 77].


Ақырында, жыраулар поэзиясының айбалтасы — Ақтамберді 17 жасқа толып, қолына семсер алады да, жауларынан кек алуға аттанады [3; 58, 59]:


Дұшпаннан көрген қорлығым


Сары су болды жүрекке.


Он жетіде құрсанып,


Қылыш ілдім білекке.


Жауға қарай аттандым


Жеткіз деп Құдай тілекке!


Жастайынан қанды қырғынды көріп, соғыстың бел ортасында жүргені дала шайырының жігерін жани түседі. Майданда біраз қалмақтың басын қаққан Ақтамберді «Балпаң, балпаң кім баспас» толғауында [3; 61, 62] батырлыққа үндеп, дұшпаннан именбеуға ұран салады:


Балпаң, балпаң кім баспас,


Басарға балтыр шыдамас,


Батырмын деп кім айтпас,


Барарға жүрек шыдамас.


Жалтара шапсаң жау қашпас,


Жауды аяған бет таппас,


Уа, жігіттер, жандарың


Жаудан аяй көрмеңіз,


Ғазырейіл тура келмей жан алмас!


Ақтамберді жыраудың XVIII ғ. айтқан бұл сөзі бүгінгі ұрпаққа арналғандай көрінетіні несі екен?! Сөз өнерінің өміршеңдігі деген осындай бір өлшемдермен өлшенсе керек. Əр сөзді əркім өзіне қабылдайтындай немесе соны терең ұғынып, қабылдай алатындай дəрежеде болғанымыз жөн сияқты. Əдебиет — шаң басқан, мұражайда қат-қат жатқан сары қағаз емес, тірімізде тіршілікке аса қажет ауа, су жəне наннан кейінгі қажеттілік. Сəуегей жыраудың соны алдын ала көргеніне, болжампаздығына таңырқайсың...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет