3-билет М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшеліктері



бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі42,63 Kb.
#139791
түріПоэма
1   2   3   4   5
Байланысты:
3-билет

Ә.Нарымбетов Райымбектің алғаш сөзі туралы: «Кейіпкер сөзі – шығармадағы адам бейнесін ашуда көркемдік қызмет атқарады дегенде, ең алдымен, оның негізгі идеялық жүгіне көңіл бөлуге тиіспіз. Байқап отырсақ, қай-қай шығармаларда да кейіпкер сөзі арқылы автордың позициясы білінеді. Автордың, яғни ақынның кейіпкерлерге деген көзқарасы, қарым-қатынасы осы кейіпкер сөзі арқылы да танылып отырады»,- деген еді.
М. Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» Атты поэмасы бұрынан қазақ халық ауыз әдебиетінің өзекті саласы эпостық батырлар жырының жалғасы іспетті. Батырлар жырының бәріне ортақ идея – ерлік істеген халық батырларының сом тұлғасын, нақты портретін, көркем образын жасау тән болса, Мұқағалидың бұл поэмасында қазақ халқының сыртқы басқыншы жаулардан мезі болып титықтан ең қиын ауыр халін, қол бастаған халық батырларының бірі Райымбектің тарихи сом тұлғасын жасау арқылы оның көркем бейнесін халық тұрмысы, қоғамдық тыныс – тіршілігімен жетік үлгіде суреттеген.
Мұқали Мақатаевтың эпикалық туындыларының ішінде кең құлашты, көркемдігі жағынан ерекше, көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан құнды, әрі күрделі шығармасы – «Моцарт. Жан азасы» (Реквием) элегиялық поэмасы. Ақын бұл эпикалық туындысын австриялық ұлы композитор Моцарт Вольфгант Амадейдің (1756-1791жж.) хормен, оркестрмен айтылатын «Реквиемі» «Жан азасы» атты әйгілі музыкасының желісіне немесе сол музыканың мәтіні есебінде арнап ішкі жан дүниесінің толқынысын, терең сезіммен жыр жолдарына түсірген.
Бұл поэма жөнінде Қазақстанның халық жазушысы, кемеңгер ақын, үлкен ғалым Ә. Тәжібаев былайша ой тербейді: «Осындай тарихи кезеңде адамдарымыздың да, ұлттарымыздың да іріленген дәуірінде әдебиетімізде Мұқағалидың «Реквиемі» тумауы мүмкін емес еді. Ондай поэзия туғыза алмаған қазақ халық та болып жарытпас еді.
Өмір дегенге
Тірлікте сірә, жетер ме ой!
Жарық сәуледен
Басқаның бірі бекер ғой.
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой,
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой.
Біз де өзге тілдерде жазылған тамаша Реквиемдерді сан оқығанбыз. Бірақ, дәл мынандай кереметті кездестірген емеспіз.
Өмір туралы азалы жыр айтып отырған ақынның өмірге деген, жарық сәулеге деген махаббаты орасан. Ман Қасымның поэмасы оптимистік трагедия деп атағанмын. Мұқағалидың Реквиемін де солай оптимистік трагедия деп атаймын. Біз өмірді сүюді, оны биік поэзияға айналдыруды осы екі ақыннан үйренуіміз керек» – деп жас та болса Мұқағалидың талантын да, шығармасын да әділ бағалап, калың оқырман алдында паш еткенін жақсы білеміз. Бұл Мұқағали шығармаларына берілген әділ бағаның бірі еді. Қорыта айтқанда , қазіргі қазақ поэмасының ішкі жанрлық жағынан, сан алуан тақырыптық – идеялық дамуына жетілісуіне М. Мақатаевтың эпикалық туындылары молынан үлес қосты. Поэмаларының сюжеттік желісінде көркем образ жасаудағы ақындық шеберлігімен де ақын біраз алға ілгерілеп, эпикалық типтік қаһармандар жасады. Оны оқырман қауым да өзінің ескі танысындай жатырқамастан қабылдап, жақсы кейіпкерлер санына қосты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет