Ғ.Мүсірепов танымындағы «ана» бейнесінің көрінісі: 1. «Ана сұлу, ана бақытты»: «Айналайын, күнім, Биағам» деп, баласын бауырына қыса түсіп жатып, әйел қалғып кетті. Бар бейнеті ұмытылған. Жадыраған жүзіне ана сұлулығы, ана бақыты шыға келіпті... Мұндай мейірімді сұлулық ана жүзіне ғана шыға алса керек... Жүзіне осындай мейірім шыға келгенде ғана ана сұлулығы танылса керек.
2.«Ана ар¬ұят, обал ¬сауап...»: «Сорлы ана денесінен дене бөлініп, бір адам екіге бөлініп, ауыр бейнеттің ақтық сағатын өткізіп жатыр.
– Кет деймін... Неткен ұятсыз едің... дейді әйел, әлсіреген қолдарымен мені кеудеге итеріп».
«Бала бажылдап қояды. Мен үй тасасында әйелді қымызға шомылдырдым.
– Қымыз исі келе ме, немене? – деді әйел. – Обал¬ай...»
3. «Ана – мейірім»: «Ана тал түбінде жұдырығын түйіп жатқан қызыл адамға мейірімді көзінің барлық нұрын төгіп қараған сайын бетіне қан жүгіреді. Ананың нұрлы көзі баланы ақырын ғана, еркелетіп қана сипағандай болады. Таңертеңгі тымықта күннің көзі ғана осылай сипай алады дүниені»
4. «Ана – өмірдің иесі»: «Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, мүмкін, ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар... Мүмкін жерді жылытып, бақыт себетін адам болар... »
5.«Ана – әділ кесім шығарушы»: Бұдан әрі сөйлесер сөз қалмағанын Мария ана да мана білген. Сондықтан әрі азамат, әр ана, ананың айнымас кесімін айтты:
Өлім егушіге – өлім! – деді.Үстіндегі қара киімін баласының кеудесіне жапты да, жарқылдаған қанжарды қара жүрекке қадап жіберді. Баласының жүрегі қай жерде екенін жақсы білетін ана қолы қателескен жоқ: қанішер тырп етпестен қатып қалды.
6. «Ана – баласы үшін отқа да, суға түсуші»: «Нағып қорықпай қуып келдің демеңдер: он бесімде өзім де тап осы қызымдай едім; сендердің қолдарыңда кетсе, енді он бес жылдан кейін қызым да тап қазіргі мендей болмай ма? Мен үшін бұдан артық қорқыныш та жоқ, қорлық та жоқ. Сол мені айдап әкелген! Берсеңдер, тірі алып қайтам, бермесеңдер өлі алып қайтам! – дейді». «Өзім көзім қарайып, обалымды пышаққа артып, қанымды шашайын деп жүрген адам, сар кездікті жұлып алып, жүгіріп келіп шалқасынан жатқан болыстың жұтқыншағынан салып кеп жібердім. Сағалатып тұрып өкпе тұстан тағы бір¬екі рет бұлғап бұлғап алдым да, ұмтылдым¬ ай кеп Қара сақалға... » .