3 І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері



бет7/11
Дата07.01.2022
өлшемі222,5 Kb.
#20715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
І – тарау. 2-§.

Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың алғы шарттары.

Мектеп оқушыларының сабақ үлгермеушілігі және соған байланысты бір сыныпта екінші жылға қалушылық күрделі проблема. Бұл проблемамен педагогика ғылымының әр түрлі саласымен айналысатын және аталған мәселеге әртүрлі көз қарастаға мамандар айналысады. Бірақ автордың бәрі де үлгермеушілік проблемасын негізгі екі аспект бойынша



  1. Мұғалімнің сабақ беру бойынша саласы және

  2. Оқытқан кезде баланың дұрыс дамуы деген бағытта жете зерттеуде.

Кейде типті сыныптағы оқу жұмысын мұғалім дұрыс ұйымдастырғанда бір неше нашар оқитын және үлгірмейтін оқушылар болады. Бұл құбылыс мейлінше сан алуан себептердін туады. Кейде ұзаққа созылған сырқаттан болады. Сондай-ақ мұғалім оқушылардың ерекшелігін ескермеуінен және онымен өзінің жұмысын онша дұрыс құрмағандығынан болуы ықтымал. Кейбір оқушылар белгілі бір пәннің қиындығын әрдайым дұрыс бағалай бермейді, сондықтан да қалып қояды, басқаларда бір пәнмен әуестеніп кетеді, бұдан қалған пәнге нұқсан келеді. Көп жағдайларда оқушалардың үлгермеушілігі ата-аналар тарапынан оқуы мен мінез-құлқы бақылаудың жоқтығы нан болады. Отбасы бүкіл ғасырлай бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Әр бір бала өзінің алғашқы тәрбиесін отбасынан яғни ата-анадан алады. “Ұяда нені көрсе - ұшқанда соны ілер” дегендей бала тәрбиесінде ата-ананың алатын ролі ерекше. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.

Отбасы оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөніндегі мектеппен тығыз байланыста болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені, бала тәрбиесінің үйелменде, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.

Отбасыдағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыруы. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу - әрекеті, бос уақытын ұйымдастыру жатады.

Ата-аналар балаларын белгілі бір уақытта сабаққа дайындалуға, ұйықтауға, тұруға үйретулері, яғни ырғақ элементтері берік орындалуы тиіс.

Отбасы тәрбиесінде ата-ананың мінез - құлқы шешуші фактордың бірі А. С. Макаренко балалар тәрбиесі жайлы лекцияларында: “Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын, өзіңіздік жеке мінез-құлқыңызды тексеріңіз… Сіздің жеке мінез - құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе… Ата –аналардың өздеріне талап қоюы, өз үйелменің қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы-тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі”-деді.

Отбасында болатын маскүнемдік, ұрыс-керіс неке бұзушылық сияқты теріс әрекеттердің болуы тікелей әкемен анаға байланысты. Осындай өрескел қалыптардың негізінде ата-ана бір-біріне дөрекілік өкпе сөздер айтады, бірін-бірі кемсітіп абыройларын төгеді, өз қадірін түсіреді. Сөйтіп, олар өзін-өзі бақылауды тохтадады. Кейде олардың ұрыс-керісі төбелеске әкеліп соқтырады. Бұл жағдай балалардың жанын тебірентеді, өз үйінен жеркенеді, ата-аналар үшін олардың сенімі болмайды.

Маскүнемдікке жиі салынатын ата-аналардың нашар қылықтары да өз балаларына әсерін тигізбей қоймайды. Мұндай азғын ата-аналар туралы ұлы педагог А. С. Макаренко “..егер сіз дөреке немесе маскүнем болсаңыз, ал бәрінен жаманы, егер сіз шешесін балағаттасаңыз, онда сізге тәрбие туралы ойлаудың қажетіде жоқ”-деп жазған.

“Егер әке немесе ана ішкілікке салынса, үйелмендегі мектеп жасына дейіңгі және кіші мектеп жасындағы балалар жүйке ауруынан (невроз), қояншық ұстамадан (эпилепция) азап шегеді, олардың ақыл-ойы нашар дамиды” – деп дәрігерлер қорытынды жасайды.

Сонымен, ерле зайыптылардың бір-біріне жасайтын опасыздығы, бала өміріне, оңың келешегіне қалай болса солай жауапсыздықпен қарауы еш бір адамгершілік нормаға симайды.

Кейбір отбасында бала бір қалыпты өсіп жетіле бермейді. Біздің байқауымызша оның себебі әке мен ананың қамқорсыздығынан, қадағалаусыздығынан, мейрімсіздігінен туады. Осының нәтижесінде жеткіншек шақтағы яғни өтпелі жастығы балалардың даму кезеңдерінде кенеттен кейбір өзгерістер болады. Бұл кезеңде олар ерекше назар аударуды қажет етеді. Өйткені балалар әлеуметтік өмірдегі түрлі құбылыстарға жеткілікті түсіне бермейді.

Жоғарыда көрсетілген жағдайлар баланың өміріне тікелей әсер етеді. Оқушының сабаққа деген көз қарасын өзгертеді. Оқушалардың сабақ үлгермеушілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Нашар оқу, үлгермеушілік және екінші жылға қалу оқушыға өте жаман әсер етеді. Ол өз күшіне деген сенімнен айралады, оқуды жиі тастап кетеді. Үлгірмеушілікпен екінші жылға қалып қоюшылық мемлекетке үлкен материалдық нұқсан келтіреді. Сондықтан нашар оқу мен үлгермеушілікті жою мұғалімнің аса маңызды борышы.

Ы. Алтинсарин “Халқ мектебі үшін ең керектісі – білімді мұғалім. Егер оқушының сабаққа қызығуы жоқ болса, онда ол жерде мұғалімнің шеберлігі қажет”-деген болатын.

Мұғалім баланың екінші анасы. әрбір сабақтың қызықты, тартымды болуы – мұғалімнің шеберлігіне және білімділігіне байланысты.

Сухамлинский “Баланың баланың жүрегі неге айналатыны-үлпіреген гүлге не қатып қалған қабаққа айналатыны (педагогика) мұғалімге байланысты”.

Мектеп табалдырығын аттаған және адам заттың камелетке жеткенге дейіңгі тәрбиелеуші ықпалында болытын адамға берілетін білімдер, адам, азамат туралы, оның асыл моральдық биігіне негіз болып қалаңған идеялардың ұлылығы мен ізгілігі туралы білім бірінші қойылу керек. Әліппені үйренбей тұрып оқу қаншалық мүмкін болмаса, мұғалім тұлғасының ролін терең түсінбей тұрып оқу тәрбие процесінің деңгейін білу мүмкін емес.

Жаңа қоғамдағы қазақ ұлттық мектебінде әр шәкірттің білім алуымен бірге психологиялық моральдық бейнесін қалыптастырып дамыта білетін ұстаз тұлғасы оның идеялық сенімі, рухани байлығы, адамгершілігі, биік боғанда ғана қоғам болашағы қалыптасады.

Мұғалім міндеті оқушыны ізденіске құлшындыру, алған ұғымдарын тұрмыс қажеттілігінде тұтына алатындай дербес тұлға тәрбиелеу. Ол үшін мұғалім сынып ұжымындағы әрбір оқушының тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу, тұлғалық даму жағдайын бақылау (білімі, іскерлігі, дағдысы) бағдарламасын жасап зерттеу керек. Мұғалім әр оқушының өзіне тән тұлғалық психологиялық ерекшеліктерімен танысуы, әр оқушыны себъект ретінде қабылдап жұмыс жасауына ықпал етуі тиіс. Мұғалім жеке тұлғаны зерттеу әдістемелер блогын құрып (сауалнама, тест, ойын т.б.) зерттеу нәтижелерін талдауы арқылы оның әлеуметтік психологиялық даму деңгейіне ықпал етуі және жеке тұлғаның қалыптасуына жұмыс тануы міндетті.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы, орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын дүніе жағдайларында алыңған терең білімнің кәсібі дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге өзін өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жаупты шешімдер қабылдауға қабилетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін атқару мұғалімнің педагогикалық, психологиялық шеберлігі мен біліктілігін, білімділігі мен әдіскер шығармашылығының болуын талап етеді.

Ұстаздықтың басқа мамандық иелерінен айрымашылығы айналадағы адамдармен жан жақты қарым-қатынас жасап барлық күш құатын, білімін жұмсайды. Дегенмен әр оқушының және басқалардың ерікшеліктеріне сәйкес қарым-қатынас жасаудың өзіндік мән жайы бар.

Әрбір мұғалім өз сабақтарын түрліше өткізедіде бала бір сабақта белсенді отырса бір сабақта ықыласы болмайды. Және осындай жағдайда оқушы мен мұғалім арасында реніш пайда болады. Баланың басқа әрекетпен айналысып сабаққа немқұрайлы қарауының, сабақтарда әр түрлі мінез көрсетуінің өзіндік себептері бар.

Ұстаз үстемдік көрсетіп білік етіп шектен тыс қаталдық жасамай әжепті түрде педагогикалық сабырлықпен қатаң талап қою, оқушыны дер кезінде қадағалау керек.

Ұстаздың қойған талабы қадағаланбаса оқушы салақтыққа, теріс әдеппен дағдыға бейімделіп кетеді. Жұмыстың бәрі аяқсыз қалады. Мұғалім ұстамждылығы, шеберлігі болмаса тәрбиесінде үлкен қәтелік жіберіп алуы мүмкін. Көпшілік жағдайда асығыстық түсінбеушілікке әкеліп соғады. Кейбір оқушы мұғалімнің қойған сұрағына жауапты біліп тұрады. Бірақ жауап бергенде қорқып ойын толық жеткізе алмайды. Осындай жағдайда мұғалімнің әдептілігі мен сабырлығы өте қажет.

Нашар оқуды болдырмау құралдарының бірі оқушлармен қосымша жұмыс жүргізу болып табылады. Қосымша сабақтардан бастаудан бұрын жұмыстың йормасымен оның көлемін дұрыс белгілеп алу үшін оқушының нашар оқуының себебі мен сипатын білудің маңызы зор. Егер оқушы ауру болғандықтан кенжелеп қалса, бірақ жақсы үлгіретін болса онда мұғалімнің басшылығымен жұмысты дербес жұмыс істеумен ұштастырған құлайлы болады. Егерде оқушы жалқауланатын болса, оны онша қамқорлыққа ала бермеген жөн. Оны мұғалімнің және жолдастарының бақылау мен жұмыс істеуге көндіріп, ата-аналар және басқалар тарапынан оның жұмысына бақылау қою керек.

Алдын ала, қосымша жеке-дара жүргізілетін жұмыс өте тиімді келеді. Нашар оқығаны байқалысымен-ақ мұғалім оқушыға қажетті көмек көрсетіге тиіс. Қосымша сабақтар еріктіде, міндетті де сипатта болуы мүмкін.

Нашар оқитын оқушыға көмек беру үшін күшті оқушыларды тарту мүмкін де пайдалы. Бірақ бұл жұмысты мұғалім ұйымдастыруға тиіс. Алайда қосымша сабақтарды шамадан асырып жіберуге болмайды. Әсіресе қосымша сабаққа класты түгел қалдыруға жарамайды. Мұнда сабақ тиісті нәтиже бермейді.

Үлгірмеушілік сабақ барысында қалыптасады және оның алдын алуға, күресуге болады. Нашар бағаға әкеп соқтыратын оқушы үлгірмеушілігінің себетері оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастырмауда, мектепшілік бақылаудың мерзімді жүрмеуінде, санитарлық-гигиеналық нормаларды бұзылуында жатыр. Бұлардың ішіндегі негізлері мыналар:


  • жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының әлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дәрежеде талап етпеуі;

  • үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау және тыңғылықты тексерудің болмауы;

  • мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі, жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;

  • мектепте үлгермеушіліктің алдын алу жөнінде жүйелі жұмыстың болмауы, мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілерінің, әлеуметтік ортақ жұмыс жүргізбеу;

  • тәрбие жұмысындағы алқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тәртібі өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі, мектеп әкімшілігі тарапынан тәртіп бұзушыларға ұзақтылығы және тиісті шара қолданбауы;

  • бағалаудағы біржақтылық;

  • оқыту мен тәрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;

  • сабақ қалдыру, оқушының аурып қалуы т.б.

Тұрақты түрде жоғарі үлгірімдегі оқушылар арасында психологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде бұл балалардың өздерінің жеке ерекшіліктері бар екені байқалды. Олардың өз жасына сай білім қоры мол, білім құрылымына кіретін ой-өрісінің сапасы жоғары. Осылардың нәтижесінде олар жаңа алған білімді жылдам, тез меңгере алады және ол білімдерді іс жүзінде өздігінше қолдана алады. Көбінесе үлгерімі жоғары оқушылар өзін-өзі жақсы бағалайды, кейбір жағдайда мектептегі жоғары жетістіктері мен қоршаған ортаның мақтауының нәтижесінде өзін-асыра, жоғары бағалауда кездеседі, мұндай оқушылар басқаларға қарағанда белсенді ой-еңбегінен аз шаршайды. Осы жағымды факторлардың бәрібірігіп, оларға үлкен жетістіктерге жетуді қамтамасыз етеді.

Тұрақты түрде үлгірімі төмен оқушыларды зерттей отырып басқаша мәліметтер алынды. Бұл жерде дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі байқалады. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді.

Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің жеке бастық параметрі қалыптаспаған, білім қоры аз, жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған.

Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгірімінің төмендеуінің себептерін анықтау қажет.

Таным әрекетінің нәтижелігі-ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптасуы үлгірімінің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Компоненттердің қайсысы үлгірімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу түрлі болып бөлінеді: педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар және нашар оқитын оқушылар.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлде-қайда тиімді болып табылады.

Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ балалардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Мектепке дейіңгі балармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу сапалы білімге, олардың сезімдеріне бағытталуы керек. Осы мақсатпен әр түрі дидактикалық және ролдік ойынды қолдануға болады. Көп назарды балардың сөйлеу қабилетін дамытуға, олардың сөздік қорын белсенді байытуға аудару керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта ырықты зейн мен ырықты есте сақтауды дамыту қажет.

Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда сабақ үлгірмеушілік проблемасы әлі жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл өте қажет. Өйткені сабақ үйрену әр баланың жеке басына тән қасиеттеріне, анығырақ айтқанда оңың мектепте өтілетін пәндерге деген көз қарасына байланысты. Оқушылардың сабақ үлгірмеушіліктің психологиялық проблемасына арналған алғашқы еңбек Н. А. Менчинскаяның редакциясымен педагогика ғалымдары институтының авторлар коллективі шығарған кітап болды.

Сабақ үлгермеушіліктерді зерттеу, мұның себептерін және нашар оқитын оқушылардың жекелеген типтерін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы: А. Гельманд педагогикалық тұрғыдан үлгермеушіліктің ерекше үш категориясын бөліп қарайды. Автор бірініші категорияға оқушының барлық пәнінен бірдей ұзақ уақыт үлгірмей, оқудын жалпы және өте кенжелеп қалып қоюын жатқызады. Екінші категорияға сабақты ішінара негізгі деген пәндермен үнемі үлгермейтін оқушылар жатады. Ал үшінші категорияға кіретін оқушылар сабақты ауық-ауық қана үлгермейді. Психологиялық талдау негізінде Л. Славин сабақ үлгермейтін мектеп оқушыларынын бес топқа бөледі.


  1. Оқуға деген көз қарасы дұрыс емес балалар.

  2. Материалды қиналып ұғатындар.

  3. Сабаққа дайындалу әдептері мен тәсілдері қалыптаспағандар.

  4. Еңбектене білмейтіндер.

  5. Білуге және оқуға құштарлығы жоқ оқушылар.

Сабақ үлгермеушіліктің бұлардан басқада сипаттамалары мен топтастырылуы бар. оқушылардың сабақ үлгермеушілігін зерттеу мәселесінің ең күрделі жайы мектеп программасын игермеудің себептерін анықтау болып табылады.

Сабақ үлгермеудің себептері көп. Балалардың дамуына оларды қоршаған ортаның тигізетін әсері өте мол. Оқушының сабақ үлгеруіне кластағы педагогпен балалар коллективі елеулі ықпал етеді.

Республикада бірінші болып, 1-2 сыныптарда сабақ үлгермейтін оқушыларды психологиялық жағынан зерттеу жүргізіле бастады. Мектеп оқушылары педагогика ғылымдары академиясы мақұлдаған психологиялық 10 методика бойынша зерттелді, сондай-ақ педагогикалық мінездеме – анкетаны пайдаланып, кей бір мұғалімдермен әңгімелер өткізілді, оқуға үлгермейтін балаларды бақылау мақсатымен сабақтарға кіріп жеке жұмыстар жүргізді.

Бақылау барысында Алматы мен Шевченко қаласындағы сабақ үлгермейтін мектеп оқушылары арасынан белгілі бір дәрежеде психологиялық дамуы тоқталып қалған 166 баланы тапты. Олар соқыр емес, керең де емес, психологиялық ауруға ұшырамаған да, кемақыл да балалар емес.

Соңғы жылдары мұндай балалар дефектология ғылымы-зерттеу институты қызметкерлері барынша зер сала зерттейтін объектілерге айналды.

Көп жағдайда педагогтардың инфантилизмге ұшыраған балаларға әр түрлі себептермен жеткілікті көңіл бөое бермейтіні бар, сөйтіп олар үнемі сабақ үлгермеушілер қатарында жүреді. Кейбір мұғалімдер өз тарапынан әдепсіздік көрсетіп, психикасы дамып жетілмеген балаларды мазақ қылып, күлкіге айналдырады. Кейде ата-аналардың өздері де баласының мектептегі сәтсіздігін жете түсінбей оны жалқау, жетесіз деп кінәлап, педагогикаға сайымсыз жазалар қолданады. Бұдан психикасы дамып жетілмеген балалар жақсармайды, керісінше оқуға, мектепке деген ынтасы жоғалады, мінез-құлықтары өзгереді, интеллектуалдық дамуы тоқтап қалады, сөйтіп оларды іс жүзінде кемақыл балалардан ажырату қиындық келтіреді. Қазақстанда аталған балалар проблемасы теориялық тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да түбегейлі шешілген жоқ. Олар жалпы білім беретін мектептерде оқып, сабаққа үлгермеуші оқушылар санын көбейтумен келеді. Үнемі сабаққа үлгермей мектепті тастап кетушілерде осындай балалардың арасынан шығады. Ал олар үшін арнаулы мектеп ашса, дұрыс тәрбие берсе, онда инфантилизмге ұшырағандар кемақыл балалардай емес, сапалы білім алып, саналы азамат болып шығар еді. Оларды еш уақытта да кемақыл балалар оқитын арнаулы мектептерге беруге болмайды. Өйткені ол мектептерде кемақыл балаларға білім бермейді, тек қарапайым еңбекке ғана машықтандырады, ал инфантилизмге ұшараған балалардың ақыл-естері дұрыс, сондықтан оларға бұл мектептерді білім жеткіліксіз, оның үстіне кемақыл балалармен бірге оқу намыстарына тиіп, психикаларына теріс әсер етеді.

Сабақты қалай үлгіретінше қарамайақ жалпы білім беретін мектепте оқыта беруге болады?-деген аудандық психаневрологтың тұжырым қағазы да бұл балалар үшін, пайдалы деуден аулақпыз. Өйткені дәрігерлердің мұндай тұжырымдары бір –екеу болса, онда онша қауіп те, қиындық та жоқ. Республика көлемінде балаға тек дәрігерлік тұрғыдан қарап, педагогикалық мәселені екінші кезекке ысырып қоятын мұндай фактәлер көбее түсуде. “Оқуға рұқсат ету” правасына сүйенген дәрігерлер айналасы 10 –15 минут ішінде баланы үстірі қарап шығады да, мұғалімнің шағымын тыңдап, “Бұл оқушының сабақ үлгерімін ескермей-ақ оқыта беруге болады”-деп анықтама жазып қоя береді. Сөйтіп мұғалім балаға тиянақты білім беру жауапкершілігінен оңай құтылады, инфантелизмге ұшыраған баланы артқы партаға әкеп отырғыза салады. Ол оқып жүрме, жоқ па онда мұғалімнің шаруасы жоқ. Өйткені ол дәрігердің тұжырымы бойынша үлгермейтін оқушылар санатына қосылмайды.

Балалардың артта қалуы мен нашар болдырмау және алдын алу жұмыстарын көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.

Осы қиыншылықтардың себебі–баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің ақыл-сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аноманияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көңгіш болып келеді.

Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабилетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек.

Қазіргі мектептерде балалардың естеу, көру, қозғалыс анализаторларын дамытуға аз ауқыт бөлінуде. Сондақтан практикалық интеллекті балалар өз ерекшеліктерін көрсетіп, өз мүмкіндіктерін дамытуға қоршаған ортаның назарына ие бола алмайды. Қазір мектептерде сөз-логикалық ойлауға үлкен талап қоюда. Ән, сүрет, спорт пәндері арқылы көрнекі амалды, нақтылы-бейнелі және практикалық ойлауға сүйенуді талап ету оқудағы артта қалу мәселелерін шешудің бір жолы болып табылады. Мұғалімдер балалардың қайсысы практиктерге жататынын анықтап, мұндай оқушылардың ерекшелігін ескеру керек. Сабақ үстінде көбірек көрнекіліктерді қолданып, тереңірек талдау жасауды қарастыру қажет.

Баланың айналасындаға адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет