3 І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілігін болдырмаудың педагогикалық психологиялық негіздері



бет9/11
Дата07.01.2022
өлшемі222,5 Kb.
#20715
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
ІІ – тарау. 2-§.

Бастауыш сынып математика сабағында үлгермеушілікті болдырмау жолдары.
Оқушылар мектепте білім ала отырып, тәрбиеленеді де. Тәрбие оқудан ажыратылмайды. Мектеп беделі ең алдымен сабақтарда көтеріледі. Оқу сабағы, грамматика, математика сабағы - ұдайы тәрбиелеу. Тәрбие сәттері сабақ үстіндегі мұғалімнің сұрақтары, оқушының жауаптары, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті сияқты дағдылы жұмыстармен ұштасып жатады.

“Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбекқор адамның мақтаныш сезімі осы оттың тұтанар бірден бір көзі”.

Егер барлық балалар алдарына қойған міндеттерді орындаса, егер бір-біріне өзара көмектесіп сергек рақаттана жұмыс істесе, егер өкерілген оқу күніне риза болып, үйлеріне тараса және ертеңгі күнді осыға күтетін болса, онда оқуға деген ынта арта түседі. Ал мұның өзі-мұғалім еңбегі мен оқушылар үлгерімі нәтижелерінің көрсеткіштерінің бірі. Біздерге мұғалімдерге В. А. Сухомлинскийдің: “Еңбектігі табыс – бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды” деген сөздерін ұдайы есте ұстауымыз керек.

Оқудағы үлгерім жолындағы күресу-балаларды оқи білуге үйрету, әрқайсысының өз мүмкіндігіне сенуіне көмектесу, ұйымшылдыққа, дербестікке, жауапкершілікке, еңбек тәртібіне тәрбиелеу.

Сабақты түсіндіре басқару, үлгі-тірек жұмысы, сабақта өтілгендердің барын балалардың сезініп, ой елегінен өткізуіне, қз іс әрекеттерін түсіндіріп, негіздеп отыруына көмектеседі.

Бастауыш сыныптарда өтілетін әр бір пәннің өзіндік ерекшелігі, өзіндік орны бар. Бастауыш сатыдағы “Математика” пәнінің мазмұнын оқытуды ұйымдастыру әдістері оқушыларды өмір дағдыларына бейімдеуге бағыттау, оқушылардың тұлғалық-бағдарлық негізде білімнің жетілуіне, білім қорының өсуіне көмегін тигізетіні анық.

Көбінесе оқушылардың өмір дағдылары сабақ барысындағы қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады. Оқу қызметі жас баланы саналылық пен ұстамдылыққа баулиды. Сабақта баладның ақыл ойының белсенділігін арттыру, ойын шартына бағыну, ол жігерді жамытады. Ондай ойындар тез айланатын матемаикалық жарыс, ауызша есептер шығарту барысында, жапқырлық ойындар ұйымдастыру және ойын мақсатын түсіну, оны шешу арқылы ақыл ойында жағымды сезім қалыптастырылады.

Математикадан пайаланылатын логикалық ойды дамытуға арналған жаттығулар оқушының күнделікті өмірмен тығыз байланысты, қоршаған ортадан алынуы нәтижелі болады.

Сонымен бірге сабақ барысында оқушының жеке бас қасиеттері дамып және оны біртіндеп қалыптасатыны байқалады.

В. А. Крутецкийдің ойынша: математика сабақтарында оқушылардың жеке бас қасиеттеріде дамиды. Математиканы оқып-үйренуге абсолютты қабілиетсіздік, өзіндік бір “Математикалық соқырлық” деген жоқ. Техникалық жұрғыдан алғанда әрбір қалыпты, дені сау оқушы оқу дұрыс жолға қойыған жағдайда математика курсын азды-көпті игере алады.

Математика сабағында оқушылар – сандарды оқу, жазуды, арифметикалық амалдар, олардың қасиеттерін, геометриялық фигураларды сызуды, ауданын олшеуді, есептерді шығатуды үйренеді.

Математика сабағында мұғалім тақырыптарды қаншама терең түсіндіргенімен үлгермейтін оқушылар кездеседі. Бұл оқушылардың бірі көбейтуді білмесе, бірі санауды және жазуды білмейді. Бұл математика сабақтарындағы оқушылардың үлгермеуші себептері әр түрлі болады. Мәселен айтатын болсақ:



  • оқушының математика сабағына қызықпауы

  • мұғалімнің дөрекілігі немесе шыдамсыздығы

  • ата-ананың балаға көңіл бөлмеуі

  • ұжымның әсері

  • зейннің тұрақсыздығы

  • оқулықтың жоқтығы немесе жетіспеушілігі және т.б.

Негізінен оқушылардың сабақ үлгермеіне мұғалім кінәлы болады. Әр бір мұғалім алдымен баланы шексіз сүйе білу керек.

Абай атамыз айтқаныдай “Ұстаз – шәкіртке күн сәулесіндей шапағат нұрын себе білсе, оқушы гүлге ұмтылған көбелектердей жаңа тақырыпқа жан дүниесімен беріліп, еніп кетеді, яғни адам көңілі шын мейірленсе, білім ғылымның өзі де мейірленеді”.

Мұғалім әр қашанда өзін-өзі әрбиелеп отыруы қажет. Мұғалім мынандай қасиеттерді өз бойына сіңіруі қажет: шыдамдылық, сабырлық, төзімділік, адамгершілік, ұстамдылық, білімділік.

Мұғалім үлгермеушіліктің алғашқы белгілерін байқаған кезден бастап, оның себептерін анықтап, үлгермеушіліктің алдын алуға кірісуі қажет.

Математика пәні – көрнекілікті көбірек қолдаңғанды қажет етеді.

Күнделікті қарапайым сабақтың өзіде оқушыларды жалықтырып, оқуға деген қызығуын төмендетуі мүмкін. Бұл кезде мұғалімнің шеберлігі қажет. Мұғалім сабақты түрлендіріп отыруы, ойын элементтерін көбірек қолдануы қажет. Ойын баланың барлық маңызды ақыл ой әрекеті, онда баланың барлық қабілеттерінің дамуына, ойында айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, құрбыларымен жақындасуына көмектеседі.

А. С. Макаренконың айтуынша, ойында баланың физикалық, психологиялық қасиеттерінің сапаларыда өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай-ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойынның түрлері өте көп: ойын-сабақ, ойын-жаттығулар, сергіту ойындары. Бұл дидактикалық мақсаттарды ойындар оқушылардың жан жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Тіл сабақтарында зейінін, ойлауын байланыстыра сөһйлеуін дамытуда сөздік ойындардың маңызы зор.

Ал математика сабақтардағы ойындардың негізгі міндеті есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта қазіргі уақытта қолданып жүрген ойындар бар. Мысалы: “Қара белгі”, “Сиқырлы карта”, “16-дан бастаймыз”, “Цифрлар жарылысы”, “Көбейту тауы”.

Көп таңбалы санның құрамын өткенде оқуға, жазуға тәсілдіру үшін “Сиқырлы карта”, “Аздан көпке қарай” ойындарында бала сыныпты разрядтарды жақсы есте сақтайды.

Аса ірі ойшылардың айтқанындай: “Адамды адам еткен еңбек”, әңбек үстінде адамның көптеген техникалық ерекшелігі дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдар мен жарыққа шығады. Мысалы: үлкендер, өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейіңгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет.

Жаңа қоғам – мұғалім білімін тереңдетіп, жаңартып отыруды қажет етеді.

қазіргі таңда дамыта оқыту технологиялары мектептерде кеңінен қолданылуда. Дамыта оқыту технологиялардың негізгі мақсаты баланың ойын жан-жақты дамыту, мапшандыққа, тапқырлыққа, еркін ойлай алуға, сөз байлығын дамыту, жаңа қоғамға жаңаша жан-жақты білімді оқушы тәрбиелер.

Дамыта оқыту технологиялары бір нешеге бөлінеді: “Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары”, “Ақыл – ой одиссеясы”, “Дидактикалық бірліктерді ірілендіру математикалық білім технологиясы” және т.б.

Мұғалім әр сабақ барысында осы технологиялардың элементтерін қолданып отырса оқушылар сабаққа қызыға қатысады.

Дамыта оқыту технологиялардың әр бір элементі әр түрлі мақсатты көздейді. Ал технологиялардың жалпы мақсаты оқушыны жан-жақты дамыту. Бастауыш сыныптарда математика пәні негізгі пәндердің біріне жатады. Математика сабағында үлгермеуші оқушылар көп кездеседі. Олардың себептері әр түрлі.

Әр бір мұғалім сабақ бастамас бұрын өзінің сабаққа дайындығын тексеру керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет